тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен
байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып
отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп
қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып
табылады. Ол өмір сүру, іс - әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін
адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным
болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске
мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен
бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне
сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі
диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің
белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес
қолданылады. Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін
танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр
деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным
объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады.
Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары
тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс –
бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында
нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау.
Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп
жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы.
Осы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз
эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель
зерттеледі. Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы
нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған
жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен
шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп
санайды.
Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Генетикалық жағынан
классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды.
Сондықтан теориялар программалар мен парадигмалардың негізінде пайда болады.
Парадигма дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым дамуының
белгілі бір кезеңінде танылған алғышарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар
шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады,
ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді ұйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері
қарастырылады. Ал бұл базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар
негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.
Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың
шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми
теориялар тудырады.
Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу — ғылым дамуы мен ғылыми
парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп
соғады.
Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмұндық және
формалдық жақтарын да ескеру қажет.
Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинақылығы мен тұтастығынан көрінетін
адамның шығармашылық қызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым
тәжірибенің тарихи дамуында жинақталған ақпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пәнге
нұсқаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен
салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым — табиғат (материалдық) дүниесі мен
қоғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде көрініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра
жеке ғылымдар деп аталатын бірқатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді
коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондықтан ғылымның жеке саласы көпқырлы
қызметтің белгілі бір жақтарьн зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар —
жаратылыстану, қоғам туралы — қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар);
таным мен ойлау туралы — логика, гносеология, диалектика болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: