Қазақтың сүйікті ақыны Мұхтар Шаханов ағамыздың өлеңі түсіне білген әйел адам үшін үлкен
ғибрат. Өлеңде нағыз ерге тән кейбір қасиеттер тілге тиек етіледі.
45
Жадап-жүдеп жүргенімді,
Мұңға батқан түндерімді,
Сездірме сен өзгеге.
Және өзің де айта көрме:
– Саған ауыр болды, – деп,
– Нала-мұңнан арқаң жауыр болды, – деп.
Өйтіп менің намысымнан аттама,
Жазғыр мейлің,
Табалай бер, көтерем
Мүсіркеушім бола көрме тек қана.
...Біздің тауда қанатына қаңғырған бір оқ тиіп,
Ата қыран ұясында тартып жатты көп күйік.
Кей кездері ызадан жарылардай
Дөңбекшіді ол қорлыққа бағына алмай.
Бала қыран күндікке тауды кезіп,
Жем тасыды ұяға жаны қалмай
Ата қыран перзентінің қамқорлығын құп алып
Шүкіршілік етті іштей қуанып.
Ол ойлады: «Ұзақ қайғы бола қоймас бұл аса,
Құлан-таза сауығамын, тағы екі-үш ай шыдасам».
Бірақ бір күн бала қыран оған былай тіл қатты:
«Баға жетпес асылымсың, ардағымсың, қымбатты.
Әбден қажып сорладың-ау, жүдедің-ау тым қатты.
Есіме алсам баяғы шат күндеріңді еңселі,
Жаным жылап аяп кетем, аяп кетем мен сені!»
– Тоқтат! – деді ата қыран қалш-қалш етіп долданып,
– Бекер жатқан екенмін ғой, ұлым бар деп малданып.
Көкірегін бір алапат ыза буып алды да,
Ұясының аузына әрең жүріп барды да,
Жан шошытар жалтыр құздан құлап өлді табанда.
Қалқам! Ерлік даңқы қанат жайған мына ұлы заманда
Мүсіркеу сөз есітуден өлім жеңіл маған да!
Отбасы бақытына жетелейтін жолдар
Әркім өз өмірін бақытты ету жолдарын және оған не нәрсе кедергі боп жатқанын жақсы біледі.
Біздің ең басты кемшілігіміз – білгенді жүзеге асыра алмауда.
Дейл Карнеги
Достарыңызбен бөлісу: