құзыреттілігі оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдері мен технологияларын меңгеру,
педагогикалық шеберлік элементтерін меңгеру ретінде қарастырылады және мұғалімнің
жаңашылдықты іздеуі және енгізуі, қайта құруы және кәсіби-тұлғалық тәжірибесін
дамытуы негізінде кәсіби дамудың қозғаушы күші болып табылады. Осыған орай
тұрақты мониторинг негізінде, педагогтердің әдістемелік қиындықтары мен
қажеттіліктерін анықтау арқылы өзін-өзі лайықты бағалау негізінде нақты педагогикалық
мәнмәтінде қажетті және сұранысқа ие әдістемелік құзіреттілікті дамыту жүзеге
асырылатын педагогтердің әдістемелік құзіреттілігін дамыту сапасын басқару міндеті ең
өзекті және бірінші кезектегі міндет болып табылады. Бұл процесті мектептегі әдістемелік
менеджмент деп атауға болады, өйткені мектептің әдістемелік жүйесін басқарудың тиімді
инновациялық әдіс-тәсілдері мен нысандары негізінде мұғалімдердің инновациялық
кәсіби дамуын, сонымен қатар жалпы білім беру процесінің сапасын арттыруды жүзеге
асыруға болады.
2018 жылғы TALIS зерттеу есебінде «мектептегі білім сапасы оның мұғалімдерінің
сапасынан жоғары болуы мүмкін емес» деп тұжырымдалған, яғни бірінші кезектегі міндет
мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру болып табылады. Бұл тұжырым әсіресе мектептегі
білім беруді жаппай реформалауды енгізу кезеңінде өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан
алғанда, барлық мүдделі тараптар мен ресурстарды тарту негізінде мектепте әдістемелік
жұмыстың барабар жүйесінің құрылуы және қызмет атқаруы маңызды болып табылады.
Жетекші ғалымдар мен практик мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта мұғалімдердің
кәсіби дамуының басым бөлігі мұғалімдердің кәсіби проблемаларын айқындайтын және
жаңа тәжірибелерді қолданысқа енгізетін көшбасшы мұғалімдер өткізетін мектепішілік
кәсіби даму болып табылады (TALIS 2018).
5
Мектеп басшылары мен жетекші мұғалімдер жүзеге асыратын мұғалімдерге
әдістемелік қолдау бағыттарын қарастырмас бұрын, даму режимі бар мектептердегі
әдістемелік жұмыс жүйесінің сипаттамалық ерекшеліктеріне тоқталайық.
Даму тәртібінде қызмет атқаратын мектептерде педагогикалық инновацияларды
енгізу тұрақты түрде жүзеге асырылады, сондықтан әдістемелік жұмыстың мазмұнуда.
Мұғалімдер қосымша және бейінді білім беру бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу мен
апробациялауға, тәрбие жұмысы жүйесін дамытуға, оқу-әдістемелік құралдар мен
дидактикалық ресурстарды дайындау мен басып шығаруға қатыса отырып, ғылыми-
әдістемелік қызмет шеңберінде мақсатты түрде ұйымдастырылатын инновациялық
процеске тартылады. Бұл жағдайда мектеп басшылары мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік
жұмысының сапасын басқарудың жаңа, жетілдірілген жүйесін жобалау негізінде ғылыми-
әдістемелік жұмысты басқарудың тиімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс жүргізеді.
Педагогикалық менеджменттің қазіргі теориясы мен тәжірибесінде әдістемелік
қызмет пен әдістемелік жұмысты басқарудың немесе әдістемелік менеджменттің өзара
байланысты үш деңгейі қарастырылады (1-кесте):
1) басқару-әдістемелік;
2) оқу-әдістемелік;
3) ғылыми-әдістемелік (Т.И. Шамова, 1991; М.М. Поташник, 2001)
Достарыңызбен бөлісу: |