№9 обөЖ сабағына арналған таратпа материал


 Қан қысымының мәнін анықтайтын факторлар



Pdf көрінісі
бет16/34
Дата31.12.2021
өлшемі3,06 Mb.
#22582
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
Байланысты:
3РК

 

13. Қан қысымының мәнін анықтайтын факторлар. 

Қан қысымы көптеген факторларға байланысты: күннің уақыты, адамның психологиялық 

жағдайы (стресс кезінде қысым көтеріледі), әртүрлі стимуляторларды (кофе, шай, 

амфетаминдер) немесе қысымды арттыратын немесе төмендететін дәрі-дәрмектерді 

қабылдау. 

Қан қысымының артуы (артериялық гипертензия) - көбінесе адамның жасы ұлғайған 

сайын пайда болатын дерт. Өйткені ағзадағы кез келген аурулар тамырға қатты әсер етеді. 

Қан қысымы көтерілгенде, ұсақ тамырға қанның өту процесі қиындайды. Адамда қан 

қысымының көтерілуіне не себеп болатынына келсек, жағымсыз және ұзаққа созылған 

көңіл күй күйзелістері көбірек әсер етеді. 

Сонымен қатар бас, ми жарақаты, жасқа байланысты туындайтын эндокриндік өзгерістер 

(климактериялық кезең), ас тұзын көп қолдану қан қысымын туындатады. Ал бейімделуші 

факторларға келетін болсақ, тұқым қуалау бейімділігі, жүйке және ішкі бөліп шығару 

бездеріні бұзылуы, семіздік, шылым шегу, ішімдік, айқай-шу,вибрация, созылмалы бүйрек 

аурулары да бұл дертке шектен тыс әсер етеді. Ал қалыпты жағдайда жас ерекшелігіне 

қарай, қан қысымы сынап бағанасы бойынша 130/90 мм болуы керек. Өте сирек жағдайда, 

яғни он адамның біреуінде қан тамыры қысымының жоғарылауы бір мүшесінің 

зақымдануынан туындайды. Мұны қан қысымының қайталануы деп түсінген жөн. Алайда 

көптеген жағдайда сырқаттардың 90 пайызы мөлшерінде қан қысымы бірінші рет 

басталады, оны эссенциялдық (мәнді) қан қысымының жоғарылауы 

деп айтады. Қан қысымы жоғарылауының себебі медицинада толық анықталмаған. 

Сондықтан емделмеген адамның өміріне қауіп төнеді. Қан қысымы асқынуының жиі 

кездесетін басты себептері - ми, жүрек және бүйрек сияқты өмірлік маңызды мүшелердің 

зақымдануы көбірек әсер етеді. Адамда қан қысымының қалыпты көрсеткіші тонометр 

бойынша 120/80 болады. Егер тонометр тілі 140/90, 150/100, 160/110, 170/120, 180/130 

көрсететін болса, бұлар қан қысымы көтерілуінің екінші 

және үшінші сатысы болып табылады. Әсіресе, үшінші сатысы - науқас үшін өте қауіпті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет