Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет26/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Басқару шешімдерінің ұйымдастырушылық 

факторлары 

 

Ұйымның  ішкі  және  сыртқы  орталарының  негізгі  өлшем-

дері  басқару  шешімдерінің  факторлары  ұғымымен  анық- 

талады.  Бұл  факторлардың  жиынтығы  күрделілігімен  және 




63 

 

алуан  түрлілігімен  ерекшеленеді.  Ол  ұйымдық  жүйелердің 



социотехникалық  типімен  және  олардың  сыртқы  ортадағы-

лармен  өзара  іс-әрекет  формаларының  көптігімен  шартталған. 

Бас-қару  теориясында  ортаның  осы  қызметтің  жүзеге  асуына 

ең ықпал ететін үш интегралды өлшемі бар екені туралы ұғым 

қалыптасты. Бұл – шешім қабылдау ортасының айқынсыздығы

күрделілігі және серпінділігі (динамикалылығы). 

Басты  өлшемайқынсыздық  –  басқаруда  баламаны  таңдау 

үшін релевантты ақпараттың жеткіліксіздігі.  Бұл  – туындайтын 

мәселелерге мазмұны бойынша негізделген шешім шығару үшін 

қажетті  ақпарат.  Айқынсыздықтың  туындауының  көптеген  се-

бептері  бар.  Олардың  негізгілері:  ақпарат  тапшылығы  және 

оның артық болуы.  

Шешім  қабылдау  ортасының  күрделілігі  –  ескерілуі,  өзара 

тығыз байланысы мен өзара  тәуелділігі  ескерілуге тиіс фактор-

ларының көп түрлілігі. 

Шешім  қабылдау  ортасының  серпінділігі  деп  ішкі  және 

сыртқы  –  ұйымдық  факторлардың  өзгеру  дәрежесін  айтады, 

сондықтан кез келген басқару шешімі диагностикалық та, прог-

ностикалық та болуға тиіс.  

Осы  интегралдық  үш  өлшем  синхронды  әсер  етеді,  бұл 

шешім қабылдау қызметінің жүзеге асуын күрделендіреді. Бі-

рақ осымен бірге бұл өлшемдер әрбір нақты жағдайда әртүрлі 

дәрежеде айқындала отырып, осы қызметтің жүзеге асу шарт-

тарының сабақтастықтағы толық көрінісін береді. 

Осы  жалпы  өлшемдермен  қатар  тағы  да  бір  маңызды, 

ерекше өлшем:  ортаның дау-жанжалдық дәрежесі бар. Басқару 

шешімдері  сондықтан  да  бірқатар  өзіндік  ерекшеліктерге    ие, 

солардың маңыздысы – компромистік. 

 

Басқаруда шешім қабылдау процесінің 

нормативтік құрылымы 

 

Басқару теориясында шешімдер жасаудың нормативтік про-

цесін сипаттаудың бірқатар тәсілдері бар. 

Процессуалдық  инвариант  –  шешім  қабылдау  кезеңдерінің 

жалпы  тізбектілігі.  Мәселелік  жағдайды  анықтау  –  содан  ше-




64 

 

шім  қабылдау  қызметін  жүзеге  асыру  арқылы  шығуды  білдіре-



ді.  Бұл  –  жағдайды  айқындау  (диагностика),  оның  аймақтарын 

іс-әрекеттің  басқа  жақтарымен  өзара  байланысын  анықтау,  

оның  мазмұнының,  басты  қарама-қайшылықтарының  сипат-

тамасы  және  сондағы  болжау    шешімдерінің  мақсаттарын  

қою. 

Мәселелік жағдай мазмұнын талдау. Мұнда үш аспект бар: 

1. Жағдайдың айқынсыздығын және бақылау үшін жеткілік-

тілігін азайту мақсатында ақпараттық талдау. 

2. Мәселе туындататын «шектеуші факторларды» анықтау. 

3. Нұсқалардың  біреуін  таңдау  негізіне  жатқызылатын  ше-

шім көрсеткіштерін тұжырымдау. 



Баламалы тұжырымдау – мәселелік жағдайдан жаңа мүмкін 

шығуларды іздеу мен генерациялау. 

Тұжырымдалған көрсеткіштер жүйесі бойынша және іс-әре-

кеттің негізгі мақсаттарына сәйкес баламалы бағалау «баламалы 



салмақтау» кезеңі  деп аталады.  

Баламалы таңдау – басқару шешімінің нормативтік процесс 

құрылымындағы  негізгі  кезең,  өйткені  онда  басты  қадам  жаса-

лады, шешім қабылдау жүзеге асырылады. Оның тиімді шешім-

дер  қабылдау  теориясында  тұжырымдалған  басты  нормативтік 

принциптерді баламалы үлкен интегралдық «тиімділікпен» таң-

дау болып табылады. 



Қабылданған  шешімді  жүзеге  асыру.  Бұл  іс-әрекеттің  ерек-

шелік сипаты – қабылданатын және жүзеге асырылатын шешім-

дердің дәл келмеуі. 

 

Басқару шешімдерінің типологиясы 



және оларға қойылатын нормативтік талаптар 

 

Басқару шешімдерінде жалпы қасиет бар – бұл полиморфизм 

(басқару  шешімдерін  қабылдау  процесін  жүзеге  асырудың 

әртүрлі  кластарының,  түрлерінің,  типтері  мен  формаларының 

көптігі).  Шешім  қабылдау  қызметі  таңдау  процесінің  полимор-

физмінің арқасында ғана мүмкін болып шығады.  

«Ұйымдастырушылық  шешім»  ұғымы  басқарушылық  ше-

шімдердің бүкіл жүйесін сипаттау үшін шешуші мәнге ие. Оның 




65 

 

жинақтаушы  сипаты  бар  және  өзімен  жетекшінің  қызметтік 



мәртебесіне  байланысты  нормативтік-сілтемелік  шешімдердің 

бүкіл кешенін анықтайды. Жетекші қабылдауға мәжбүр болатын 

нормативтік  емес  шешімдердің  орасан  көптігі  өте  зор,  бірақ 

жанама түрде болса да оның іс-әрекетінің тиімділігіне және бү-

кіл  ұйымның  әлеуметтік-психологиялық  сипаттамасына  ықпал 

етеді. 


Г.  Саймон  ұйымдастырушылық  шешімдерді  екі  негізгі 

санатқа  бағдарламаланған  және  бағдарламаланбаған  деп  бөлуді 

ұсынды.  Бұл  екі  «таза»  тип  қазіргі  кезде  континуумның  по-

люстері  ретінде  қарастырылады,  ал  басқару  тәжірибесінде 

көбінесе құрама шешімдер кездеседі [39]. 

Нормативтік  шешімдер  сондай-ақ  оларды  түрлерге  бөлу 

белгісі  бойынша,  басқарудың  қандай  қызметін  жүзеге  асыру- 

ға байланысты екендігіне қарай жіктеледі, яғни мақсаттық, бол-

жамдық,  жоспарлық,  мотивациялық,  бақылаулық,  ұйымдас- 

тырушылық,  түзетулік,  өндірістік-технологиялық  қызметтер- 

ге  байланысты.  Мұндай  бөлу  нақты  түрде  басқаруды  таңдау 

процестерінің  негізгі  санаттарының  анықтамасы  болып  табы- 

лады. 

Таңдау процестерінде басқару шешімдері бастапқы дерексіз 



жағдайы    бойынша  құрылымданған  және  құрылымданбаған 

(«жақсы  анықталған»  және  «нашар  анықталған»)  болып  бөлі-

неді.  Олар  үш  негізгі  белгі  бойынша  айырмаланады:  субъект 

шешім үшін қажетті ақпаратқа ие.  

Осы  жүктемеге  байланысты  басқару  шешімдері  детерми-

нистік  және  ықтималдық  болып  бөлінеді.  Біріншілері  құры-

лымданған  жағдайларда  орын  алады.  Оларды  нормативтік  про-

цедураларға  дайындау  кезінде  қолдану  және  тәуекел  элемент-

терін  олардың  процесінен  барынша  алып  тастауға  ұмтылу  тән 

болады. Екіншілері «жұмсақ», жасаудың нормативтік емес про-

цедураларын  және  интуитивтік  құралдарды  қолданумен  си-

патталады,  олар  тәуекелді  шешімнің  қажетті  өлшемі  ретінде 

қарастырады. 

Психологиялық  шешімге  негізделетін  жіктеме  шешімдердің 

үш  типінен  тұрады:  интуитивтік,  пікірлерге  негізделген  және 

инновациялық. 



66 

 

Инновациялық  белгілері  бойынша  шешім  қабылдау  түр-



лерінің  жіктемесі:  майда  тірлікті,  селективтік,  бейімделушілік, 

инновациялық. 

Мазмұндық  белгісі  бойынша  тыйым  салу,  рұқсат  ету  және 

сындарлы шешімдер болады. 

Басқару  шешімдері  формаларының  ең  қорытушы  типоло-

гиясы – оларды екі санатқа бөлу, яғни жекелей және алқалық

 Басқару  шешімдері  стратегияның  алқалық  шешімдерінде 

қолданылуына  байланысты  да  жіктеледі:  мажоритарлы  (қара-

пайым  көпшілік  стратегиясы);  консенсус  және  «байламды  таң-

дау» стратегиялары. 

Қорытындысында  бұл  жіктемелердің  барлығы  бірін-бірі 

өзара  толықтырады.  Басқару  шешімдерінің  қарастырылған  бар-

лық  типтеріне  «жақсы  шешім  белгілері»  деп  есептелетін  бір-

қатар  нормативтік  талаптар  қойылады.  Олардың  әлдеқайда 

әмбебаптарын тізіп шығамыз. 

Шешімнің  тиімділігі.  Егер  қабылданған  балама  барынша 

мүмкін  болатындардың  ең  негізгісі  болса,  онда  басқару  іс-

әрекетінің тиімділігі жоғарылауы мүмкін. 

Шешімдердің  негізделуі,  уақытылығы,  жүзеге  асырылуы 

(орындалуы),  нақтылығы  мен  реттелуі,  қаттылық  пен  икемді-

ліктің  сабақтастығы  шешім  қабылдауда  «шектеу  факторы» 

принципінің сақталуында. 

Шешім  қабылдау  процесі  басқару  теориясындағы  орталық 

пункт  болып  табылады,  шешім  қабылдау  әдістері  –  оның  ең 

жетілген,  ресмиленген  тарауы.  Қазіргі  кезде  ол  математикалық 

аппаратта,  жүйелік  талдауда,  операциялар  теориясы  мен  басқа 

да нормативтік пәндерде орнығатын арнайы бағытта рәсімделеді. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет