452
қалпына оралады. Зат алмасу процесі үшін қолайсыз жағдайлар туындаса,
қалыптастыру процестері баяулап, салыстырмалы рефрактерлік мерзімі
ұзарады. Дегенмен, қозғыштықтың төменгі деңгейде сақталуымен
байланысты, салыстырмалы рефрактерлік жағдайында қозу процесін тудыру
үшін тітіркендіргіш күші зор болу керек.
Экзальтация
сатысында
торшаларда
қалыптастыру
процестері
толығымен аяқталады. Іздік үйексіздену шегіне жақындап, торшаның
қозғыштығы жоғарылайды (үйексіздену деп мембраналық потенциал
деңгейінің төмендеуін атайды). Осы кезде торшаға ықпал еткен
тітіркендіргіштің əсері күшейеді, сондықтан күші табалдырықтан төмен
тітіркендіргіштің өзі табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштей əсер етеді.
Экзальтация сатысында ұлпаларда келесі қозу тітіркенісінің пайда болуына
қолайлы жағдай қалыптасады, ұлпа қайта қозуға дайын күйге оралады.
Экзальтация сатысы қозғыш ұлпалардың ырғақты əрекет атқаруында
маңызды физиологиялық рөл атқарады. Егер тітіркендіргіш əсерінің ырғағы
экзальтация сатысымен сəйкес келіп отырса, онда ұлпалар қызметі күшейіп,
олар тиімді əрекет етеді.
Субнормалы кезең іздік гиперүйексіздену (мембраналық потенциал
деңгейінің жоғарылауы) өршіген кезде қалыпталады. Бұл мерзімде
тыныштық потенциалы жоғарылайтындықтан үйексіздену процесін қажетті
шекке жеткізіп, қозу тудыру үшін күшті тітіркендіргіш қолдану керек.
Қозғыш ұлпаларға қозғыштықпен қатар функционалды құбылмалық
(лабильділік) қасиеті тəн. Оны 1892 жылы əртүрлі ырғақты тітіркендірудің
жүйке-ет препаратына əсерін зерттеу үстінде орыс ғалымы Н.Е.Введенский
ашқан.
Ұлпаның физиологиялық күйіне, тітіркендіру жиілігіне жəне күшіне
байланысты қозу тітіркенісінің жиілігі көп шекте ауытқып отырады. Əрбір
ұлпада дара қозу тітіркенісі белгілі мерзімге созылады. Осымен байланысты
Н.Е.Введенский лабильділікті ұлпада жеке қозу тітіркенісінің пайда болып
жəне өшіп үлгеретін уақытын сипаттайтын қасиет деп санаған. Лабильділік,
немесе функционалды құбылмалылық деп ұлпада дара қозу тітіркенісінің
пайда болып жəне өшіп үлгеру шапшандығын айтады. Қозу толқынының
ұзақтығы абсолюттік рефрактерліктің ұзақтығымен анықталады жəне ол
ұлпадағы биохимиялық жəне физиологиялық процестердің шапшандығын
бейнелейді. Сондықтан жеке қозу толқынын құрайтын процестер неғұрлым
жіті жүрсе, соғұрлым құбылмалылық жоғары, демек ұлпада белгілі бір
мерзім ішінде туындайтын қозу толқыны көбірек болады. Ұлпа
құбылмалылығын құбылмалылық бірлігі деп аталған өлшеммен өлшейді.
Құбылмалылық (лабильділік) бірлігі деп 1 с ішінде тітіркендірулерге
жауап ретінде ұлпада пайда болып үлгеретін тітіркеністің ең көп шамасын
айтады. Жоғары құбылмалылық миелінді тұлғалық жүйкелерге, ал төменгі
құбылмалылық - миелинсіз вегетативтік жүйкелерге тəн. Тұлғалық
453
жүйкелерде 1 с ішінде 500 тітіркеніс, пайда болып үлгерсе, вегетативтік
жүйкеде - 200 ғана импульс туындайды. Қаңқа еттерінің құбылмалылығы
бірыңғай салалы етпен салыстырғанда жоғары. Мысалы, қаңқа еттерінде
секундына 200 импульс туындай алатын болса, бірыңғай салалы еттерде бұл
көрсеткіш 10 есе кем. Организмнің өсіп-дамитын кезеңдерінде
құбылмалылық жоғарылайды, қартая келе - төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: