264
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
• Ерте жастан ағылшын тілін үйренген балалар өзінің қатарластарынан озады, олар өздерінің ойын жақсырақ жеткі-
зеді, олар алғыр келеді, есте сақтау қабілеті жоғары;
• «Ерте билингвалардың» (туылғаннан екі тілде араласатын балаларда) жүйке жүйесі төзімдірек, әрекет ету жылдам-
дығы жоғарырақ, мұндай балалар белсендірек өмір салтын ұстанады, алға қойған мақсаттарына жеңілірек қол жеткізеді;
• Көптеген зерттеу көрсетіп отырғандай, билингвалар жақсы оқиды, олар дәлдік және гуманитарлық ғылымдар
жеңілірек игереді, Торонтодағы Йорк университетінің мамандары ұзақ жылдар бойы қдағалаудан кейін билингвалардың
ересек жасында да алғыр ақылға ие екені туралы қорытындыға келді.
Бұдан басқа, екі тілді еркін меңгеру жұмыс пен мансапта қосымша артықшылықтар береді.
Билингвизм артықшылықтарын ғылыми растауға қатысты АҚШ ғалымдарының зерттеулерінен мысал келтіруге бо-
лады, қарт адамның миына қос тілділік әсерінің салдардарын зерттеу барысында билингвалар қарттық жасында ақыл
қабілеттерін баяу жоғалтатыны анықталды. Сонымен, қарт адамдардың ақыл реакцияларының жылдамдығын өлшей оты-
рып, ғалымдар – 60 жастан асқан билингвалар бір тілді жастардың реакция жылдамдығын көрсететіні туралы қорытынды
жасады. Әзірше екі тілде сөйлеу қабілеті ми қызметтерін сақтауға қалай көмектесетіні нақты анықталмаған. Кейбір са-
рапшылардың болжамдары бойынша, билингвалардың үнемі артық ақпаратты алып тастау және тек маңызды тітіркендір-
гіштерге әрекет ету қажеттілігіне байланысты болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: