9
Әйтеке би – қазақтың үш биінің
бірі. Бұхара мен Самарқан медре-
селерінде араб-парсы тілдерін үйрен-
ген. Даудың шешімін айтқанда Әйтеке
би әділдігімен әрі тапқырлығымен
ерекшеленген. Содан да болар, халық
«Әйтеке жа рып айтады» деп риза
болған.
2. Мәтінді тыңда.
3. Түсініп оқы.
Әйтеке бидің шешендігі
• Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
• Ашу деген – ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген – дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
• Кісіге бірге туыспау керек,
Туысқан соң, сөз қуыспау керек.
Сөз
қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
• Ағасы келсе,
ардақтап атын байлағандай,
Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай.
Тындырымды інісі болса,
Қанат-құйрығы
сай болып,
Ағаның алар тынысы болса,
Көңілі жай болып.
Інінің міндеті – басқару,
Ағаның реті – бас бағу емес пе?!
•
Екі адам керіссе, оның арты – қызыл шоқ.
Серік Негимов. «Шешендік сөздер» кітабынан
шешендік
тақырыбы
негізгі ойы
сөзге
тоқтау
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
10
4. Әйтеке бидің шешендік сөзін сәйкестендір.
Ашу деген – ...
олжаға жолығады
Ақыл деген – ...
дария
Сөз қуған ...
ағын су
Жол қуған ...
пәлеге жолығады
5. Әйтеке бидің әр нақыл сөзіндегі тақырыпты анықта.
Негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді тап.
Достарыңызбен бөлісу: