Жануар физол


 Адам қаны топтарының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет46/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

9. Адам қаны топтарының сипаттамасы 

 

Қан сарысуының агглютининдік 

сипаты 

Эритроциттердің агглютиногендік 

сипаты 

І(0) 


ІІ(А) 

ІІІ(В) 


ІV(АВ) 

І     


αααα

 жəне 


ββββ

 

ІІ    



ββββ

 

ІІІ   



αααα

 

ІV   0 













  

Ескерту: «+ң белгісімен агглютинация   процесі жүретін,   ал «- ң  белгісімен 

– агглютинация жүрмейтін жағдайлар көрсетілген. 

 

Агглютинация процесі агглютиноген А мен агглютинин 



α

, аглютиноген В 

мен  агглютинин 

β

  кездессе  ғана  жүреді.  Демек,  І-  топты  басқа  топтардың 



барлығына құюға болады. ІІ топты – ІІ жəне ІV топқа, І І І- топты -ІІІ жəне 

ІV-  топқа,  ал  ІV-  топты  тек  ІV  топқа  ғана  құюға  болады  (12-сурет).  Қан 

берушіні – донор (берермен), ал қабылдаушыны – реципиент (аларман) деп 

атайды.  Осы  тұрғыдан  І-топты  əмбебап  донор,  ал  ІV-  топты  -  əмбебап 



реципиент деп атайды. 

Қан тобының үйлесімдігін айыру үшін донор қанындағы агглютиногеннің 

сипатына көңіл  бөлінеді де, ондағы  агглютининдерге  мəн бермейді.  Себебі, 

Оттенберг ережесі бойынша реципиенттің қан айналым жүйесінде тек донор 

эритроциттері ғана желімденеді.  

Қан  сарысуының  қасиеттерін  зерттеу  нəтижесінде  1940  жылы  К. 

Ландштейнер  мен  Винер  эритроциттерде  А  мен  В-дан  басқа  тағы  да  бір 

агглютиногеннің  болатынын  анықтады.  Бұл  агглютиноген  алғаш  рет 



Macacus  resus  маймылының  қанында  табылғандықтан  резус  фактор  деп 

аталып, Rh деп белгіленген. Кейінірек бұл аглютиногеннің адам қанында да 

болатыны анықталды. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайызының қанында 



 

68

резус  фактор  болатын  көрінеді  де,  15  пайызында  ол  болмайды  екен. 



Сонымен, осы агглютиногеннің болу не болмауына қарай адамдар оң (Rh+) 

жəне  теріс  (Rh-)  резус  факторлы  болып  бөлінеді.  Теріс  резус  факторлы 

адамдарға  оң  резус  факторлы  қан  құйылса,  реципиент  организімінде 

қорғағыш денелер - антирезус фактор түзіледі. Осындай реципиентке екінші 

рет  оң  резус  факторлы  қан  құйылса,  организмдегі  дайын  антирезус 

фактордың əсерімен эритроциттер жабысып, тіршілігін жояды, қан топтары 

сəйкес келмегенде байқалатын құбылыс - агглютинация жүреді. 

Қан тобы мен резус фактор тұқым қуалайды. Егер ана қаны Rh–ата қаны 

R¿+  болса,  ұрық  R¿+  болуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  ұрық  қанындағы  R¿+ 

фактор  плацента  (жолдас)  арқылы  аналық  қанына  өтіп,  онда  қорғағыш 

денелердің  түзілуіне  əкеліп  соқтырады.  Кейіннен  ана  қанындағы  қорғағыш 

денелер  жолдас  арқылы  қайтадан  ұрыққа  өтіп,  оның  қанындағы 

эритроциттерді  жабыстырады,  бұзады.  Қанда  эритроциттің  бұзылуынан  əр 

түрлі  улы  заттар,  мысалы  билирубин  жиналып,  ұрық  уланады.  Осы  себепті 

ұрық  не  өліп  қалады,  не  өте  ауыр  қан  ауруы  басталады.  Мұндай  аналарға 

қанында  дайын  қорғағыш  денелер  болғандықтан  оң  резус  факторлы  қан 

кұюға болмайды. 

Резус  фактордың  тұқым  қуалау  принципін  генетика  заңдылықтарын 

пайдалана  отырып  түсіндіру  керек.  Қазіргі  кезде  организмде  басым  жəне 

басыңқы  гендердің  болатыны  анықталды.  Басым  ген  болған  жағдайда 

басыңқы  ген  өзін  байқата  алмайды.  Демек,  əр  белгі  екі  түрлі  геннің  ара 

қатынасымен анықталады: оның бірі аталық арқылы келген хромосомада, ал 

екіншісі  -  аналық  арқылы  келген  хромосомада  орналасады.  Əрбір  белгіні 

жəне  оның  ішінде  резус-факторды  анықтайтын  ген  жұптарын  түзуде  əке  де 

шеше де қатысады. Балада əке қанының белгілері болған күннің өзінде оның 

қанының қасиеттерін құрастыратын гендерде ана белгілері де болады. Əрине, 

бұл жағдайдың керісінше де қалыптасуы мүмкін. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет