Жануар физол


 Тірі ұлпалардың биологиялық қасиеттері. Қозу процесінің даму



Pdf көрінісі
бет342/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

14.2. Тірі ұлпалардың биологиялық қасиеттері. Қозу процесінің даму 

сатылары 


 

450


 

Барлық 


тірі 

құрылымдарға 

тітіркенгіштік, 

қозғыштық 

жəне 

құбылмалылық (лабильділік) қасиеттері тəн. 



Тітіркенгіштік  деп  тірі  құрылымдардың  тітіркендіруге  өзіндік 

сипатсыз, жалпылама реакциялармен - зат жəне энергия алмасу процесінің 

өзгеруімен,  беретін  жауабы.  Бұл  реакцияларға  шектелген  сипат  тəн,  олар 

тірі  құрылымның  белгілі  бір  учаскесінде  шоғырланады,  басқа  учаскелерге 

таралмайды. 

Тітіркенгіштік  қасиет  жануарлар  торшаларына  да,  өсімдіктер 

торшаларына  да  тəн  қасиет.  Оның  əсерімен  торшалармен  ұлпалардың  өсу 

жəне  көбею  процестері  атқарылады.  Тітіркенгіштік  қасиет  арқасында  тірі 

құрылымдардың  қоршаған  орта  жағдайларына  баяу  морфологиялық 

бейімделу процесі жүреді. 

Жануарлар  ұлпасына  тітіркенгіштік  қасиетпен  қатар  қозғыштық  тəн. 

Қозғыштық  деп  тірі  құрылымдардың  тітіркендіруге  арнаулы  өзіндік 

реакциямен, таралатын əрекет потенциалымен (тітіркеніспен) жауап беруін 

айтады. 

 

152-сурет. Жүйке талшығындағы əрекет  

потенциалы (А) жəне қозғыштықтың 

 өзгеру сатылары (Б): 

1   – шектелген үйексіздену потенциалы; 

2 – потенциал шыңы; 3 – іздік үйексіздену;  

4 – іздік гиперүйексіздену; 5 – қозғыштық 

тың орнықты жоғарылауы; б – абсолюттік  

рефрактерлік; 7 – салыстырмалы рефрактерлік; 

 8 – экзальтация  сатысы; 9 – субнормалы 

 саты; а – тыныштық тогы; 6 –қозғыштықтың  

бастапқы деңгейі  (Л.Морган схемасы). 

 

Қозу  процесі  шектелген  (таралмайтын)  жəне  шектелмеген  (таралатын) 



болып екіге бөлінеді. 

Шектелген  қозу  түрін  алғаш  рет  Н.Е.Введенский  ашқан.  Қозудың  бұл 

түрі тітіркендіргіш күші табалдырықтан төмен болған жағдайда туындайды. 

Мұндай жағдайда ұлпаның қозған учаскесінде əлсіз ғана теріс электр заряды 

пайда  болады  да,  ол  жан-жағына  декреметті  түрде  (өше)  жайылады. 

Сондықтан  бұл  потенциал  ұлпа  бойымен  таралмай,  бірнеше  миллиметр 

аралықта өшіп қалады. 

Тітіркендіргіш күші табалдырықтан жоғары болған жағдайда əрекет тогы 

пайда  болып,  қозу  толқыны  декрементсіз  (өшпей)  ұлпа  бойымен,  жеке 

импульстер (тітіркеністер) түрінде таралады, шектелмеген қозу туындайды. 

 



 

451


Ұлпаларда пайда болатын қозу процесі тұтасқан, толассыз құбылыс емес, 

ол  үздік-үздік,  белгілі  бір  ырғақпен  пайда  болатын  процесс.  Оның  себебі, 

қозудың  пайда  болып,  дамуы  кезінде  ұлпалардың  қозғыштық  қасиетінде 

сатылы  өзгерістер  байқалады.  Ұлпада  үйексіздену  (деполяризация)  процесі 

жүріп, шектелген, таралмайтын қозу процесі пайда болған кезде аз уақытқа 

қозғыштық жоғарылайды (152-сурет, 1,5). Шектелген қозу таралатын қозуға 

айналғанда,  натрий  иондары  торша  ішіне  ығысады  да,  əрекет 

потенциалының  шыңы  байқалып,  ұлпаның  қозғыштығы  күрт  төмендейді 

(152-сурет, 2,6). Бұл кезде ұлпалардың тітіркендіруге сезімталдығы уақытша 

жоғалады  (абсолюттік  рефрактерлік  құбылысы),  олар  тітіркендіруге  жауап 

бермейді  (латын  тілінен  аударғанда  геfrаcta  деген  сөз  -  қабылдамау  деген 

мағына  береді).  Абсолюттік  рефрактерлік  кезең  əрекет  потенциалы 

шыңының  өрлеу  тұсымен  сəйкес  келеді.  Ол  жылы  қанды  жануарлардың 

миелинді  жүйке  талшықтарында  0,5–1  мс,  бұлшық  етте  2,5–3  мс,  ал  жүрек 

еттерінде  300–400  мс  уақытқа  созылады.  Абсолюттік  рефрактерлік 

сатысында  күрделі  биохимиялық  процестер  жүріп,  қозуды  тудыруға  қажет 

энергия бөлінеді. 

Абсолюттік  рефрактерліктен  кейін  ұлпалардың  қозғыштығы  біртіндеп 

бастапқы  қалыпына  оралады.  Қозғыштықтың  төмендеген  осы  кезеңін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   338   339   340   341   342   343   344   345   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет