Қалыпты ЭКГ-да P, Q, R, S, T – тісшелері болады.
P – тісшесі жүрекшелер биопотенциалын ұзақтығы бейнелейді ұзақтығы 0,06 - 0,1 секунд,
биіктігі 0,05 – 2,5 мм
РQ – аралығы жүрекшелердің қозу бастамасынан жүрек қарыншаларының қозуына
дейінгі арадағы уақытты қамтиды. Ұзақтығы 0,12 – 020 сек
Q – тісшесі, қарынша аралық перденің биопотенциалын бейнелейді.
Ұзақтығы 0,03 секунд
R – тісшесі қарыншалардың субэндокардиалды зонасына, жүрек ұшына және эпикардқа
қарай тарауын бейнелейді. Биіктігі – 5 – 20 мм
S – тісшесі – сол қарынша түбіне қарай тарауын көрсетеді.
Ұзақтығы – 0,03 секунд
QRS – комплексі жүрек қарыншаларының электр тоғымен толық қозған кезін бейнелейді.
Ұзақтығы 0,06 – 01 секунд
ST – жүректің толық деполяризация кезін бейнелейді. Ұзақтығы 00,15
секунд
T – тісшесі реполяризация процесіне сәйкес келеді.
Ұзақтығы 0,05 – 0,25 секунд. Биіктігі – 2 – 7 мм
QRST – комплексі жүректің электр систоласы деп аталады және жүрек соғу жиілігіне
тәуелді. Тахикардия кезінде қысқарады, брадикардия кезінде ұзарады. Патологиялық
жағдайда ЭКГ-да өзгерістер пайда болады. Мысалы: жүрек гипертрофиясында (сол жақ,
оң жақ гипертрофиясында) жүректің ишемия ауруында(стенокардия,миокард инфарктісі)
жүрек аритмиясында т.б.
Кеуделік электродты келесі 6 нүктеде орналастыру қабылданған:
V1 – төстің оң жағындағы төртінші қабырға аралық;
V2 – түстің сол жағындағы қабырға аралық;
V3 – V2 және V4 аралықтың ортасында;
V4 – бұғана тәрізді сүйектің орта сызығының сол жағындағы бесінші қабырғааралық;;
V5 – аксилярлы сызықтың алдыңғы жағы;
V6 – ортаңғы аксилярлы сызықта.
Эйтховен үшбұрышы:
Достарыңызбен бөлісу: