322
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432
3) Жеке қызмет көрсету: жолда автожолдар пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған орын,
сондай-ақ, жергілікті тауарлардың сауда нарықтары мен жергілікті ауылшаруашылық өнімдер нарығы сияқты, сатып
алуға қайта баруға ықпал етуге арналған орындар;
4) Демалыс және туризм: жол жүруді жаңға жайлы қылатын және мейманхана, кафе, мейрамхана, саябақ, пикниктерге
арналған аймақтар сияқты тұтынушылардың қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру шеңберінен шығатын қызмет-
тер, сондай-ақ өңірлік туристік жерлерде келушілерге көрсетілетін қызметтер;
5) Қоғамдық көлік: өңір ішінде тасымалды қамтамасыз ететін екінші дәрежелі жолдар жүйесімен байланысты жол
жүру, аялдамалар мен терминалдар туралы тиісті ақпаратпен қатар транзиттік дәліз бойында қоғамдық көлікпен халықа-
ралық тасымал;
6) Жүк көлігіне арналған қызметтер: мыналарды:
а) жүк тасымалына қатысты, мысалы, жүк автомобильдері жүргізушілері жұмысының ең көп ұзақтығы мен олардың
ең көп жүктемесі туралы нормативтік-құқықтық актілер мен заңдардың сақталуын;
б) салқындатылған, қауіпті және жылдам бұзылатын жүктерді бір көліктен екіншісіне ауыстыру сияқты коммерци-
ялық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін объектілер, ақпарат және қызметкерлер құрамы.
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы арқылы өтетін «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралімен
жүретін жүк автомобильдерінің жүргізушілері, транзитті тасымалдаушылар, жеңіл автомобильдер мен маршрутты авто-
бустардың жүргізушілері мен жолаушылары, туристік топтар, балалары бар отбасылар мақсатты топ болып табылады.
Бүкіл автомагистраль пайдалануға берілгеннен кейін бұл бағыттағы автомобиль трафигі көбейеді, демек, жол бойын-
дағы орынның әлеуетті клиенттер саны да көбееді.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомагистралі пайдалануға енгізілгеннен кейін бұл трассадағы автомо-
биль трафигінің ұлғаюы тікелей трасса бойындағы сервистік қызметтердің әр түріне сұраныс туындауына әкеледі.
Коммуникацияларды ыңғайлырақ енгізу және жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында кешен елдімекендер жа-
нында, бірақ, маршруттық автобустың жолаушыларын клиенттер ретінде тарту үшін қалалардан алыс жерге орналасты-
рылады.
Жол бойындағы сервис орыны жанар-жағар май бекетімен бірге бір кешенде орналасады.
Жамбыл ауданында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының қажетті азық-түлік базаларымен және қоймаларымен өз сана-
ториі бар.
Бұл кешеннің тағы бір өзгешілігі - ол тәуліктік жұмыс кестесінің болуы.
Бүгінгі таңда кәсіпкер кешенді салуды және қызметтер көрсетуді көздеген инфрақұрылым (сумен жабдықтау) енгізуді
жоспарлап отыр. Бұл кешеннің құрылысына 720 000 000 млн.теңге сомада өзіне меншікті қаражат жұмсалады.
Инфрақұрылым сомасы 76 399 000,51 теңге құрайды.
Біз көрсететін қызметтерді жылжытудың (көпшілікке белгілі болудың) негізгі тәсілдерін санамалайық:
1) Фотогалерея, байланыс ақпарат және көрсетілетін қызмет тізімі бар сайт-визитка жасау;
2) Газеттерде, журналдарда, ТД мен өзге БАҚ-та жарнама;
3) Ұйымдар мен офистерде буклеттерді тарату;
4) Федералды трассада үлкен баннер орнату.
Достарыңызбен бөлісу: