149
Коллегиялық басқару шешімдерінің негізгі кезеңдерінің то-
лық циклі шешім шығарудың нормативтік оптимумына ұқсас.
Бірақ ұйымдастырудың нақты психологиялық ерекшелігі, нақты
шешімдердің өзінде кезеңдердің толық жинағы үнемі болмай-
тынынан көрінеді. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің
қарастырылған оптимумнан ауытқуы – маңызды психологиялық
заңдылық, бұл – шешім қабылдау процестерінің нормативтік
және дискриптивтік мазмұндарының айырмалануының ерекше
құбылысы. Мұндай айырмаланудың екі негізгі топтағы себеп-
тері бар:
1) ол субъективтік қателіктердің нәтижесі болуы мүмкін
(таңдау көрсеткіштерін нақты тұжырымдауға қабілетсіздік не-
месе балама зардаптарына сыни баға бере алмау);
2) ол шешімдер процесін оңтайландыру құралы болуы мүм-
кін; іс-әрекетке тән стереотиптік жағдайларда симультандық
(бір сәттік) шешімдер болуы, оның кең ашылған процессуалдық
серпінсіз және репродукция типі бойынша жүзеге асуы мүмкін
(өткен тәжірибе жүйесі іске қосылады).
Репродуктивтік шешімдер үнемді, тиімді тәжірибемен тексе-
рілген, тәуекелі төмен. Шешімдердің мұндай типі «артық кетпе-
ген таңдау» ұғымымен белгіленеді.
Жағдай күрделенген және жаңалары туындаған кезде ше-
шімдердің сукцессивизациясы (оларда дербес кезеңдердің бөлі-
нуі) орын алады. Процестің кезеңдерге бөліну шамасы мен бұл
кезеңдердің саны максималды емес, мақсатқа жету үшін жет-
кілікті болуға тиіс. Мақсат шешім процесінің және оның бүкіл
мазмұны – тіпті оған қандай кезеңдердің кіретінінің де – ба-
ғытталуын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Процестің
ашылу шамасы әр оқиға үшін минималды жеткілікті болуға тиіс.
Басқару шешімдері теориясында шешім процестерін ұйым-
дастырудың екі принципі бар:
1. Мақсаттық детерминация принципі: мақсат осы процес-
тің басты факторы және ұйымдастыру реттеуіші болып табы-
лады.
2. Процестің кезеңдерге минималды жеткілікті дифферен-
циациялану принципі (таңдауды іске асыру үшін минималды
жеткілікті).
150
Басқару шешімдерін процессуалдық ұйымдастырудың нор-
мативтік психологиялық мазмұнындағы өте маңызды айырма-
шылық, онда шешімнің өткен кезеңдеріне үнемі қайта оралу-
дың, оларды қайта саналаудың және жаңа ақпаратты ескере
отырып өзгертудің болуында. Нәтижесінде өткен кезеңдер ке-
лесілермен түзетіледі, бүкіл процестің келісімділігі мен тұтас-
тық шарасы артады. Өткен кезеңдерді көп қайтара «қарастыру»
және жетілдіруден көрінетін заңдылық процессуалдық ұйым-
дастырудың итеративтілік принципі ретінде белгіленеді [61].
Басқару шешімдерінің процессуалдық сипаттамасының екі –
«беттік» және «тереңдік» деңгейлері бар. Біріншісі – негізгі ке-
зеңдердің мазмұны заңдылықтарына және олардың тізбектілі-
гіне негізделген. Ашылған түрде бұл кезеңдер шешім қабылдау
процестерінің нормативтік оптимумына ұқсас. Екінші деңгей
мақсаттық детерминация, итеративтілік, минималды жеткілікті
дифференциация принциптерімен шартталады. Олар басқару
шешімдері процесінің нақты мазмұнын анықтайды және маңыз-
ды бейімдеу – таңдау жағдайының мазмұны мен типін шешім
процесінің мазмұнын, оларды оңтайландыра отырып келістіру
функциясын атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: