Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет66/184
Дата31.12.2021
өлшемі1,92 Mb.
#23118
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   184
Байланысты:
Басқару психологиясы оқу құралы by Ахтаева Н.С. (z-lib.org)

Басқару іс-әрекетіндегі коммуникативтік 

құбылыстар мен процестер 

 

Жетекшінің  коммуникативтік  мінез-құлқының  барлық  фор-



малары  мен  коммуникация  процесінде  туындайтын  белгілі  бір 

заңдылықтар  мен  құбылыстарға  негізделген.  Олар  коммуника-

тивтік құбылыстар ұғымымен белгіленген. Олардың негізгілері: 

еліктіру, мәжбүрлей түсіндіру, сендіру, ұқсату, еліктеу; олардың 

әрқайсысының өзіндік ерекше заңдылықтары бар. 

Еліктіру  –  эмоционалдық  күйді    (көбінесе  санадан  өтпеген 

деңгейдегі) бір адамнан екіншісіне беру процесі. Бұл әсер көбі-

несе үлкен аудиторияларға тән. 

Мәжбүрлей  түсіндіру  адамның  психикалық  саласына  олар-

дың ақпаратты қабылдауының санаға сіңгендігін және іске асы-

рылуын  әдейі  төмендетуге,  оның  белсенді  түсінуінің,  талдауы-

ның және өткен тәжірибемен байланысының болмауына байла-

нысқан әсер ету процесі ретінде анықталады. Мәжбүрлей түсін-

дірілген ақпарат мазмұны түзетуге қиынырақ беріледі, «мәжбүр-

ленген  мінез-құлықтық  бағдар»  түрін  қабылдайды.  Мәжбүрлей 

түсіндіру тиімділігі суггестор («мәжбүрлей түсіндірушінің») бе-

деліне байланысты болады. 



174 

 

Сендіру  қисынды  негіздеу  көмегімен  ақпарат  қабылдаушы 

адамнан ерікті келісім алуға тұрғызылады. Бұл – интеллектуалдық, 

ал мәжбүрлей түсіндіру көңіл-күйлік, еріктік әсер ету. 



Ұқсату  (еліктеу)  –  бөтен  мінез-құлықты  белсенді  қайталау. 

Еліктеудің  бірнеше  негізгі  типтері  бар:  қисынды  және  қисын-

сыз,  ішкі  және  сыртқы,  еліктеу-сән  және  еліктеу-дәстүр,  ішкі 

және  топаралық  еліктеу.  Бұл  –    конформистік  мінез-құлықтың 

негізгі механизмдерінің бірі. 

Осы құбылыстардың барлығының психологиялық механизм-

дері  өзіндік  ерекше  коммуникативтік  процестердің  және  тұл-

ғаның  олар  шартталатын  сапаларының  болуымен  байланысқан. 

Бұл  эмпатия,  аттракция,  идентификация,  рефлекция,  т.б.  про-

цестері. 

Оларды сипаттаудың алдында олар таралатын жалпы комму-

никативтік контексті сипаттаушы ұғымды анықтау қажет: 

1. Коммуникативтік цикл – бұл бірқатар негізгі коммуника-

тивтік  іс-әрекеттің  тізбектілігі.  Оның  құрылымы  коммуника-

цияның жалпы құрылымына тұтастай ұқсас, бірақ біраз қосым-

ша компоненттерден тұрады: 

–  коммуникативтік  түрткі  –  коммуникативтік  актінің  баст-

алуына және оның формасын таңдауға ұмтылудың туындауы

– әріптесті «шақыру»; 

– шақырудан «бас тарту»; 

– «шақыруды» қабылдау

ақпарат беру

–  адресатпен  байланысты  аяқтау  және  түйсінудің  аяқталуы 

мен адресаттың жауаптық сөзінің инициациясын білдіретін өзін-

дік ерекше операциялар

– адресаттың байланысты үзу мүмкіндігі; 

–  адресаттан  кері  байланысты  ақпарат  алу  және  оны  интер-

претациялау; 

–  бастапқы  хабарды  түзету  және  коммуникативтік  циклді 

аяқтау  немесе  оны  қайталау  (егер  коммуникацияның  бастапқы 

мақсаттары орындалмаса). 

2.  Коммуникативтік  күй  –  бұл  тұлғаның  коммуникацияға 

қосылу шамасы мен толықтығын, оның мүмкіндіктерін және он-

дағы  белсенділігін  сипаттайтын  қорытушы  ұғым.  Бұл  әрі  тұл-




175 

 

ғаның  коммуникацияға  үстемесін  қамтамасыз  ететін  басқа  ин-



дивидтер  жағынан  ықпалды-рецептивтік  бағдарды  қабылдауға 

әзірлік.  

3.  Коммуникативтік  біліктілік  –  бұл  басқа  адамдармен  бай-

ланыс орнату және қолдау қабілеті.  

4.  Коммуникативтік  қабілеттер  өзара  іс-қимыл  тиімділігінің 

жоғары  деңгейін қамтамасыз етеді. Мұның себебі – алынған бі-

лім  мен  тәжірибе  емес,  тұлғалық  сапалар  және  ерекшеліктер. 

Бұл қабілеттер құрамына экстраверттік, ашықтық (соның ішінде 

когнитивтік), көңіл-күйлік, сезімталдық, т.б. кіреді. 

Интегративтік  сапа  ретіндегі  коммуникативтік  қабілетті  қам-

тамасыз  етуде  коммуникативтік  қабілеттермен  тығыз  беттесетін 

коммуникативтік процестер басты рөл атқарады, оларды процестер 

ретінде  де,  тұлғаның  сапалары  ретінде  де  қарастыруға  болады. 

Төмендегілер олардың негізгілері болып табылады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет