Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет25/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

 

 

2.6  Шешім қабылдау қызметі 

 

Шешім  қабылдау  қызметі  жетекшінің  бүкіл  іс-әрекетінде 



орталық  буын  болып  табылады  деген  ереже  басқару  тео-

риясында аксиома болып шықты.  

Бұл  қызмет  басқарудың  басқа  қызметтерінен  азырақ  стан-

дарттануымен  және  алгоритмденуімен  ерекшеленгендіктен, 

онда өзіндік субъективті психологиялық факторлардың рөлі зор. 

Бұл  процесті  жеңілдететін  шешім  қабылдаудың  көптеген  ере-

желері,  процедуралары  мен  әдістері  бар,  бірақ  әрбір  жетекші 

мұндағы  субъективтік  және  тіпті  интуитивтік  факторлардың 

рөлі қаншалықты зор екенін өз тәжірибесі бойынша біледі. Ше-

шім  қабылдау  қызметі,  осыған  байланысты  басқару  теория-

сында  да,  психологияда  да зерттеу  тақырыбы болып  табылады, 

осының  нақ  өзі  басқарудың  тек  ғылым  ғана  емес,  өнер  екенін 




61 

 

сезінуге  мәжбүрлейді.  Бұл  қызметтің  мазмұнын  талдау  сон-



дықтан  да  бір-бірінен  ерекшелікте  болатын  және  өзара  тығыз 

байланысқан  екі  –  ұйымдастырушылық  және  психологиялық 

аспектіден тұрады. 

Басқару теориясы ұзақ уақыт бойы жалпы мінез-құлық тиім-

ділігі  және  жеке  алғанда  шешім  қабылдау  негізіне  негізделеді. 

Оның мәні жетекшінің өз мінез-құлқын жағдайдың барлық фак-

торларын  барынша  ескере  отырып,  тұрғызатынынан  және 

шешім  қабылдауынан  көрінеді.  Бұл  басқарудың  қатаң  сұл-

баларының  дамуын,  «фирманың  классикалық  теориясының» 

қалыптасуын  шарттандырды.  Бірақ  адамға  тән  психофизиоло-

гиялық  шектеулер  қатаң  тиімді  мінез-құлық  пен  шешім  қа-

былдауды  мүмкін  болмайтындай  етеді,  ал  мұндағы  барлық 

объективтік  факторларды  ескеру  мүмкін  емес.  Басты  тезисі 

психологиялық  (субъективтік)  ерекшеліктер  –  бұл  мінез-құ-

лықтың  объективті  шектеуші  факторлары  болып  табылатын 

«шектеулі  тиімділік»  тұжырымдамасы  жасалынды.  «Шешім 

қабылдау  мектебі»  туындайды,  фирманың  классикалық  тео-

риясы мінез-құлық теориясымен алмасады. 

Басқару мен шешім қабылдау теорияларында қазіргі уақытта 

екі негізгі – нормативтік және дискриптивтік тәсілдер бар.  

Нормативтік  тәсіл  субъективтік  және  психологиялық  фак-

торлардан  дерексіздене  отырып,  шешім  қабылдаудың  ереже-

лерін,  идеалдық  тәсілдері  мен  «рецептерін»  жасауға  бағыт-

талған. Дискриптивтік тәсіл, керісінше, бұл факторларды негіз-

гілер  ретінде  ескеруді  талап  етеді.  Бірінші  тәсілдің  міндеті  – 

шешім  қалай  қабылданатынын,  екіншісінің міндеті  –  бұл қалай 

нақты  жүзеге  асатынын  зерттеу.  Басқарудың  қазіргі  теориясы 

осы екі тәсілді сәйкестендіреді [38]. 

Шешім қабылдау қызметін ұйымдық талдау келесідей негізгі 

бағыттардан тұрады: 

1)  басқару  іс-әрекетінің  жалпы  құрылымындағы  шешім 

қабылдау  процестерінің  орны  мен  рөлін  анықтау  және  оларды 

басқарудың басқа қызметтермен өзара әсерлесуі

2)  ұйымның осы қызметінің жүзеге асуына әлдеқайда күшті 

әсер  ететін  ішкі  және  сыртқы  орталардың  негізгі  өлшемдерін 

талдау; 



62 

 

3)  басқару  шешімдерін  қабылдауды  жасау  процесінің  нор-



мативтік құрылымын сипаттау және оның кезеңдерін анықтау

4)  басқару  шешімдерінің  негізгі  түрлері  мен  кластарының 

сипаттамалары; 

5)  басқару шешімдеріне қойылатын нормативтік талаптар. 

Шешім  қабылдау  басқару  іс-әрекетінің  жалпы  құрылымын-

дағы  рөлі  жетекшінің  ең  маңызды  басымдығы  ретінде  қарас-

тырылады.  Бұл  қызметті  бәсеңдету  –  басқарудың  жалпы  про-

цесіндегі оның орнын үш жағдаймен анықтау: 

1.  Шешім  қабылдау  қызметі  –  стратегиялық  жоспарлау 

процесінің  маңызды  кезеңі,  ол  стратегиялық  балама  мен  стра-

тегияны  жүзеге  асыру  кезеңдері  арасында  тұрақтанады.  Осы 

кезде  жасалатын  шешімдер  бүкіл  ұйымның  қызмет  етуі  үшін 

үлкен мәнге ие. 

2.  Ол басқарудың басқа қызметтерін жүзеге асырудың өзін-

дік  мезанизмі  түрінде  болады,  өйткені  олардың  қажетті  ком-

поненті  болып  табылады.  Мысалы,  ұйым  мақсаты  олардың  ба-

ламалары  ішінен  таңдап  алу  нәтижесінде  айқындалады.  Ұйым-

дастыру қызметі де оның құрылымын таңдауға байланысты бо-

лады.  Жоспарлау  қызметі  дамудың  қандай  да  бір  стратегиялық 

вариантымен  ұштасқан.  Бақылау  қызметін  жүзеге  асыру  да 

бақылаудың  формаларын,  әдістерін  және  кезеңдерін  таңдауды 

білдіреді. 

3.  Жетекші  іс-әрекетінің  кез  келген  кезеңінде  сонда  шеші-

летін  міндеттер  мен  мәселелерге  қол  жету  дәрежесін  бағалау  қа-

жет.  Қойылған  мақсатқа  жету  немесе  жетпеуге  байланысты,  же-

текші осы кезең аяқталды ма, келесіге өтуге мүмкін бе, сол туралы 

шешім  қабылдайды.  Сонымен  шешім  қабылдау  қызметі  басқару 

іс-әрекетінің бір кезеңдері мен сатыларынан екіншісіне өту рөлін 

атқарады, сондықтан оны байланыстырушы ретінде анықтайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет