Педагогикалық менеджмент – бұл педагогикалық жүйелерді басқарудың
принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық әдістерінің
жиынтығы, олардың жұмыс істеуі мен дамуының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Педагогикалық мониторинг – бұл білім беру жүйесіндегі жағдай мен
тенденциялар туралы ақпаратты жобалау және түзету үшін жинау, сақтау, жүйелеу,
жалпылау және пайдалану бойынша білім беру мекемелері мұғалімдерінің қызметік
жүйесі.
Рефлексиялаушы практик (мұғалім) – өзінің оқыту және оқу тәжірибесін
дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог.
Сабақты зерттеу (Lesson Study) – мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді
жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-
ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту,
қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттауды
бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-дің циклін өткізген
соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық
Lesson Study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Қазіргі кезде оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылардың бастауыш және орта мектептегі
негізгі пәндер бойынша білім деңгейін арттыру, сондай-ақ тұжырымды педагогикалық
тәсілдерді жасау мақсатында Жапониямен қатар Сингапур, Гонконг, Қытай, АҚШ,
Ұлыбритания, Швеция және Канадада ойдағыдай қолданылады.
69
Сыншы дос – кәсіби сенімді қарым-қатынас орнаған, тәжірибеңізге сыни талдау
жасау және сындарлы кері байланыс ұсыну арқылы оқыту мен оқу тәжірибеңізді
жетілдіруге көмектесетін әріптес, коуч, тәлімгер.
Тайм-менеджмент – арнайы жаттығуды, жұмыстың нақты түрлеріне жұмсалатын
уақытты саналы бақылауды көздейтін, уақытты ұйымдастыру және оны пайдалану
тиімділігін арттыру технологиясы. Бұл жағдайда жұмыстың тиімділігі мен өнімділігі
артады. Тайм-менеджмент жұмсалатын уақытты жоспарлауды, бөлуді, мақсат қоюды,
жұмсалған уақытты талдап, мониторингін жүргізуді, ұйымдастыруды, басымдықтардың
тізімін жасап, оларды басымдығына қарай орналастыруды көздейді.
Тәлім алушы – тәлімгердің қамқорлығындағы тұлға.
Тәлімгер – өз еркімен жүйелі түрде ұзақ уақыт бойы өзінің білімі мен тәжірибесін
тәжірибесі аздау субъектімен – тәлім алушымен бөлісуге дайын жетекші, мұғалім,
басшы. Бұның нәтижесінде тәліп өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, еңбек жолында
айтулы өзгерістерге қол жеткізу мақсатында проблемаларды шешу жолдарын іздейді.
Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын,
тәлімгер мен
тәліп арасында сенімді, жеке
тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасуы
мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде
айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен
байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға
бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді.