Оқулық Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет6/108
Дата31.12.2021
өлшемі4,27 Mb.
#23385
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108
Қаздауысты Қазыбек би – қазақ-
тың  үш  биінің  бірі.  Ол  Сыр  бойын-
да дүниеге келген. Жасынан шешен-
дігімен,  ойлы  да  әділдігімен,  батыл 
да  батырлығымен  көзге  түскен.  Ха-
лық  «Қазыбек  қазып  айтады»  деп 
құрметтеген.
3. Аңызды түсініп оқы. 
Бала – бауыр етің
(Аңыз-әңгіме)
Қазыбек  бидің  елге  белгілі  болған  кезі  екен.  Бірде 
бір  бала  үшін  дауласып,  екі  әйел  алдына  келіпті. 
Әйелдердің бірі: 
–  Мынау  баламды  мен  есін  білмейтін  жас  күнінде 
жоғалтып алып едім. Соны мына әйел тауып алды ма, 
әлде ұрлап алды ма, білмеймін, әйтеуір асырап алып-
ты… Бүгін баламды танып, тауып алдым. Бірақ мына 
әйел «өз балам» деп бермейді, – дейді.
Екінші әйел тұрып: 
– Мынау босқа жармасып тұр. Бұл – менің балам, – 
дейді.
   
Ең тәтті де – тіл, 
   
Ең ащы да – тіл.                Неліктен? 
   
Ең қатты да – тіл,
   
Ең жұмсақ та – тіл.  
 2. Мәтінді тыңда.
тіл
төрелік
шешендік сөз
тапқырлық
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


7
Қазыбек екі әйелді мұқият тыңдайды.  Сосын ойла-
нып отырып қалады. Сәлден кейін: 
–  Бірің  балаңды  жоғалттым,  енді  бірің  таптым 
дейсіңдер.  Бірақ  оның  шын-өтірігін  білетін  куә  жоқ. 
Сондықтан мынадай билік еткім келеді, – дейді Қазы-
бек би.
Ол баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қояды 
да, өзі алдаспанды жоғары көтереді. 
–  Екеуіңе  баланы  қақ  бөліп  берейін,  осыған  риза-
сыңдар ма? – дейді.
Сонда балаға ие болып жүрген әйел: 
–  Біреуге  тірі  бергенше,  жартысы  болса  да,  өзімде 
қалсын. Бөлсең, бөл! – дейді безеріп. Ал баланы таныған 
әйел:
– Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, ша-
ба көрмеңіз! – деп безек қағады.
Сонда Қазыбек би: 
– Бала мына жоғалтқан әйелдікі екен. Өйткені бала-
ның  амандығын  тілеп  тұр.  Баласын  өзіне  бер,  –  деп 
билік айтыпты.
Серік Негимов. «Шешендік сөздер» кітабынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   108




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет