267
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
78. біліМ беру сұранысТары ереКше балаларМен жұМыс жасайТын
ТҮзеТуші-даМыТушы орТалық ашу
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жоба мақсаттары: білім беру сұраныстары ерекше балалармен жұмыс жасайтын түзетуші-дамы-
тушы орталық ашу.
Өнімі: психологиялық-педагогикалық түзету.
Жоба құны: 15 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 4,9 жыл.
жоба тұжырымдамасы
Жоба тұжырымдамасы білім беру сұраныстары ерекше балалармен (жүйке және сөйлеу дамуының бөгелісі бар ау-
тистік спектрі бұзылған балалар, сонымен қатар, ақыл есі кем балалар) жұмыс жасайтын орталық ашу үшін жылжымай-
тын мүлік сатып алуға қарыз қаражат тартудан тұрады.
Психологиялық-педагогикалық түзету – баланың таным ортасын уақытылы диагностикалау және психологиялық тү-
зету, сөй сөйлеуін дамыту, коммуникативтік, сонымен қатар, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту,
балалардың танымдық оқу қызметіне оң қатынасын қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, психикалық және сөз сөйлеу
дамуында бұзылыстары бар балаға тән белгілі бір кемшіліктерді жеңу, түзету.
Өнім сипаты
Келесі қосалқы білім беру қызметтерін дамыту және кеңейту жоспарланып отыр:
Жеке сабақтар – түзету-дамыту сабақтары. Сабақ өткізу уақыты 45 минут. Бір маман жүргізеді. Сабақтар арнайы
таңдалған кешенді әдістер арқылы балаларды оқытуға бағытталған, холдинг-терапия, нейропсихологиялық амалдар қол-
данылады, олар бала үшін жағымды және әдеттегі жағдайда және ортада сөз сөйлеуді және танымдық үрдістерін дамы-
туға әсерін тигізеді.
Топтық сабақтар – коммуникативтік қабілеттерді дамытуға бағытталған біріктірілген топтық сабақтар (екі маман жүр-
гізеді: психолог және логопед-дефектолог). 4 және одан көп адамнан тұратын балалар тобында сабақ өткізу уақыты 45
минут. Топтық сабақтар баланың психофизикалық дамуын оңтайландыруға және ұйымдастыруға, қоғамға үйрету және
дұрыс бейімдеуге дайындауға бағытталған. Топтық сабақтардың міндеттері: ерікті назарын және өзін-өзі реттеуді дамы-
ту, сенсомоторлық бақылауды қалыптастыру, бұлшықет тонусын оңтайландыру, бұлшықет қысылуын жеңу, артикуляци-
ялық аппарат және дұрыс диафрагмалды дем алуды дамыту, ми жартышарлары арасындағы өзара байланысты дамыту.
Сабақтар ақыл, физикалық, эмоционалды, әлеуметтік, рухани дамуға ықпалын тигізеді.
Кеңес беру - психологиялық-педагогикалық түзету бойынша кеңес. Кеңес беру уақыты 30 минут. Мамандар ата-ана-
ларға мақсатты мінез-құлқын дамыту, баланың сөйлеуін дамыту, тұрмыстық дағдыларға үйрету, тамақ ішу мәселелерін
жою, тазалық дағдыларына үйрету жөнінде кеңес береді.
жоба бойынша инвестициялық шығындар сметасы:
Ұсынылған жобаны іске асыру үшін Петропавл қаласының орталығында алаңы 62 ш.м. түзету орталығына қызмет көр-
сету бойынша жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 15 000 000 теңге көлемінде қарыз қаражат, сонымен қатар, жылжы-
майтын мүлікті косметикалық жөндеуге 150 мың теңге жеке қаражат жұмсалатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: