271
беруді қажет ететін балаларымыздың жыл сайынғы санының арта түсуі. Бұл жас ұрпақтың
ішінде қарапайым балалар да, даму мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Ендеше бұл балаларды
бөлмей, бәріне бір көзқараспен қарап, олардың болашағына жол
ашуға көмектесу біздің, яғни
алдымен қоғамның, одан соң ұстаздардың міндеті. Әрине бұны жеңіл деп айта алмаймын.
Бірақ бір сәт даму мүмкіндігі шектеулі балалардың орнында болып көрейікші, бізге қандай
ауыр болса, оларға бізден аса ауыр. Сондықтан, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың,
мүгедек балардың толық көлемде өмір сүруі үшін біздің еңбектенуіміз керек.
Инклюзивті білім – кез келген баланың түрлі қажеттілігіне бейімделген жалпы білім
беруді дамыту процесі. Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар туралы заң 2002 жылы
қабылданды. Ол әлеуметтiк, медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың
нысандары мен әдiстерiн айқындайды, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетудiң тиiмдi
жүйесiн жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсiби даярлау iсiмен байланысты
проблемаларды шешуге, балалар мүгедектiгiнiң алдын алуға бағытталған. Сондай-ақ, еліміз
2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясына қол қойып, барлық
мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Соған сай, соңғы жылдары
мемлекетіміз ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүйелі жұмыс жасауды қолға
алып отыр. Осы орайда ең өзекті мәселе – инклюзивтік білім беру. Инклюзивтік білім
мүмкіндігі шектеулі балаға өзінің құқықтарын іске асыруға мүмкіндік береді. Бүгінде
инклюзивті білім беру – бүкіл әлемде өзекті мәселелердің бірі. Себебі ерекше білім беруді
қажет ететін балалардың саны жыл сайын артуда. Қазақстан да мұны назардан тыс қалдырған
жоқ. Мемлекетіміз балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте анықтау және оларға ерте
оңалту шараларын жүргізуді алға тартып отыр. Инклюзивті білім беру системасын дамыта
отырып, біз инклюзивтік қоғам, яғни әрбір адам үшін қоғамды дамытуға жол ашамыз. Көшеде
өзінің жасындағы балалармен ойнап жүрген мектепке дейінгі жастағы балаға жақын жердегі
мектепке емес, ерекше жағдайдағы мектепке баратыны жөнінде қалай түсіндіруге болады. ал
осы орайда, инклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балаларға балабақша, мектеп, институт,
мектепке дейінгі және мектеп өміріне толық көлемде қатысуына мүмкіндік береді, яғни өзге
оқушылармен бірге тең құқылыққа ынтыландыру қорына ие.
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
Қоғамның көз –қарасын өзгерту
Жолдастарымен тіл табыса білуге үйрету
Толық
білім алуды ұйымдастыру
Қоршаған ортаға бейімдеу
Дені сау балалармен тең ұстау
Өз-өзіне сенімін арттыру
Ал енді осы аталған іс-әрекеттерді жүзеге асу жолдарынатоқталып өтетін болсам:
Коррекционды
сыныптар
Техникалық құралдар мен жабдықтар
Педагогикалық- психологиялық консилиум
Дефектолог
жұмысы
Логопед жұмысы
Педагогикалық-психологиялық коррекциалық кабинет
Инклюзивті білім беру пайдасын белгілететін фактілер, ол аталған бағытта білім беруде
жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері тарапынан мына бір жайттар ескерілуі тиіс:
Сабақ үстінде берілген тапсырманы түсіндіртуге
Оқушылардың селқостығына
Сабақ үстінде сыныпта тыныштықты орнату барысында қаталдық танытуға
Жаттығулармен, соның ішінде қатемен жұмыс, оқу дәптерлерімен жұмыс жасау және
басқа да «отыратын жұмыстар» жасатуға
Бір мезгілде жаңа материалды үлкен мөлшерде түсіндіруге
Бағалауға байланысты стрессқа
272
Оқушыларды «қабілеттілік пен мүмкіндіктеріне» байланысты
топқа бөлуге
Ынталандырушы әдістемесін жиі қолдануға
Стандарттық тестілеуге жол бермеу қажет.
Өз тәжірибемде әртүрлі сыныптарда оқитын мүмкіндігі шектеулі бірнеше балалармен
жұмыстанып көрдім. бастапқы кезде, әрине аздаған қиындықтар кездесті, өйткені ол балаларға
сабақ барысында аранаылап уақыт арнап, көңіл бөлу қажет болғандықтан. Кейін, сол ерекше
білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін арнайы бағдарламалар құрылып, сол
бағдарламалар бойынша толыққанды жұмыстар жасалды. Осы орайда, ол балалардың
бойында өзге оқушыларда жоқ қабілеттердің болатынына көзім жетті.
Барлық бала тең дәрежеде және өз мүмкіндігінше білім алуы тиіс.Инклюзивті білім беру
даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қоршаған орта мен жалпы қоғам алдында тең құқылы
болуға қолдау көрсетеді. Мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай,
бала өмірінде тәрбие
берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік –
тұрмыстық өмірге бейімделуін толық қалыптастырып, қоғам өміріне толыққанды енуіне
мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруымыз керек.
Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай
жасалуы тиіс. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек емес, ол балаларға
адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құщтарлық, қоршаған ортаны сүю, адамдарға
өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап, тіл табыса алуға үйретуіміз қажет. Басқа дені сау
балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз
қажет. Ал осы жағдайларды басты назарға алып, түзету көмегін беретін дефектолог-мұғалім
жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне нұсқаушы болуы керек. Инклюзивті білім беру
барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы.
Сондықтан да мұғалім мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыптасуына, өз бетімен өмір
сүруіне бағыт – бағдар беруі тиіс.
Алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойының, қиялы мен
зейінінің тұрақтылығын анықтау қажет. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге, мәдени
тәртіп ережелерін үйреніп, әртүрлі әрекетке икемділігін қалыптастыру маңызды болып
саналады. Әрбір педагог, ата-ана, жалпы адамдар даму мүмкіндігі шектеулі балаларға
көмектесіп,олардың өмірде өз орнын табуына жағдай жасауы керек. Бұл балалар үшін білім
мазмұнын дидактикалық ойындар, түрлі көрнекі құралдар арқылы қалыптастыру өте маңызды
болып саналады.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің,
тәрбиенің негізін қалыптастыратын да ойын әрекеті болып саналады. Қай ғалымды алмайық
өздерінің ойын туралы еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама
береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады,
баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен ұйымдастырылған ойын түрлері, балалардың
сөйлеу тілінің қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Қорыта айтқанда жас нәрестенің дені сау
болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін тәрбиелі,
дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: