Философия және саясаттану факультеті «философия» кафедрасы



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,86 Mb.
#23119
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Ғылым тарихы мен филос. Дәрістер.

№10 Дәріс 

 

Тақырыбы: Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы 

1. Ғылыми таным. Ғылыми танымның теориялық сипаты 

2. Ғылыми танымның логикасы мен методологиясы 

 

Ғылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі 



болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, 

ғылыми  танымның  барлық  әдістердің  шартты  түрде  үш  топқа  бөлуге  болады:  1) 

жалпылама  диалектикалық  әдіс.  Ол  болмыстың  барлық  жақтарын  зерттеуге  және  таным 

процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның 

барлық  саласвнда  пайдаланылғанымен,  таным  процесінің  барлық  кезеңінде  қолданыла 

бермейді;  3)  жекеше  әдістер.  Олар  нақты  құбылыстарды  бір  ғылымның  шеңберінде 

зерттеуге қолданылады.  

Ғылыми  танымның  жалпы  әдістері  мен  түрлерін  қарастыру  үшін  танымның 

эмпириалық  және  теориялық  деңгейлерін  ажыратқан  дұрыс,  себебі  әр  деңгейдің  өзіндік 

ерекшеліктерімен  әдістері  бар.  Эмпириялық  деңгейде  таным  объектісінің  қасиеттері  мен 

қырлары 

сезімдік 

қабілет 

түрғысынан 

қабылданады.  

Теориялық  деңгейде  таным  объектісінің  маңызды  байланыстарымензаңдылықтары 

тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. 

Ғылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – 

бақылау  деп  аталады.  Оның  мәні  –  зерттеу  объектісін  белгілі  бір  мерзім  арлығында 

нысаналы  ұйымдасқан  тұрде  жүйелі  бақылай  отырып,  ондағы  өзгерістерді  қадағалау. 

Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі  – зерттеліп 

жатқан  объектіге  адамның,  зерттеушіні  тікелей  әсер  етіп,  ондағы  процестерге  арласуы.  

Осы  заманға  кең  пайданылатын  әдістердің  бірі  –  модельдеу.  Модельдеу  дегеніміз 

эксперименттің  бір  түрі,  бірақ  мында  объектінің  өзі  емес,  оның  орнын  басатын  модель 

зерттеледі. Ғылыми  теоррияның  қалыптасуы  барысында  гипотезаның  маңызы  зор. 

Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория.  

Әрине, 

кез 


келген 

болжам 


гепотеза 

бола 


алмайды.  

Қысқасы,  ғылыми  жолы  –  қиын  жол,  инемен  құдық  қазғандай.  Ғылыми  танымның 

жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді. 

Логика (гр. λογική -  «талдауға  құрылған», λόγος —  «сөз»,  «сөйлем»,  «ойлау», 

«ақыл»)  —  ойлау,  оның  формалары  мен заңдылықтары туралы ғылым.  Логика  дәлелдеу 

мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын 

құрайды.  

Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау 

логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен 

зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және 

белгілік  құрылымда  белгіленетін  шындықтың  белгілі  бір  үзінділерін  қарастыру 

(модельдер) енеді. 

Логика  ұғымы  объективті  дүниенің,  шындықтың  даму  заңдылықтарын  бейнелеу 

мағынасында да қолданылады. Кең мағынада Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да 

байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар 

жүретіндіктен  Логика  таным  теориясымен  (гносеологиямен)  байланысады.  Логика 

философияның  негізгі  бөлігі  болып  табылады,  өйткені  философия  “оймен  басталып, 

оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды. 

Логика  тарихы  философия  тарихымен  тығыз  байланысты.  Логиканың  алғашқы  тарихи 

нұсқасын б.з.б. 4 ғасырда ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Ол дедуктивтік ой 

қорытулар теориясын (яғни силлогистиканы) қалыптастырып, логика қателердің алғашқы 

жіктелімін  жасап  берді  және  Логикалық  дәлелдеу  туралы  ілімнің  негізін  қалады.  Дәстүр 




бойынша Аристотельдің Логикасы  — аподейктика —  анық,  ақиқат  білім  туралы  ілім,  ол 

Аристотельдің “Аналитикасында” баяндалған. 

Аристотель дедуктивтік-силлогист. ілімді дамытса, Эпикур мен оның ізбасарлары  

индуктивтік  Логиканың  бастауын  ашып,  индуктивтік  жалпылаудың  бірқатар  ережелерін 

тұжырымдаған. Аристотельдің Логикалық  идеяларының  сақталуына,  олардың  мән-

маңызының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық ислам философтарыәл-

Кинди,  әл-Фараби, ибн  Сина,  ибн  Рушдтың  сіңірген  еңбегі  зор.  Аристотельдің 

дәлелденбейтін  пікір,  индукция  туралы  ілімін әл-Фараби жүйелі  түрде  дамытты.  Ол 

предикат  түрінде  “өмір  сүретін”  құбылыстың  бары  жайында  мүлде  жаңа  мәселе  қойып, 

шартты силлогизм теориясын егжей-тегжейлі талдады, сөйтіп, Логикадағы диалектикалық 

мәселелерді түсінуге елеулі үлес қосты. 

Қазіргі  Логикада  түсініктеме  (интерпретация)  ұғымы  маңызды  рөл  атқарады, 

өйткені бұл ұғым арқылы Логикалық заң және Логикалық жалғасу ұғымдары анықталады. 

Кейінгі  кездері  Логикалық  зерттеулерде  жаңа  математика  аппарат  —  категориялар 

теориясының  тілі  кеңінен  қолданылуда.  Логикалық  теориялар  оларда  зерделенетін 

Логикалық  лебіздердің  сипатына,  түптеп  келгенде  заттар  қатынастарының  түріне  орай 

классик.  және  бейклассиктер  болып  бөлінеді.  Қазіргі  Логиканың  маңызды  бір  бөлігі  — 

металогикада  Логикалық  теориялардың  қасиеттері  (қайшылықсыздығы,  толықтығы, 

түпкілікті  дедуктивтік принциптерінің  тәуелсіздігі, т.б.)  зерттеледі,  яғни  оны  Логиканың 

өз түзілістері турасындағы өзіндік рефлексиясы деп атауға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет