№13-лекция
Дәріс тақырыбы: Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.
Дәрістің мақсаты мен міндеттері: Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
тәсілдері мен ерекшеліктерін қарастыру.
Дәрістің мазмұны:
1.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы.
2.Айыппұл және кепілпұл.
3.Кепіл және оның түрлері.
4.Кепілдік және кепіл болушылық
Мiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл,
борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы
қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Бағалы қағаздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын
қамтамасыз ету тәсiлдерi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы
қызметтi реттейтiн заң актiлерiнде белгiленедi. Мiндеттеменi қамтамасыз ету туралы
келiсiмнiң жарамсыздығы бұл мiндеттеменiң (негiзгi мiндеттеменiң) жарамсыздығына
әкелiп соқтырмайды. Негiзгi мiндеттеменiң жарамсыздығы оны қамтамасыз ететiн
мiндеттеменi жарамсыз етедi.
Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап
айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi,
заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп
танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды
дәлелдеуге мiндеттi емес.
Айып төлеу туралы келiсiм, негiзгi мiндеттеменiң нысанына қарамастан, жазбаша
түрде жасалуға тиiс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келiсiмнiң
жарамсыздығына әкелiп соқтырады.
Несие берушi тараптардың келiсiмiнде айып төлеу мiндетi көзделген-
көзделмегенiне қарамастан, заңдарда белгiленген айып төлеудi (заңды айып төлеудi) талап
етуге құқылы. Егер заңдарда тыйым салынбаса, тараптардың келiсiмiмен заңды айып
төлеу мөлшерi көбейтiлуi мүмкiн.
Айып төлеу мөлшерi нақты ақша сомасында немесе орындалмаған не тиiсiнше
орындалмаған мiндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгiленедi.
Егер төленуге тиiстi айып (айыппұл, өсiм) несие берушiнiң шеккен залалдарымен
салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың мiндеттеменi орындау дәрежесiн және
борышқор мен несие берушiнiң назар аударуға лайықты мүдделерiн ескере отырып, айып
төлеу мөлшерiн (айыппұлды, өсiмдi) азайтуға құқылы.
Мiндеттеменi бұзғаны үшiн борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған кезде
мiндеттеменiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн айып өндiрiп
алынады (Азаматтық Кодекстiң 359-бабы).
Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен
қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан
Азаматтық Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi
адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен
қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп
танылады.
Кепiл
ұстаушының
кепiлге
салынған
мүлiк,
кiмнiң
пайдасына
сақтандырылғанына қарамастан, оның жоғалғаны немесе бүлiнгенi үшiн, егер жоғалу
немесе бүлiну кепiл ұстаушы жауап беретiн себептер бойынша болмаса, сақтандыру
өтемiнен сол бұрынғы негiзде қанағаттандырылуға құқығы бар.
Ипотека - кепiлге салынған мүлiк кепiл салушының немесе үшiншiбiр жақтың
иелiгiнде және пайдалануында қалатын кепiл түрi. Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер,
ғимараттар, көп пәтерлiүйдегiпәтерлер, көлiк құралдары, ғарыш объектiлерi, айналымдағы
тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлiк ипотека мәнiбола алады.
Бөлiнетiн
жемiстер
бөлген
кезден
бастап
үшiншiжақтың
құқықтарының
объектiсiболмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәнiбола алады. Кәсiпорындар,
құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары мен ғарыш
объектiлерi ипотекасы осындай объектiлердi тiркеудi жүзеге асыратын органдарда
тiркелуге тиiс.
Кепiлзат - кепiлге салынған мүлiктi кепiл берушi кепiл ұстаушының иелiгiне
беретiн кепiл түрi. Кепiл ұстаушының келiсiмiмен кепiлге салынған зат кепiл ұстаушының
құлпы салынып, мөрi басылып, кепiл салушыда қалдырылуы мүмкiн. Кепiл мәнi кепiл
туралы куәландырылатын белгiлер салынып (анық кепiл), кепiл берушiнiң иелiгiнде
қалдырылуы мүмкiн. Құқықтарды кепiлге салу кезiнде иелiктен айырылуы мүмкiн
мүлiктiк құқықтар, атап айтқанда, кәсiпорындарды, құрылыстарды, үйлердi, ғимараттарды
жалға беру құқықтары, шаруашылық серiктестiк мүлкiндегi үлеске құқық, борыштық
талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге де мүлiктiк құқықтар кепiл мәнi болып
табылады.
Кепiл мәнi болып табылатын затқа кепiл ұстаушының құқығы (кепiл құқығы), егер
шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның керек-жарақтары мен
бөлiнбейтiн жемiстерiне де қолданылады. Кепiлге салынған мүлiктi пайдалану
нәтижесiнде алынған бөлiнетiн жемiске, өнiмге және табысқа кепiл құқығы шартта немесе
заң құжаттарында көзделген реттерде қолданылады. Кәсiпорынның немесе өзге мүлiк
кешенiнiң ипотекасы жағдайында жалпы кепiл құқығы, егер заң құжаттарында немесе
шартта өзгеше көзделмесе, талап ету, соның iшiнде ипотека кезiнде сатып алынған
құқықтары мен ерекше құқықтарды қоса алғанда, оның барлық қозғалмалы және
қозғалмайтын мүлкiне қолданылады. Үй немесе ғимарат ипотекасына осы үй немесе
ғимарат тұрған жер учаскесiне не осы учаскенiң кепiлге салынатын объектiнiң қызметiн
қамтамасыз ететiн бөлiгiне құқық нақ сол шарт бойынша бiр мезгiлде жасалатын ипотека
арқылы жол берiледi.
Кепiлге салынған мүлiктi ақылы немесе тегiн иелiктен айыру нәтижесiнде не
әмбебап құқықты мирасқорлық тәртiп бойынша мүлiкке меншiк құқығы немесе
шаруашылық жүргiзу құқығы кепiл берушiден басқа адамға көшкен ретте кепiл құқығы
сақталып қалады. Кепiл берушiнiң құқықты мирасқоры кепiл берушiнiң орнын басады
және, егер кепiл ұстаушымен келiсiмде өзгеше белгiленбесе, кепiл берушiнiң барлық
мiндеттерiн атқарады. Егер кепiл берушiнiң кепiлге салынған нәрсе болып табылатын
мүлкi құқықты мирасқорлық тәртiбiмен бiрнеше адамға көшсе, құқықты мирасқорлардың
әрқайсысы (мүлiктi иеленушiлер) аталған мүлiктiң өзiне көшкен бөлiгiне кепiлмен
қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамағандығы жөнiндегi кепiлден туындайтын
зардаптарын көтередi. Алайда кепiлге салынған нәрсе бөлiнбейтiн болса немесе өзге
негiздер бойынша құқықты мирасқорлардың бiрлескен ортақ меншiгiнде қалса, олар ортақ
кепiл берушiлерге айналады.
Ломбард операцияларын жүргiзу ережелерi болғанда ғана жүзеге асырады және
онда мынадай ақпарат:
1) берiлетiн кредиттердiң шектi сомалары мен мерзiмдерi;
2) берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шектi шамалары;
3) операциялар жүргiзгенi үшiн ставкалар мен тарифтер;
4) ломбардтың және оның клиенттерiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың
жауапкершiлiгi;
5) кепiлге салу билетiн жоғалтқан жағдайда кепiл берушiге дубликаттар беру тәртiбi;
6) өзге де талаптар қамтылуға тиiс.
Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие
берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара
қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.
Кепiл болушылық немесе кепiлдiк шарттарының негiзiнде кепiлдiк және кепiл
болушылық пайда болады. Кепiлдiктi қолдану заңмен белгiленуi мүмкiн. Кепiлдiк немесе
кепiл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанда жасалуын
сақтамау кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартының жарамсыз болуына әкелiп
соқтырады. Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышқордың мiндеттеменi
орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын несие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал
несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшiн
жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк немесе кепiл болушылық
шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi. Кепiлдiк және кепiл болушылық,
егер шартта өзгеше белгiленбесе, тек заңды талапты ғана қамтамасыз етедi. Кепiлдiк
берушi мен кепiл болушы, егер олар әрекет қабiлетсiздiгi туралы өздерiне күнi бұрын
белгiлi болған борышқорға кепiл болса, ал несие берушi бұл мән-жайды бiлмесе,
жауапкершiлiктен босатылмайды. Кепiлдiк берушi несие берушi алдында, егер кепiлдiк
шартында өзгеше белгiленбесе, борышқор сияқты айыпақы, сыйақы (мүдде) төлеудi қоса
алғанда, борышты өндiрiп алу жөнiндегi сот шығындарын және борышқордың
мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан туындаған несие
берушiнiң басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап бередi. Кепiл болушы
несие берушi алдында, егер кепiл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепiл
болушылықта көрсетiлген сома шегiнде жауапты болады.
Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң
есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн
ақшалай сома кепiлпұл деп танылады. Кепiлпұл туралы келiсiм кепiлпұлдың сомасына
қарамастан жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Бұл ереже негiзгi мiндеттеме нотариалдық
жолмен куәландырылуға тиiс болатын жағдайда да қолданылады. Келiсiмнiң жазбаша
нысанда жасалуын сақтамау кепiлпұл келiсiмiн жарамсыз деп тануға әкелiп соқтырады.
Мiндеттеменiң орындалуы басталғанға дейiн тараптардың келiсiмi бойынша не
олардың кiнәсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған
жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген
тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты
болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сомасын төлеуге мiндеттi. Оның
үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап
екiншi тарапқа кепiлпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға
мiндеттi.
Достарыңызбен бөлісу: |