157
басқарудың инновациялық стиліне, жетекшілік функцияларын
іске асыруына стандарт емес тәсілге тән. «Басқалар үшін» мә-
селе қою басқару іс-әрекетінің негізі болып табылғандықтан,
жетекшінің аса маңызды міндеті – тек проблема шешу ғана
емес, оны тұжырымдай білу.
Бұл құбылыстардың барлығын максимизацияланған мі-
нез-құлық ұғымымен белгілейді. Олар басқару функцияларына
шешім қабылдаудың қосымша жағдайларын қосуға алып келеді.
Басқару шешімдерін қабылдау процесінің
операциялық құрылымы
Басқару іс-әрекетінде оның нақты түріне, мазмұнына және
иерархиялық деңгейіне қарамастан, іс-әрекеттік құралдардың
тұрақты жинағы – шешімдерді дайындауға, қабылдау мен іске
асыруға арналған операциялар қатысады. Осы операциялардың
негізгілерін қарастырайық.
Белгісіздік жағдайларын тану операциялары. Олар жетекші-
ге қажет проблеманы көре білу шеберлігі сияқты сапа мәнін
құрайды. Олардың дифференциациясы – оның кәсіби біліктілігі-
нің аса маңызды бөлігі.
Селекция, таңдау операциялары жетекшінің тікелей қаты-
суын талап ететін және талап етпейтін жағдайларды бөлу үшін
негіз болып табылады.
Ұйымдастырушылық операциялар жетекшінің шешім қабыл-
дау процесін ұйымдастырудың қандай да бір жалпы формала-
рын таңдауында тұр.
Шешімдердің «субъективтілік базисін» қалыптастыру
жөніндегіоперациялар шешімдерге тартуға және ұйымдастыру-
дың белгілі бір бөлімшелерін қосып беруге тиімді адамдар
құрамы мен санын анықтауға арналған.
Таңдау жағдайларын объективтендіруоперациялары жетек-
шінің мәселені оған қатысушылар дұрыс түсінетіндей етіп тұ-
жырымдауға, қоя білуге тиіс өзіне тән басымдығы болып та-
былады. Шешімдердің іске асуы тұжырымдалатын мәселенің
оны шешуге тартылатын топ ерекшелігіне сәйкес бейімделуі
кезінде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін.