Лекцияның мақсаты: Студентке философия ұғымы туралы ғылыми түсінік беру. Мифология


№13- сабақ тақырыбы: Тарих философиясы



Pdf көрінісі
бет20/22
Дата31.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#23418
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Лекцияны ма саты Студентке философия ымы туралы ылыми т сін (3)

№13- сабақ тақырыбы: Тарих философиясы   

Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау. 

Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы. Миф «уақыты». Уақыттың 

антикалық түсінігі және тарихтың айналымы. Орта ғасырдағы және Қайта өрлеу дәуіріндегі 

тарих философиясы. Г.Гегельдің философия тарихы. Марксистік философия тарихы. 

Тарихтың «сыни» философиясы: Дильтей, Риккерт, Ясперс. Қазіргі заман 

философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері. . Тарих философиясының 

пәні. Тарих философиясының даму кезеңдерін қарастырудың негізгі әдістері. 

Адамзат тарихы: өткені-бүгіні-болашағы.Тарихтың мақсаты, мәні, бағыты мәселесі.Тарихи 

үдерістегі революциялық және эволюциялық. Тарихтың қозғаушы күштері. Тарихтағы 

прогресс және  регресс. Қазақстан тәуелсіздігі тарихының философиясы. «100 жаңа есім» 

жобасы – қазіргі Қазақстан тарихының бейнесі. Қазақстанның эволюциялық дамуы – елдің 

гүлдену мүмкіндігі. 

Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде 

антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда 

тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері.[1] Тарих философиясы деген термин 

екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; 

екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық 

бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда 

тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты 

басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты 

басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан 

сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде 

құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс 

пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын 

дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы 

ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан 

Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. 

Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. 



Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі 

ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік 

ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан 

арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм 

адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік 

концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір 

сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық 

трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің 

пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының 

актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің 

нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп 

жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық 

проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде 

социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік 

эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда 

болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). 

Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты 

мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың 

соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін 

талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи 

танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды 

жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект 

теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет 

ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің 

индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік 

Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының 

бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих 

философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап 

көрсетеді: 

 

өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру; 



материалдық молшылықтарға жету; 

ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының 

үлесінің кемуі; 

баюдың көзі ретінде соғысты жою; 

“индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы 

жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты. 

Тарихи прогресс өндіргіш күштерді жетілдіру нәтижесінде алға өрлейді. Саясат адам 

психикасындағы мифологиялық сенімдерге сүйенеді және өз тарапынан саяси мифтерді 

қалыптастырады.[2] 

Тарих философиясының өзектілігі және казіргі кезеңдегі міндеттері. Тарих философиясы 

методологиясының дамуы және оның негізгі белестері. 

 

Тарих түсінігінің кең мағыналылығы. Пәннің категориялық аппараты: әдіс, методология, 



тарихтың философиясы, тарихи философия, эпистемология, танымның әдістері, тарихи 

таным, тарихи үдеріс, тарихилық, тарихи теория, өркениет, мәдени-тарихи жүйе, тарихи 

сана. 

Ежелгі және орта ғасырлардағы адамдар қазіргі кездегі адамдар тәріздес шын болған 



оқиғаны өтірік сөзден ажыратып алуға қарсы болған жоқ. Алайда, шынайылық пен жалған 

дүниенің арасын бөліп тұрған шекараны әр дәуірдің адамдары әртүрлі белгілейді. Көптеген 

дәуірлер үшін таңғажайыптар әлемі егіннің шығуы, соғыстың болуы және осыған ұқсаған 

фактілер тәріздес өте шынайы болып есептелді; адамдар таңғажайыптың болғандығын 




дәлелдейтін фактілерді іздесіріп, оны «тапқаннан» кейін ғажайып дүниені болған факт деп 

есептеді. Аңыздар мен ата-бабалардың әңгімелерінің өзі осы таңғажайып фактілердің 

болғандығын толығымен дәлелдейтін еді – осылайша тарихи жады мен тарихи сананың 

ерекше формасы ретінде мифтер мен аңыздар пайда болды. Оның үстіне өткен туралы есте 

сақталған оқиғаларды «жөндеу» де жүзеге асырылып отырылды: мысалы, ортағасырлық 

орыс монахы монастырьлық хрониканы жаза отырып, оның арасына хроника жазылған 

нақты кезеңдегі болған оқиғаларды да кіріктіруі мүмкін. Осы кездегі монахтың әрекетін 

жалғандық деп танимыз ба, әлде, әділеттілікті өзінше қалпына келіру әрекеті деп 

қарастырамыз ба? Өткендегі болған оқиғаның болуы дұрыс, әділетті деп шешкен 

жылнамашының қимыл-әрекеті жалған емес, керісінше тарихи шынайылық пен ақиқатты 

қалпына келтірудің өзінше әрекеті. Тарихи жады, және оған негізделетін тарихи сана 

қоғамның әлеуметтік және мәдени өмірінің мазмұны әртүрлі қауымдастықтар мен оптардың 

шынайылық, ақиқаттылық уралы түсінігімен анықталатын құбылыстарына жатады. Бұл 

түсініктер уақыт өте келе өзгерісерге ұшырап, әртүрлі халықтар мен өркениеттердің 

дүниетанымы мен интеллекуалдық дәстүрінде белгілі бір формада сақталып қалды. Әртүрлі 

қауымдастықтар және олардың ішіндегі әртүрлі жекелеген әлнуметтік топтар тек өздеріне 

ғана тән тарихи сана мен тарихи жадының типтерін ғана қалыптастырып қана қоймай, 

өткенді түйсінудің әртүрлі дәрежесін де қалыптастырады. 

 

Адамдар болған белгілі бір оқиғаны бірқатар уақыт мерзімі өткеннен кейін ұмытып, басқа 



оқиғаның маңыздылығын жоғарыға көтеруге (яғни, өзектілендіруге, көкейтестілендіруге) 

бейім болады. Әлеуметтік жады мен тарихи сананы зерттеушілер өкендегі адамдар нені және 

не үшін ұмытқанын ескеруі керек деп есептейді. Жекелеген фактілер мен оқиғаларды өзінің 

ұжымдық санасынан не үшін өшіріп тастаған себептерін анықтау осы қауымдастықың өзінің 

тарихтағы орнын қалай деп түсінгендігін көрсетеді. Өткеннің әртүрлі аспектілерін ұмыту 

әртүрлі себептер арқылы болып отырды. 

 

Біріншіден, адамдарға жекелеген оқиғалар мен жағдайлар белгісіз болып отырды, тарихтың 



қойнауында аймақтар мен халықтардың тарихының тұтас дәуірлері жоғалып кетті. Негізінен 

оқиғаларды жазып есте сақтап отыру дәстүрі кең қалыптаспаған кездегі тарихтар үнемі 

ұмытылып отырылды. Мысалы, қазіргі кездегі европалықтардың ата-бабалары болып 

табылатын ру-тайпалардың тарихын қалпына келтіру өте үлкен қиыншылықпен гипотезалар 

құру, болжам жасау арқылы ғана мүмкін болды. Кельттердің, герман тайпаларының, 

славяндардың әлеуметтік және саяси ұйымдасуы, діни сенім-нанымдары туралы мәліметтер 

үзік-үзік болды. 

 

Мұндай мәліметтер әрбір халықтың тарихында да жетіп артылады. Мысал үшін айтар 



болсақ, Африка және Оңтүстік Американың халықтары өздерінің тарихы туралы жазбаларды 

жүргізуді тек соңғы жүзжылдықта ғана жүргізе бастады. Өзінің тарихи туралы жүйелі 

жазбалары жоқ халықтар тарихын жоғалтқан деп есептеледі, алайда, бұл олардың тарихы 

жоқ болды деген сөз емес, ол тарих ұмытылды деген мағынаны береді. 

 

Екіншіден, тарихи жадыны жоғалту адамзаттық немесе әлеуметтік санадан белгілі бір 



құбылыс туралы деректің табиғи түрде жойылуы арқылы (табиғи ұмыту) жүзеге асырылуы 

мүмкін. Жеке адамның жадысы немесе ұжымдық жады тарихтың саналуан фактілерінің 

барлығын есінде ұстап тұруға қауқарсыз. Ұмыту – өзін-өзі сақтап қалуының құралы. 

Адамзат қауымдастығының жадысынан жекелеген мәліметтерді жойып жіберумен қоса-

қабат, сол адамдар үшін маңызды болып саналып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетін 

ақпараттарды екшеп алу үдерістері болып тұрады. Есте сақтауға лайықты ақпараттарды 

бөліп алу, артық ақпаратты алып тастау техникасы әртүрлі. Олар қоғам мен оның 

топтарының деңгейі мен әлеуметтік даму типіне тәуелді болды. Ортағасырлық 

европалықтар, не болмаса антикалық тарихшылар, я болмаса қазіргі тарихшылар сақтаған 



тарихи мәліметер әртүрлі критерийлер бойынша іріктеледі. Ал, монастырь 

жылнамашылардың назарын мүлде басқа нәрселер аударды. Алайда, осылардың барлығына 

есте сақталатын, жазылатын құбылыстар мен оқиғалардың маңыздылығын түсіне білу, ал 

басқа фактілерді жазудан тыс қалдыра білу ортақ қасиет. Ал көп жағдайларда өткен дәуір 

тарихшыларының «ұмыт» қалдырған оқиғалары қайта оралып, қайтадан әлеуметтік сана мен 

тарихи жадының нысанына айналады. 

 

Үшіншіден, өткенді ұмыту қоғамдық сананы саяси және идеологиялық себептер мен 



негіздерге байланысты саналы түрде жүргізіледі. Жақын өткенде ғана болып өткен КСРО 

елдерінің тарихы осының жарқын және трагедиялық айғағы. Тек ресми тарихнама ғана емес, 

сондай-ақ көпшіліктік тарихи сана бірнеше онжылдықтарға қуғындаулар мен 

репрессияларды, адамдар мен тұтас әлеуметтік топтарды жойып жіберу фактілерін өз 

жадысынан шығарып жіберді. Жадыны ұмыту міндеттері әртүрлі болуы мүмкін. Тарихтың 

келеңсіз оқиғаларын ұлттық сезім мен мақтанышты күшейтуі мүмкін. Сондай-ақ, 

басқыншылар жеңіліске ұшыраған елдер мен халықтар туралы жадыны да жойып жіберуі 

заңды құбылыс, сөйтіп жауды жеңу фактісіне толық аяқталған сипат беруі мүмкін. 

 

Ұмыту – тарихи жадының бөлінбес бөлшегі. Бұл құбылыстың табиғаты мен қызметі 



саналуан. Бір жағынан, ол адамзаттың ұрпақтарының санасында сақталатын және 

жаңғыртылатын өткеннің келбетіне нұқсан келтіреді. Ал екінші жағынан, ұмытусыз, «артық 

ақпаратты» кесіп тастаусыз өткеннің тұас логикалық тізбектелген суреті сақтала алмайды, 

сөйтіп тарих фактілердің ретсіз жинағына айналады. 

 

Тарихи сана белгілі бір дәрежеде барлық адамзат ұрпағына тән. Алайда, өткенге қатынас 



жасау, ол туралы ақпаратты алу әртүрлі, сондықтан біз тарихи сананың әртүрлі типі туралы 

ой тұжырымдай аламыз. Тарихи сана типтерінің арасындағы негізгі айырмашылық екі 

фактормен анықталады: біріншіден, өткеннің суретіне деген эмоциалық және рационалдық 

қатынастың әртүрлі дәрежеде болуы; екіншіден, жекелеген тарихи куәліктердің негізінде 

қайта жаңғыртылатын өткеннің суретінің шынайылығының дәрежесі. 

 

Тарихты ғылым ретінде тану екіжақты пікірге ұшырады. Оның біріншісі тарих өткенді тану 



құралы емес дейді. Бұл пікірді жақтайтын М. Блок «Өткен өмірді ғылым нысаны деп 

танудың өрескел ой», – десе, У. Люси: «Тарихты өкенмен бірдей», – деп қарастыруға 

болмайды дейді. Ал, бұған қарама-қарсы пікірді жақтаушылар «Тарих – адамзатың көптеген 

ұрпақтары жинаған рухани-адамгершілік, мәдени және әлеуметтік тәжірибесі», – деп 

қарастырады (Семенникова Л.И.). 

 

Тарих үдеріс ретінде өзара тығыз байланыстағы табиғат пен қоғамның дамуы болып 



табылса, тарих ғылым ретінде саналуан қырлары бар адамза қоғамының дамуы туралы 

ғылым болып табылады. Осыдан келіп, «тарих» ғылыының зертеу пәні тарихи кеңістік пен 

уақыт ішінде қарастырылатын адамдардың қызметі мен әрекеі, қоғамдағы қатынастардың 

барлығы. 

 

Тарих ғылымының өзінің дербес ұстанымдары бар. Олардың біріншісі – сипаттау ұстанымы. 



Бұл ұстанымсыз тарихтың өзі адамзаттың өткені туралы әңгіме болып құрыла алмайды. 

Оның үстіне ол әлемнің тұтас бейнесін жасау және тарихтың көпшілік арасына насихаттау, 

уағыздау, тарату үшін қажет.  Екінші ұстаным – тарихшылдық ұстанымы. Ол бойынша 

барлық тарихи үдерістерді жүйелі түрде қарастыру, оқиғаны бөлшекің қосындысы түрінде 

қарастыру, құбылысты оның пайда болу үдерісінен логикалық аяқталуына дейінгі дамуын, 

қарастырылып отырылған құбылыстың (оқиғаның, фактінің) алдыңғы және кейінгі 

байланысын ескеру  (каузальдық байланыс) міндеттеледі. Соңғы ұстаным – объекивтілік 



ұстанымы. Тарих ғылым роліне тек қана объективті ақиқат білі ала алатындығын дәлелдеген 

жағдайда ғана ғылым ролін атқара алады. 

 

Фактілер көлемі, күрделілігі, мағынасы жағынан өзара ерекшеленеді. Мысалы, Қырым 



соғысы – бұл жекелеген, қайталанбайтын факт болып табылатын тарихи оқиға. Ол тарихта 

бір ғана мәрте (1853-1856 жж.), нақты хронологиялық кезең ішінде болды. Бұл соғысқа 

белгілі бір елдер ғана қатысты (Ресей, Түркия, Англия, Франция), кеңістік ішінде 

шоғырланған (әскери қимылдар Қара теңіз, Қырым түбегінде, Кавказ тауларында болды). 

Бұл оқиғаны түсініп, меңгеру үшін оны одан кішірек, Синоп шайқасы, Севастополь 

қорғанысы, Камчаткадағы-Петропавловск қорғанысы тәріздес фактілермен танысу арқылы 

игеру керек. Яғни, өзінің толық ашылуы үшін неғұрлым кішірек фактілерді білуді талап 

ететін күрделі фактілер – бірінші кезектегі фактілер, ал, кішірек фактілер – екінші кезектегі 

фактілер деп аталады. Бірінші кезектегі фактіні түсіну екінші кезектегі фактіні 

меңгермейінше  мүлдем мүмкін болмайды. 

 

Өз кезегінде екінші кезектегі фактілер де нақтыланады. Мысалы, жоғарыда келтірілген 



Синоп шайқасының өзі орыс және түрік эскадрасының орналасуы, олардың сапқа тұру 

ерекшеліктері, қару-жарақтарының ерекшеліктері, шайқас эпизодтары және т.б. бөліктерден 

құралады. Бұл фактілер тарихи білімнің алғашқы бөлшектері деп аталады. Әдістемеде олар 

тек бір ғана қарапайым тарихи құбылысты немесе оның бір ғана сипатты белгісін 

көрсетететін қарапайым фактілер деген топқа біріктіріледі. 

 

Оқиғалар мен құбылыстар бір-бірімен тығыс байланысты. Оқиғалар мен құбылыстар 



арасындағы байланыстар жекелеген, қайталанбайтын фактілерді оқу типтік фактілер мен 

құбылыстарды меңгеруді мүмкін ететіндігінен көрінеді. Мысалы, жекелеген шаруалыр 

көтерілістерімен танысу арқылы біз олардың феодализм кезіндегі негізгі күрес түріне 

айналған сипаттылығымен де таныс боламыз. 

 

Осы кезде кері байланысты да анықтауға болады. Мысалы, империализм дәуіріндегі 



капиталистік елдер арасындағы қарама-қайшылықтар үдерісін білу – І дүниежүзілік 

соғыстың себебі мен сипатын түсінуді мүмкін етеді. 

 

Фактілер – теориялық тұжырымдардың негізі болып табылады. Хронология және кезеңдеу. 



Пәнаралық байланыстар. Тарихнама тарих ғылымының тарихы ретінде. Тарихи ғылымда 

тарихнаманың орны, тарих ғылымының дамуына оның маңызы. Ежелгі дүние және 

ортағасырлар тарихының тарихнамасы пәні. Курс бойынша әдістемелік көрсетулер. 

 

Ежелгі дүние тарихнамасының жалпы мінездемесі. Мифтік сана. Эпостық тарихи түсінік. 



«Аңыз шығармашылығы адамзаттың мәдени өмірінің маңызды құбылысы, бұл құбылыс 

оның рухыни өмірін ондаған, тіпті жүздеген мың жыл бойына бағыттап отырады»,– деп атап 

көрсетеді ежелгі дәуір мифтерінің зерттеушісі И.М. Дьяконов (Дьяконов И.М. Предисловие. 

– В кн.: Мифология древнего мира. – М.: 1977. – С. 9). 

 

Тіпті антикалық тарихшы Тациттің дәуірінде мойындалған «ақыл-ой» ырымдарға тез сенеді. 



ХҮІІІ ғ. зерттеушісі Х.Г. Гейнс «барлық аңыздардың негізі – құбылыстардың себебін білмеу 

болып табылады»,– деді. 

 

Сонымен архаикалық сананың маңызды  сипаты табиғи және қоғамдық өмірдің 



құбылыстарын құдайлар мен ұлы күштердің әрекетімен түсіндіру болып табылады. Нақ 

осылар көне діндер мен аңыздардың әрекет жасаушы кейіпкерлері. 

 



Шығыстың құлиеленушілік қоғамының тарихнамасы. Ежелгі дүниеде тарихтың оқытылуы. 

Ежелгі дүние тарихнамасының жалпы мінездемесі. Шығыстың құлиеленушілік қоғамының 

тарихнамасы. Ежелгі Египеттегі Ү династия уақытындағы Палермдік тастағы жазбалар. Бізге 

жеткен ең көне тарихи жазба египеттік «Палерм тасындағы» жылнама. Ол Б.З.Б. ХХҮ 

ғасырда пайда болды. Онда Египетті 600-700 жыл бойына билеп тұрған патшалар туралы 

жазылған. «Палерм тасы» пайда болғаннан кейін 2000 жыл өткен соң Геродот өз елінің 

тарихын египеттіктерден артық ешкім білмейді деген баға берген. 

 

Шумер Аккад кезеңіндегі Көне өсиет – ежелгі еврейлік шығармалардың мифологиялық, діни 



және тарихи мазмұндағы жинағы. 

 

Гректердің тарихи ойлары мен әдебиетінің пайда болуы. Тарихи білімнің сипаттары Б.З.Б. 



ҮІ-Ү ғғ. грек жазушыларына да тән. Геродотқа дейінгі жазушылар өз әңгімелеріне тек 

мифтік аңыздар ғана емес, сондай-ақ, байлардың үйлері мен храмдарында сақталған жазба 

құжаттардың да мәліметтерін келтіреді. Алайда, бұл жазушылар тарихи оқиғаларды бір-

бірімен байланыстыра алған жоқ. Дегенмен, «История – Тарих» сөзі оосы жазушылардың 

кезінен бастап пайда болып, қолданысқа енді. 

 

Ионикалық полистер – ежелгі грек тарихнамасының отаны. Милеттен шыққан Гекатей және 



Дионисий, оның рационалистік аргументациясы, әлемнің әмбебаптық картасы идеясы және 

этнографиялық экскурсиялар. Лапсактан шыққан Харон. Геродот және тарихи процесстерге 

жаңа көзқарас.  Тарихи білімнің сипаттары Б.З.Б. ҮІ-Ү ғғ. грек жазушыларына да тән. 

Геродотқа дейінгі жазушылар өз әңгімелеріне тек мифтік аңыздар ғана емес, сондай-ақ, 

байлардың үйлері мен храмдарында сақталған жазба құжаттардың да мәліметтерін келтіреді. 

Алайда, бұл жазушылар тарихи оқиғаларды бір-бірімен байланыстыра алған жоқ. Дегенмен, 

«История – Тарих» сөзі оосы жазушылардың кезінен бастап пайда болып, қолданысқа енді. 

 

Геродоттың «Тарихы» (Б.З.Б. 490 және 480 жылдардан 430- және 424 жылдарға дейін) өз 



дәуірінің тарихи, географиялық және этнографиялық білімдерін жинақтап, оны бұрынғыдан 

жоғары дәрежеге көтерді. Бірақ, бұл кездегі Геродоттың пікіріне әлі де болса, ескі 

мифологиялық түсініктер ықпал етті. Осыған байланысты, «Тарихта» өткен оқиғалардың 

себебі онша ашылмай, олардың барлығы тағдырдың жазуы деп түсіндірілді. 

 

Геродот билеушілердің артықшылығы мен кемшіліктеріне үнемі баға беріп отырып, тарихи 



оқиғалардың болу себебін үнемі соларға тәуелді деп қарастырды, сөйтіп, бірте-бірте тарихи 

оқиғаларды сынау деңгейіне көтерілді. Мысалы, ол Гераклдың Египетте құдайға құрбандық 

шалуға әрекеттенуі де өтірік, себебі бұл мифті жазған эллиндіктердің өздері Египеттің салт-

дәстүрін білмейді, – деді. Египетте болған Геродот Египет дінінің адам құрбандығын талап 

етпейтіндігін жақсы білген. 

 

Геродот, сондай-ақ, скифтердің пайда болуына да сыни көзбен қарап, олардың Азиядан 



келіп, киммериялықтардың жерін басып алғандығы туралы мәліметке көп ден қойған. 

Геродот мына сөздердің авторы: «Мен өз естігендерімді жеткізуге міндеттімін, алайда 

барлығына сенуге міндетті емеспін». 

 

Антикалық дәуірдің өзінде-ақ Геродот тарихтың атасы деген атаққа ие болған. Өйткені 



Геродоттан бұрын грек-парсы соғыстарының тұтас дәуірі туралы ешкім де өзара 

байланысты, жүйелі және жан-жақты тарихи суретін жасаған емес еді. Геродот «Тарихы» – 

тарихтық және жағрафиялық білімдердің энциклопедиясы. Платон және Аристотель 

философиясы, олардың антикалық тарихтың құрылуына ықпалы. Фукидид және 

«Прагматикалық» тарихнаманың қалыптасуы. Пелопонесс соғысының сипаттамасы болған 

«Тарих» деген айтулы еңбектің авторы Фукидид (Б.З.Б 460-400 жж. шамасында) мифтерді 




сынауда Геродоттан әлдеқайда озып түсті. Фукидид өзінің шығармасында мысалдар жоқ 

болғандықтан, оқылуы ауыр болуы мүмкін, алайда шындықты білгісі келгендер үшін 

әлдеқайда пайдалы деп жазды. Фукидидті прагматикалық тарихнаманың негізін қалаушы деп 

айтуға болады. Прагматикалық тарихнама оқиғаларға сипаттама беріп қоюмен ғана 

шектелмейді, оның себептерін де іздестіреді. Фукидид тарихты құдайлар ғана емес, адамдар 

жасаған деген сенімде нық тұрған. Ал ,адам табиғаты өзгермейтін болғандықтан, олардың 

мақсаты, арманы т.б әр дәуірде де бірдей болмақ, яғни Фукидидтің адам табиғатының 

ерекшелігіне орай қазір болып жатқан оқиғалардың келешекте де қайталанатындығына көзі 

жетеді. Сондықтан тарихтың міндеті – саяси қайраткерге ақыл үйрету. Прагматикалық 

тарихнама – ақыл-кеңес беретін тарихнама. Оның мағынасын мына бір қанатты сөзбен 

жеткізуге болады: «History is magistra vitae» (тарих- өмірдің дәріскері). Өз еңбегін әскери 

тарихқа арнай отырып, Фукидид жеңістер мен сәтсіздіктердің себебін анықтауға, түсіндіруге 

ұмтылады. Ол халық санының басымдылығына, олардың байлық деңгейіне ақша 

қаражатына, саудасына, теңізде жүзуіне әжептеуір роль береді. Экономикалық факторларға 

үлкен мән бермесе де, оларға назар аударып, болашақтағы тарихнамалық еңбектерге негіз 

жасайды. Сондай-ақ, Фукидид соғыстағы теңіз флотының ролі туралы алғаш рет сөз 

қозғайды. 

 

Эфордың «Грецияның жалпы тарихы». Полибий тарихы және эллинистік дәстүрлердің Римге 



енуі. Аристотельден кейінгі кезең тарихшыларының ішінде антикалық дәуірдің әлем 

тарихнамасында алатын орнына ерекше үлес қосқан тарихшы – Полибий (шамамен Б.З.Б.  

200-120 жж.). Полибийдің еңбегі «Жалпы тарих» деп аталады. Бұрынғы кезеңде, – деп жазды 

ол, – оқиғалар жеке-жеке дамитын. Олардың әрқайсысының өзінің дербес орны, ерекше 

мақсаты мен соңы болатын. Рим мемлекетінің күшеюі кезінде барлық оқиғалар күшпен бір 

жаққа қарай бағытталды, бір мақсатқа бағындырылды. Қазіргі кезде барлық адамзаттың 

тұтас әлемнің бар болғаны небәрі 53 жылдың ішінде неге римляндықтарға толық бағынғанын 

түсінгісі келетіні түсінікті деп есептеді ол. 

 

Посейдоний және Диодор Сицилийский. Тит Ливий және дәстүрлік Рим тарихының 



қалыптасуы. Тит Ливийдің біртұтас Рим туралы тарихты жазуы: 142 кітаптан тұратын «Қала 

салынғаннан бері қарайғы Римнің тарихы». Тит Ливийдің деректерінің кемшіліктері. 

 

Плутарх және оның еңбегі. Дион Касий және оның «Рим тарихы». Латындық прозасында 



жазылған алғашқы тарихи шығарма ретінде Марк Катонның «Бастауы». Оның саяси және 

әскери тарихты оған қатысушылардың тұлғасы арқылы сипаттау ерекшеліктері. Публий 

Корнелий Тациттің (55-120 ж.) «Тарихқа» психологиялық-дидактикалық тұрғыдан қарауы. 

Тацит еңбектеріндегі пессимизм. Тит Ливийдің ізбасарларының ешқайсысы да оның 

еңбектерін өзгертуге ұмтылмады. Римдіктер тарихқа қызығушылықтарын жоймағанмен, 

толығымен оның рамкасы тарылды. Бұл көп жағдайда Рим империясының саяси 

жағдайлардың негіздеріне байланысты болды. Б.э. І-ғасырдағы тарихи шығармалар 

оппозициялық Принципат (Ерте империяның) сипатын алғандықтан, биліктен қарсылыққа 

ұшырасып, олардың ішінен аздаған шығармалары сақталды. тәуелсіз, еркін позицияда 

тарихты жазу қиын әрі қауіпті болды. замандастарына үлкен әсер еткен дәуір билеушісінің 

тарихшысы Тиберий Кремуций Кордтың үлгісі болды, ол Брут пен Кассийдің аттарының 

шығуына байланысты ең соңғы республикандық ретінде өзін-өзі өлтірді, ал оның шығармасы 

халық алдында өртелді. Осыдан соң, Юлийлер-Клавдийлер династиясының басқаруы 

құрметіне арналған. Ресми тарихты жазуға, ежелгі оқиғаларды баяндауға (Квинт Курций 

Руф, «Ұлы Александрдың қайраткерліктері туралы» кітап) немесе тарихи анекдоттар 

жинауға болды. 

 

Публий Карнелий Тацит (шамамен 55-шам.120) 96 жылы тиран Доминикан өлтіріліп, «есі 



ауысқан цезарлар» дәуірінің аяқталған кезінен бастап жазды. Аристократтар жанұясынан 


шыққан Тацит шешендік өнер саласында кең білім алып, оған жас кезінде атақты шешен 

болуына мүмкіндік берді. Тацит претордың, консулдың, Азиядағы римдік провинцияларда 

консулдан кейінгінің қызметтерін атқарды. Тумысынан сенаторлық атаққа жатпағанымен, 

Тацит оның өкілдеріне жақын оппазициялық көңіл-күйде болды. 

 

Тациттық негізгі тарихи еңбектері – «Тарих» (105-111; 14 кітабынан тек 1-4 және 5-ң басы 



сақталынған) және «Анналлдар» (111 жылдан кейін, 16 кітабынан бізге жеткені 1-6 және 11-

16), Августтың өлімінен (14). Доминиканның өлтірілуіне (96) дейінгі Рим империясының 

өткенін баяндайды. Мемлекеттегі болып жатқан жағдайларға терең пессимистік көзқарас 

Тациттың шығармаларына тән. Бұл Тацитке үлкен ықпал еткен Саллюстидің 

шығармаларымен байланыстырады. 

 

Тациттің мақсаты sine ira et studio – ашу-ызасыз және құштарлықсыз жазу. Тацит көп 



оқиғалардың куәгері болғандықтан, бұл құрылым жеке қайғы мен тәжірбиеден гөрі 

кіріспеуге ұмтылуға жақынырақ болды. тациттің тарихшы ретінде кінә сезімі – тек 

император тұсындағы мемлкеттік қызметі үшін ғана емес, сонымен бірге оның 

азаматтастарының Нерон мен Доминикан императорлары секілді қылмысты жасай 

алатындығынан болды. 

 

Тациттің пікірінше билікті біртұтас басқару формасы еркіндікке және ізгілік жасаушыларға 



үнемі қауіп төндіреді. Қауымның Трагедиясы Республиканың құлауы және ол алдын-ала 

айқын болып отырып, императорлық билік пен еркіндіктің сыйымсыз болуына байланысты 

болды. Тациттің ойынша, тарихшы ұрпақтарына өткенін, оның қылмыстары мен 

ұялатындарының бәрін және ретінде шынацы баяндау керек. Сондай-ақ, тирандарға қарсы 

шығуға қорықпаған азаматтардың да жасаған істерін жария ету. 

 

Мұндай міндеттер «Тарих» пен «Анналлдар» үшін мәліметтерді іріктеп алуға әсер етті. 



Тацит мемлекеттегі жыл сайынғы өтіп жатқан жағдайларды жазды. Әрбір баяндаудың 

соңында кемшіліктер, ресми тұлғалардың таңдамаларының, атақты адамдардың өлімдері 

туралы ескертіледі, іс-жүргізулер мен соттар, табиғи апаттардың тізбектері келтіріледі. Бірақ 

тарихшы өтіп жатқанның барлығын бағалауға құштарланбай, тек материалдың 

таңдамалысына назар аударды. Ауқымды империяның және оның провинцияларының өмірі 

баяндалудан шеткері қалып отырды. Негізгі назар аудару тек Римнің өзіне – императорлық 

сарайға, жоғарғы әскерге, сенатқа болды. 

 

Тацит тарихтағы орталық орынға оның жүрісін анықтайтын жеке тұлғаларды, адамдарды 



қойды. Ең алдымен бұл билік басында тұрғандарға қатысты болды. шығармаларда олардың 

зұлымдық және бұзақылық істері және мағынасыз сөз сөйлегендері келтірілген. 

Мемлекеттегі билікті ақылды адамдар басқарған бұрынғы уақытпен салыстырғанда, билік 

өзінің ақылдығын, моральдық негіздерін жойды. Осы және өткен уақыттардағы римдіктердің 

ұрпақтары басқа халықтардың, көбінесе айбарлы және қайратты германдықтардың салттары 

мен тәртіптеріне қарсы тұруға ашыла бастады. («Германия» трактатында). 

 

Тарихшы тек оқиғаның сыртқы ағымын ғана емес сондай-ақ, оған байланысты олардың 



маңызы мен себептерін білуге де ұмтылды. Заңсыздық пен құлдықтың себебін түсіндіруде 

Тацит өзінің алдындағы Салюстий мен Ливийдің жолын қуды. Азаматтық рух пен қауым 

моральін байлық жойды; сараңдық, байлық әскерді де, халықты да азғындады. Тацит 

тарихшы ретінде Римдік биліктегі құрылысының мұндай өзгерісіне шарасыз екендігін 

түсінгенмен, ол мұнымен келісе алмады. 

 

Барлығы да адамның жігеріне байланысты ма? Тациттің тексттерінде адамның өміріне 



құдайлар құрметтер мен бақыт сыйлауға емес, тек жазалау үшін араласып отырды. Фортуна 


мен тағдырдың әселері түсініксіз көрсетілді. Саллюстийдің кезінен бастап римдік 

тарихшыларға жағдайлардың өтуін түсіндіру қиындай түсті. 

 

Тацит тарихының мазмұны драма тәріздес болды. тексттегі маңызды орындарды портреттер, 



сөздер, жоғарғы және төменгі адамдардың мінез құлықтары, императорлар, интригандар, 

оппозиционерлер иеленді. Оның тарихының бөлімдері тарихи тұлғалардың қарсылығы 

ретінде көрінді. Тацит өз кеіпкерлерінің кемшіліктері немесе ізгілік жасаушылары бар 

ретінде сырттай қарастырды. Адамдардың мінездерін – Тацит те, оның алдындағылар да 

тұрақты ретінде көрсетті. Олар әртүрлі жағдайларда ашылып отырды. Болашақ қылмыстар 

да өз бейнесін сол кезге дейін жасырды. Кейіпкерлердің амалдары да сезіктену, қатыгездік, 

билікке ұмтылу сияқты мінездерінен көрінеді. 

 

Тарихшы тек оқиғаның сыртқы ағымын ғана емес сондай-ақ, оған байланысты олардың 



маңызы мен себептерін білуге де ұмтылды. Заңсыздық пен құлдықтың себебін түсіндіруде 

Тацит өзінің алдындағы Салюстий мен Ливийдің жолын қуды. Азаматтық рух пен қауым 

моральін байлық жойды; сараңдық, байлық әскерді де, халықты да азғындады. Тацит 

тарихшы ретінде Римдік биліктегі құрылысының мұндай өзгерісіне шарасыз екендігін 

түсінгенмен, ол мұнымен келісе алмады. 

 

Тацитттің шығармаларының тілі ашық және ерекше сөзтіркестеріне, архаикалық мәнерге, 



кейде өте қысқа сөйлемдерге байланысты түсінікті болды. 

 

Римдік тарихнаманың соңғы ірі өкілі ретінде Аммиан Марцелин (шамамен 330- шам. 400) 



саналады. Марцелин Рим мемлекетінің территариясында жаңа қауымның орнай 

бастағанында, Доминат дәуіріндегі кейінгі империяны жазды. Рим тарихының тұрақты 

факторлары герман тайпалары болды. Елдегі барлық өсуші рөлге христиандық ие болды. 

бұған қарамастан ежелгі Римнің рухы толығымен жойылмады. 

 

Ұлты грек, Антиохия тұрғыны Марцеллин әскерде де болды және император Юлиан 



Отступниктің парсыларға қарсы жорығына қатысты. Ол көп саяхаттаған, 380 жылдан бастап 

Римде тұрақтанып, онда өзінің «Қайраткерліктер» атты тарихи шығармасын жазды. 

 

Марцеллин сенаттан шыққан римді-тілдіктерге арналған топқа жақын болды. оған император 



Юлианның даралығын және ісін жоғары бағалау тән, сонымен бірге Римнің тарихы ежелгі 

дәстүрлермен, салттарымен, тілдік ерекшелігімен маңызды болды. 

 

Марцеллин Тациттің «Тарихын» үлгіге алып, оны 96 жылдан жалғастырды – император 



Нерваның басқаруынан (31 кітабынан бізге жеткені 353-378ж.ж. баяндайтын 14-31 

кітаптары) басталды. Императорлардың тарихын көптүрлі шегіністерді, ғылыми 

экскурсияларды байланыстыра отырып, хронологиялық ретке тізбектеп жазған. Шығармада 

әртүрлі ішкі және сыртқы саясат туралы, Рим империясының балқандық халықтардағы, 

германдықтардағы, Алдыңғы Азиядағы іс-жағдайларынан мәліметтер кездестіруге болады. 

Марцеллиндегі тарихы бұрынғысынша мәңгілік қаланың айналасында, бірақ тарихшының 

қызығушылығы көршілес территорияларда да болды. «Рим қаласының жағдайы туралы 

шолу» әлемнің әр жеріндегі провинцияларындағы жағдайлар туралы әңгімелермен 

кезектеседі. 

 

Марцеллин еңбегінің кейіпкері – бөлінбес тұлға, ал империя, мемлекет римдік ұйым гректің 



білімді құратын, әртүрлі халықтар мен тайпалардан шыққандардың кездесетін орны. Оның 

тарихында алдыңғы жоспарға сондай-ақ жаңа кейіпкерлер де – варварлар, римдіктердің 

өркениетіне қарсы тұрушылар да кірді. Марцеллиннің баяндауларының барлығы да 



Адрианополь шайқасындағы (378) император Валенттің өлімінен аяқталды. Марцеллин үшін 

оның кейіпкерлерінің мінездері өзгеріссіз. 

 

Рим тарихшыларының еңбектерінде Константа анық көрінген. Оның мәні, авторлар өздерін 



Римнің тұрақты фондағы ғұрпының бұзылуының, өзгерістер мен құлаудың куәгерлері 

ретінде сезінде. Алайда олардың өздері Мәңгі қаланың құлауына сенбеді. Марцеллиннің 

«Қайраткерлерінде» де осындай көңіл-күй сезілді. Тарихшының айтуынша, Рим өзінің 

барлық кемістіктері және жетіспеушілігі болса да адамзат өмірі болғанша өмір сүреді. 

 

Романизмдік грек Марцеллин Республика туралы мұңынан жанды естеліктер оқиғаның 



куәгерлерінің қалмауынан сынала алмады. Ол үшін Кейінгі Империя құлдыраудың жағдайын 

емес, көрегендік пен жақын кәріліктің күнін кешті. Алайда оның жақын жойылуы туралы сөз 

болмады. 

 

Марцеллин өзінің алдындағылары сияқты, рим мемлекетінің моральдық азғындалуының 



себебін билік басындағылардың мінез-құлықтарының бұзылуынан деп түсіндіруге ұмтылды. 

 

Тарихшының бірден-бір мақсаты – шындық. Осы өсиет ізімен жүру, әсіресе ой еркіндігі 



шектеулі кезде қиын. Марцеллиннің айтуынша, ол өз қауіпсіздігі үшін өз заманындағы 

оқиғалардың мән-жайының барлығын баяндаудың қажеттілігі жоқтығына күмәнданды. 

 

Марцеллиннің стилі Тациттің стилінен ерекшелінуі грек тілінің құрылысында болуы, оған 



метафоралық, білімді суреттеу тән. Марцеллин өзінің хатында басқа жазушылардың 

еңбектерімен байланыстарын көп берген. 

 

Аммиан Марцеллин өзін тілші, эллиндік ретінде сезінді. Неоплатонизмді жақтаушы 



тарихшы діни сауалдарда, христиандық оның еретиктері және сенімшінің тазалығы туралы 

мәселелерінде шыдамдылық танытты. 

 

Марцеллин – ұлы римдік тарихшылардың соңғы өкілі. Ол Рим империясындағы мәдениеттің, 



Империяның батыс бөлігіне ғасырдан аз уақыт өмір сүруі қалғанда, өмірді түсіндіру мен 

көрудің, тарихты христиандық оқыту мен түсіндірудің жаңа принциптік әдістері шыққан 

кезде өмір сүрді. 

 

Нерон және Доминикан дәуірінің Тацит көзқарасына ықпалы. Тациттің тарихты дамытушы 



негізгі рольді жекелеген тұлғалардың атқаруы туралы, жеке-дара биліктің тұлға 

адамгершілігіне кері ықпалы туралы пікірлері. 

 

Гай Саллюстий, оның еңбектерінің анналистикалық сипаты. Саллюстийдің мемлекеттік 



құрылым теориясы. Оның «Загавор Каталины», «Югуртинская война», «История» 

еңбектерінде Рим империясының укүйреу себептерін іздестіруі. Свитоний және Аммион 

Марцеллин. Антикалық тарихтың гуманистикалылығы және субстанционалдығы. Ежелгі 

дүниенің ортағасырлық тарихнамасының негізгі ерекшеліктері. Аврелий Августиннің 

антикалық дәстүрлерді қолдануы. Византияның антикалық мәдениетінің қайта өркендеуі. 

Ортағасырлық Ресей тарихнамасындағы антикалық тематика. 

 

  

 



№2. Тарих философиясының қалыптасуы және дамуы 

 

  



 


А. Тарих философиясының қалыптасуы және дамуы. 

 

Б. Тарихи үдерістің категориялары 



 

В. Тарихи үдерістің толқындық сипаты. 

 

  

 



Тарих философиясының немістік мектебі. Гегель мектебі және әмбебап тарихи үдеріс 

концепциясы. Неміс позитивизмі. Неокантиандық мектептер. Тарих философиясының 

француздық мектебі. Р.Декарттың конструктивизмі. Француз ағартушылары тарихтың 

философиясы туралы. Француз позитивизмі. "Анналдар" мектебі. Тарихи үдерістің 

дамуынын марксистік теорияс. К.Маркс, Ф.Энгельс және тарихты материалистік тұрғыдан 

түсіндіру. Тарихи білімдердің жинақталу қорының кезеңдері. Тарих туралы жазба деректер 

мен шығармаларды жасау тарихтың барлық кезеңдері үшін тән құбылыс емес. Жазба 

деректер болмаған кезде  әрине, жазбаша тарих та болған жоқ. Сондықтан, өткеннің 

оқиғалары тек қана ауыз әдебиеті – фольклорда ғана сақталып қалды. Ал ең бастысы – 

тарихи түсініктердің пайда болуы үшін адамзат санасы өзінің тарихи дәуірдің бір кезеңінен 

екінші кезеңіне өткендігін түсіне алуы мүмкін болған кезде ғана жасалады. Қазіргі заманның 

адамының санасы мұндай өткелең кезеңдері толық ажырата алады, сондықтан, тарихи 

түсініктердің, тарихи білімдердің және тарих ғылымының пайда болуына мүмкіндік береді. 

Сонымен, тарихи кезең ішіндегі тарихи білімдердің жинақталудың алғашқы кезеңі ежелгі 

Египеттегі алғашқы жазба ескерткіштерінің пайда болуы. Палерм тасы. 

 

Тарихи уақыттың ортағасырлық концепциясы: антикалық, библиялық және ежелгі 



германдық кезең деп бөлудің қалыптасуы. ІІІ-Ү ғғ. алғашқы христиандық 

хронографиялардың пайда болуы. Иорданның «Гетикасы». Григорий Туркский, Иседор 

Сивильский. Ағылшын тарихшысы Беда Достопочтенныйдың (672/673-735) алғаш рет 731 ж. 

тарихнамаға жыл санауды Иса пайғамбардың туылуынан бастауды ұсынуы және оның ХІ ғ. 

кең тарауы. Павел Диакон. Орта ғасырлық тарихнаманың басталуы. Ерте ортағасырдың 

тарихи шығармаларында христиандық діннің ролі. Ортағасырлық тарихшының шындыққа 

көзқарасы. Әлемнің пайда болуынан бастап, христостың екінші келуіне  дейінгі аралық өмір 

– ортағасырлық  шіркеудің тарихқа берген анықтамасы. Кез-келген оқиғаның іргелі себебі – 

құдайдың әмірі. Тарих құдайдың бұйрығымен болып отырады, адамдар құдайдың бұйрығын 

сөзсіз орындаушылар,  олардың сана-сезімі, ерік күші тарихты өзгертуге қауқарсыз деп 

есептеді. Ал өмірде болып жатқан сұмдықтарды да құдай әдейі жасап отыр, өйткені адамдар 

жақсы оқиғалардың бағасы мен құнын дұрыс түсіну керек деп есептеді. Сөйтіп, 

ортағасырлық провиденциализм антикалық прагматизмді біртіндеп кері ысыра бастады. 

 

Уақыттың сызықтық үлгісі. Тарихты (іс-әрекет) және хрониканың (анналдар) өзара 



айырмашылығы. Тарих пен хрониканың синтезделуі. Тарихнаманың триверизм (грамматика, 

риторика, диалектика) пәндерінің ережелерін өзіне қабылдауы. Ортағасырлық тарихшының 

ұйымдасуы мен әдістері. Августиннің дүниені түсінуі және оның тарихи процесстерге 

көзқарастары. Ортағасырлық шіркеу иелерінің ішінде Августин және басқалары антикалық 

тарихи ескерткіштерге жасаған қарым-қатынастары басқалардан өзгеше болды және олар 

антикалық шығармалардың үлгілерін өздерінің қызметтерінде үнемі пайдаланып отырды. 

 

Ол өзінің «О граде божьем» деген еңбегінде тарих құдайдың бұйрығымен болып отырады, 



адамдар құдайдың бұйрығын сөзсіз орындаушылар,  олардың сана-сезімі, ерік күші тарихты 

өзгертуге қауқарсыз деп есептеді. Ал өмірде болып жатқан сұмдықтарды да құдай әдейі 

жасап отыр, өйткені адамдар жақсы оқиғалардың бағасы мен құнын дұрыс түсіну керек деп 

есептеді. 




 

Каролиндік кезеңдегі тарихнама және оның құлауы. Дамыған феодализм кезеңінде шіркеулік 

феодалдық тарихнама (Ножанский, Сугерий, Ганорияны «Әлем суреті», Эадмер, Ульям 

Мэмсберийский, Ламперт, Оттон, Гельмольт, Готфорд Витербский, Арнульф, Матвей 

Парижский, Салимбене, Мартин Опавский, Винцент из Бове).  Ульям Ньюбуркский және 

тарихи сынаудың қалыптасуы. Кейінгі феодализмнің тарихнамасы (Хигден, Кэпгрев, Яков 

Твингер). Жан Лебельдің «Шыншыл хроникалары», Жан Фруассардың «Хроникалары». 

Филлип де Каллин, Буркард Цинг, Дино Компаньи, Филиппо Вилани. Дәстүрлік шіркеулік 

тарихнаманың құлауы. Жылнамалар жинағы Русьтегі алғашқы тарихи шығармалар ретінде. 

Ортасырлық орыс тарихи әдебиетінің негізгі жанры жылнама жазу болып есептеледі. Оның 

алғашқы пайда болуы туралы белгілі қалыптасқан пікір жоқ, дегенмен, барлық зерттеушілер 

бізге дейін келіп жеткен жылнамалар олырдың алғашқы жазбалары емес, кейіннен барлық 

жазбаларды топтастыруға ұмтылған жинақтар екендігіне тоқталған. ХІҮ ғ. жасалған 

Ипатьев, Лаврентьев және басқа жылнамалар жинағының бастапқы бөліктерін ХІІ ғ. 

жасалған «Мерзімдік жылдардың баяны (Повесть временных лет)» жылнамалары 

құрайтындығын анықталды. «Мерзімдік жылдар баяны» жылнамаларын алғашқы жазушы – 

Киев-Печер монастырының монахы – Нестор. Ол өзінің баяндауын 1113 жылға дейін алфп 

келеді Осы жылы Святополк князь өліп, оның орнына таққа Владимир Мономах келеді де, 

Киевтің Выдубец монастырының монахы Сильвестрге «Мерзімдік жылдар баянының» 1116 

жылға дейін жеткізілген екінші нұсқасын жазғызады. Ал 1118 жылға дейін жеткізілген 3-ші 

нұсқаның авторы белгісіз. Дегенмен, «Мерзімдік жылдар баянының» Нестор жазған алғашқы 

нұсқасының өзі де жеке адамның шығармасы екендігі, оның да бірнеше жылнамалардың 

жинастырылғын жинақтық нұсқа екендігі анық болған. Өйткені оған ХІ ғғ. жазылған Киев 

және Новгород жылнамалар жинақтары енгізіліп, құрастырылып жасалған. Ежелгірусь 

жылнамаларының жазылуының мұндай схемасын зерттеуші А.А. Шахматов та ХІХ ғ. 

соңында және ХХ ғ. басында-ақ байқаған. 

 

Жылнамашылар орыс князьдері архивтерінде сақталған жазбаларды еркін пайдалана алған, 



олардың ішінде Олег пен Игорьдың гректермен жасаған келісім шартының мазмұнын өз 

жылнамаларының мазмұнына кіріктіруге рұқсат берілген. Сонымен қатар, оқиғаларға 

тікелей қатысушылардың әңгімелеуінен де жылнамалар мазмұны толықтырылып, жарқын 

әрі шынайы эпизодтармен байытылып отырылған. 

 

«Мерзімдік жылдар баянының» аталымының алғашқы нұсқаларының бірі – «Се повести 



времяньных лет, откуда есть пошла Русская земля, кто в Киеве нача первее княжити, откуда 

Русская земля стала есть» екендігін орыс зерттеушісі А.А. Шахматов байқап ұсынған. Және 

жылнамалардың барлығының ортақ тақырыбы құдайдың қаһарынан қорқу және қорқыту 

болғанымен, орыс халқының мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын жазу және соны дәріптеу 

де негізгі орында тұрған. 

 

Еуропа елдерінің халық ауыз шығармалары және Русьтегі былиндік циклдың қалыптасуы. 



 

Тарихи теория - тарихи әрекет, тарих үдеріс теориясы. Тарихи үдеріс теориясының 

категориялары. "Қоғамдық-экономикалық формация" категориясы және оның тарих пен 

әлеуметтану ғылымдарын-дағы функциялары. "Өркениет" категориясы және онын танымдық 

функциясы. Тарихи үдерістегі субъективтілік пен объективтіліктің диалектикасы. Тарихи 

заңдылық. Қажеттілік пен кездейсоктық. Альтернативтілік (баламалылық). Қоғамдағы 

альтернативтік мүмкіншіліктердің нақты тарихи заңдылықка айналу жағдайлары. Тарихтың 

көпөлшемділігі. Тарихи білімдерді жи-нақтаудың сабактастылығы. Тарихи оқиғалар мен 

тарихи құбылыстар. 

 



Тарихи циклдар. Циклдық динамика мен генетиканың жалпы тарихи заңдылықтары. Тарихи 

циклдарды кеңістіктік тұрғыдан карау. Тарихтағы географиялық фактордың ролі. Тарихи 

үдеріс ырғағының өлшемділігі. Тарихи уақыт. Қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ 

мерзімдік циклдар. Циклдар арасындағы өтпелі кезең. 

 

  

 



№3   Тарихи үдерістің категориялары мен сипаты. 

 

  



 

А. Тарих пен идеологияның арақатынастары және өзара ықпалы. 

 

Б. Тарих және саясат. 



 

В. Тарихтың позитивистік методологиясындағы субъект мен объектің арақатынасы. 

 

  

 



Тарих өткенді тану үдерісі ретінде өзінің құрамына өткен өмір туралы ақпаратты іріктеу мен 

оны сақтауды біріктіретін әлеуметтік еске сақтаудың бір түрі болып табылады. Тарихи жады 

және ұмыту. Жады, еске сақтау адамзат қауымдастығын жануарлар әлемінен 

ерекшелендіретін қасиет болып табылады: осы қасиеті арқылы адамдар өз өткеніне салиқалы 

қатынас жасайды, өзін-өзі таниды, өз бағытын айқындайды. Еске сақтау қабілетінен 

айрылған адам өзін-өзі түсінуден қалады, басқа адамдар арасынан өз орнын табу 

мүмкіншілігінен айрылады.  Еске сақтау абстарктілеуден өзгеше: бұл адамзаттың өз басынан 

өткен өмір, оның өмірлік тәжірибесі. Тұтас адамзаттың өмірлік тәжірибесі – яғни, тұтас 

қоғамның тарихи тәжірибесі. Тарихи жадының қалыптасуы үшін үш фактордың болуы шарт: 

өткенді ұмыту; белгілі бір фактілер мен оқиғаларды түсіндірудің әртүрлі әдістерінің болуы; 

бүгінгі заманда өзекті болып отырған мәселелердің үдерісін өткен заманнан іздеп тауып, 

ашу. 


 

Тарихи жады және ұмыту. Өткеннің белгілі-бір аспектілерін ұмытудың 3 түрлі себептері. 

Тарихи  ұмыту тарихи жадының қажетті құрамдас бөлігі ретінде. 

 

Тарихи жады және өткенді түсіндіру. Тарихи фактінің өзі және оның мағынасын түсіндіру. 



Тарихи құбылыс түсінігінің мағынасы. Түсіндірудің көпмодальдылығы: тарихи құбылыстың 

өзінің мағынасы; тарихи құбылысқа өткен уақыт факторын ескере отырып, болашақ 

ұрпақтардың беретін мағынасы; тарихи құбылысқа дербес идеологиялық және саяси 

мақсаттарын көздей отырып, өткен өмірдің беделін пайдалана отырып жекелеген адамдар 

мен әлеуметтік топтардың беретін мағынасы.  Тарихи мағынаға баға беру қажеттілігі мен 

оны жүзеге асыру. Тарихи оқиғаға баға берудің көпмодальдылығы. 

 

Тарих ғылымының саяси функциялары және әлеуметтік статусы. Тарих ғылымының 



әлеуметтану ғылымымен ұқсастығы мен ерекшеліктері. Тарихи тәжірибе және бүгінгі заман. 

Тарих ғылымындағы өзектілік және көкейтестілік. Тарих және қоғамдық сана. Тарих 

ғылымы және тарихи сана. Тарихи сананың құрылымы. Гуманизмді тарихи құбылыс ретінде 

түсіну жаңа тарихи ой-пікірдің пайда болуы кейінгі ортағасыр дәуіріне сәйкес келеді. Бұл 

кезеңде Батыс Европаның алдыңғы қатарлы елдерінде феодалдық қарым-қатынастың 

шапшаң ыдырауы үдерісі жүріп жатқан болатын. Осының негізінде капиталистік өндіріс 

тәсілі пайда бола бастады. Бұл абсолюттік монархия түрінде тұтас елдің көлемінде 

орталықтандырылған мемлкеттің қалыптасуы, яғни, өтпелі кезең болатын. Буржуазиялық 




ұлттардың қалыптасуының алғышарттары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың өте 

күрделі шиеленісуі болып өтті. Қала халқының жоғарғы тобының негізінде пайда болған 

буржуазия ол кезде жаңа тап болатын. Олар ескі тап – феодалдармен ой-пікірлік күреске 

түсіп, бірқатар жаңа көзқарастарды қалыптастырды. Яғни, жаңа тап буржуазияның 

идеологиясы әлемді теологиялық тұрғыдан түсіндіру бағытына қарсы шыққан зайырлы жаңа 

дүниетаным болып табылды. Буржуазия табы қоғам мен табиғатта болып жатқан 

құбылыстарды жалаң діни сенім емес, ақыл-ой тұрғысыснан түсіндіруге ұмтылды, бұл бағыт 

рационализм деп аталды. Гуманизм адам тұлғасына бас иді, оны табиғаттың ең жоғарғы 

туындысы деп есептеді, шығармашыл адамды гуманистер құдайға қарсы қойды. Гуманистік 

дүниетанымға дербесшіл бағыт тән болды. Сондай-ақ, гуманистік танымның сипатты белгісі 

антикалық мәдениетке үлкен қызығушылық таныту болды. Гуманистер антикалық 

жазушылардың, ғалымдардың, философтардың, суретшілердің, орта ғасырда ұмыт болған 

классикалық латын тілінің барлығына қызығушылық таныту нәтижесінде оларды қайта 

жаңғыртуға, қайта жасауға ұмтылды. 

 

Гуманистердің рационализмі негізінде олардың дүние туралы түсінігін қалыптастырған 



иделизм бағыты болды. Гуманизм негізінде Батыс Европада ғылыми білімдердің еркін түрде 

дамуы жүзеге асты. 

 

ХІХ ғ. басынан бастап, гуманизм бағытының кең тарауы нәтижесінде тарихи ой-пікір 



дамуына, тарихты оқып-зерттеу әдістеріне, тарихи еңбектердің әдеби стиліне өте көп 

жаңалықтар енгізген гуманистік тарихнама қалыптаса бастайды. Батыс Европаның  әртүрлі 

елдерінде ұлттық даму ерекшелігіне байланысты сипаты әртүрлі болып келген гуманистік 

тарихнама кең тарады. Алайда, олардың ортақ белгілері де өте көп болды. 

 

Тарихқа діни емес, зайырлы сипат беру. 



Тарихты адам қызметінің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, оқиғалардың ұтымды себебін 

іздеді. Көптеген жағдайларда олар оқиғалардың қарапайым себеп-салдарлық байланысынан 

асып шыға алған жоқ. Бұл бағыттағы бірқатар тарихшылар ХҮІ ғ. өзінде тарихи үдерістің 

жалпы заңдылықтарын іздестіре бастады. Көптеген жағдайларда олар оқиғалардың 

қарапайым себеп-салдарлық байланысынан асып шыға алған жоқ. Бұл бағыттағы бірқатар 

тарихшылар ХҮІ ғ.өзінде тарихи үдерістің жалпы заңдылықтарын іздестіре бастады. 

Тарихнамадағы провиденциализмді ығыстырып шығарған гуманистер ортағасырлық 

ғажайыптарды толық жоққа шығарды. ХҮғ. тарихшылардың жұмыстарының ортағасырлық 

жылнамалардан өзгешелігі. Тарихи критиканың туылуы. Жаңа тарихи кезеңнің құрылуы. 

Антикалық тарихшы еңбектерінің жариалануы, латын тіліне аударылуы. ХҮғ. Тарихшы-

гуманистердің тарихи ғылымды кеңейту мен классикалық археологияны құрудағы ролі. 

Гуманистер деректерді тарихи сынаудың негізін жасаушылар болып табылады. Олардың 

арасынан алғашқы археологтар пайда болды, өйткені гуманистер материалдық мәдениет пен 

жазудың жаңа деректері мен ескерткіштерін іздестіріп, жарыққа шығару жұмысымен 

айналысатын. Риторикалық саяси және эрудиттік мектептер. Биографиялық жанрлар. 

Гуманизм элементтері. Материалды зайырлы түрде мазмұндау. Құжаттардың датасын қою. 

Петрарка, Боккаччо, Лорецио Валла, Макиавелли және Гвиччардинидің еңбектері. 

Гуманистер тарихнамада тарихты жаңа дәуірге бөлу ілімін жасады. Яғни, тарихты Ассиро-

Вавилон, Мид-Парсы, Грек-Македон, Рим монархиясы бойынша кезеңдерге бөлуді тоқтатып, 

жаңа үш кезең – «көне дәуір», «орта ғасыр», «жаңа тарих» кезеңдерін жасады. Қайта өрлеу 

тарих философиясындағы «өркениеттілік» түсінігі. Триада негізіндегі әлемдік тарихты 

кезеңге бөлу тұжырымының даярлануы: «антикалық-орта ғасыр-Қайта өрлеу». Тарихи 

процесстердің теологиялық тұжырымдарына сын. Гуманизм дәуірінде тарихи 

шығармалардың тілі де бірқатар өзгерістерге ұшырады. ХҮІ ғ. ұлттық сананың өсуіне 

байланысты Батыс Европада латын тілімен қоа оқушылардың үлкен бөлігіне түсінікті ұлттық 

тілдер – яғни, итальян, француз, ағылшын, неміс тілдері пайдалына бастады. Гуманистік 




тарихнама тарихи білімдердің ең алғашқы формасы болып табылады. Сондықтан ол 

ортағасырлық әлсіздікті толық жоя алған жоқ. Гуманистік тарихнаманың Отаны – Италия. 

Ол ХҮ ғ. бастап дами бастады, өйткені бұл елде капитализмнің элементтері мен 

ертебуржуазиялық дүниетанымның алғашқы формалары қалыптаса бастаған болатын. 

Кейінірек, ХҮІ ғ. бұл жаңалықтар Батыс Европаның басқа елдерінде де пайда бола бастады. 

Қайта өрлеу тарих философиясындағы «өркениеттілік» түсінігі. Италиандық гуманистік 

тарихнаманың ірі мектептері Ф.Биондоның «эрудиттік сыни мектебі», Н.Макиавеллидің 

және Ф.Гвиччаридинидің «жаңа саяси мектебі»). Италиядағы гуманистік тарихнаманың 

өкілдері тек тарихшы ғана болып қойған жоқ, олар әдетте филологиямен және 

философиямен қосақабат айналысты. Флоренцияда жаңа гуманистік тарихнаманың пайда 

болуы. Флоренцияда осы бағыттың алғашқысы болып ХҮ ғ. «Саяси-риторикалық мектеп» 

пайда болды. Оның пайда болуына республикалық Флоренция мен герцогтық Миланның 

арасындағы өткір жанжал және патриоттық доғарғы көңіл-күй себеп болды. «Саяси-

риторикалық мектеп» әрбір адам өз мүддесімен ұштастыратын, және оған қызмет ететін, оны 

сәтсіздіктер кезінде, табысты кезінде де көтермелейтін азамат болуы тиіс дейтін азаматтық 

гуманизм идеяларымен тығыз байланысты болды. 

Бұл мектептің негізін қалаушы флоренция гуманисі Леонардо Бруни. Оның негізгі тарихи 

шығармасы 12 томдық «Флоренция  тарихы». Өз еңбегінде Бруни көнеримдік 

республиканың азат мұрагері деп есептеді. Тарихшы ретінде Бруни лортағасырлық 

дәстүрлерден біржола бастартты. Ол жаңа тарихи кезеңнің басы етіп Батыс Рим 

империясының күйреу кезін алды, ал ортағасырды ерекше дәуір ретінде қарастырды. Ол 

өзінің құдайға қатынасы туралы ешқандай пікір білдірген жоқ.  

 

ХҮ-ХҮІІғғ. тарих ғылымы.реформация мен контрреформация кезеңіндегі тарихнама. 



Ағылшын буржуазиялық ревалюция кезеңіндегі оқытулар. Эрудит мектебінің дамуы. Томас 

Гоббс, Гуго Гроций, Джон Мильтон, Генри Болингброк, Вико. 

 

Техникалық тарихи зерттеулердегі табыстар. Юридикалық деректерді жариялау. Ежелгі 



дүниедегі заттай деректерге көңіл аудару. Ежелгі жазба жинақтарды шығару. Қосымша 

тарихи пәндерді – нумизматика, дипломатика, тарихи география, хронологияны 

қалыптастыру және дамыту. Қоғам мен табиғат өзара қатынас идеясын әрі қарай дамыту. 

(Жан Боден, Хуан Уарте). Аудармалы тарихи шығармаларды тарату. 

 

ХҮІІ ғасыр адамзат тарихын философиялық тұрғыда қарастыру табиғи құқық және қоғамдық 



шарт туралы іліммен байланысты болды. Оның ең көрнекті өкілі голланд юристі Г. Гроцкий 

(1583-1645) және ағылшын философы Т. Гоббс болды. 

 

Гоббс Фукидидтің «Тарихын» ағылшын тіліне аударды. Г. Гроций Тацит еңбектерін аударып 



басты. Өзі де бірнеше еңбектің авторы болды. Гроцийдің маңызды еңбегі 1625 жылы 

басылып шыққан  «Соғыс және бейбітшілік құқығы». Ал, Гоббстың маңызды еңбегі 1651 

жылы жарық көрген «Левиафан» еңбегі. 

 

Макиавелли және басқа да гуманистердің ізінше Гоббс пен Гроцкий мемлекетке адам 



көзімен қарап, оның шынайы заңдылығын ашты. 

 

Гроцкий адамды қоғамдық жан иесі деп есептеді. Өзі тәріздес жан иелерімен қарым-қатынас 



жасауға ұмтылуы оның маңызды қасиеті.Алғашқы адамдарда жеке меншік болған жоқ. 

Мемлекет Гроций бойынша «Ақиқат пен жалпыға бірдей пайданы сақтау үшін біріккен еркін 

адамдардың одағы» 

 

Гоббс адамды эгоист, бір адам барлық адамға бірдей соғыс жағдайында болады деп есептеді. 



Сондықтан оларды бірқалыпты бейбітшілік жағдайында ұстап тұру үшін мемлекет керек. 


 

Гроцийдің көзқарастарында Нидерландыда жеңіске жеткен буржуазиялық революцияны 

жақтау орын алды. Гроций, егер жоғарғы билік басындағылар дұрыс басқармаса, оларға 

қарсы шығу дұрыс деп есептеді. 

 

Гоббс болса, табиғи жағдайдағы адамдардың құқығы шексіз,ал құқығын адамдар мемлекетке 



берген жағдайда мемлекеттің де құқығы шексіз болмақ. Гоббстың «Левиафан» еңбегінде 

мемлекеттік заң жер бетіндегі жалғыз құқық деп жарияланған.Ал мемлекет болса адамның 

бақытты өмір сүруін қамтамасыз етуі керек.Оның төрт шарты бар: 

 

Сыртқы жаудан қорғау; 



Мемлекет ішінде бейбітшілік сақтау; 

Халықтың әл-ауқаты мен байлығын көтеру; 

Әр азаматқа басқа азаматтың бостандығына нұқсан келмейтін дәрежеде бостандықты 

иемдену құқығын беру; 

Табиғи құқық пен мемлекеттің шексіз құқығы ғана емес, сондай-ақ оның ақыл-ойға сүйеніп, 

қоластындағы халықтың игілігі үшін қам жеу мемлекеттің бұлжымас міндеті болып 

табылады. 

 

Гоббстың әлеуметтік – саяси көзқарасы  ағылшын буржуазиясы мен жаңа дворяндардың 



мүддесіне сәйкес келді. 

 

Гроций соғыс жіне халықаралық қатынас туралы да алдыңғы қатарлы пікір айтты. 



 

Гроций халықарлық құқықтың негізінде жалпыадамзаттық қасиетті алып, халықаралық 

құқықты толық және рет-ретімен айтып берді.Жекелеген адамдар тәрізді тұтас қалықтар да 

өз мүддесі мен пайдасы үшін әрекет етеді.Алайда бұл әрекет басқа халыққа зиян тигізбеуі 

керек.Басқа халықтың құқығына қол сұққан халықтың болашақтағы өзінің тыныштығын 

мәңгі бұзады, себебі оған үнемі жауап ретінде қарсы шабуыл қаупі төніп тұрады. 

 

Гроций соғыстың қажеттілігін жоққа шығарған жоқ.Бірақ ол біріншіден, соғысты гуманды 



түрде жүргізу керек, ал екіншіден, соғысты әділетті және әділетсіз деп бөлу керек деп 

есептеді. Әділетті соғысқа ол қорғану, өз мүлкін қайтарып алу, құқығына қол сұғуды 

жазалауды жатқызды. 

 

Сондай-ақ, Гроцкийдің ықпалымен халықаралық қатынас мәселесі,халықаралық құқық және 



дипломатиялық шарттар тарихнамада құрметті орынға ие болды. 

 

Гроцкий мен Гоббс құдайды жоққа шығармайды. Алайда адамды оның қоршаған ортасын 



жасап берген құдай, онан әрі өз тарихын жасауды адамның өзіне тапсырған. 

 

Франция католик священнигі Ж.Босное (1627-1704) «Әлем тарихы туралы ой», Протестант 



шіркеуінің адасу тарихы», «Қасиетті жазудың шынайы сөзінен алынған саясат» деген 

еңбектер жазды. Бұл еңбектердің тілі мен жазу стилі тамаша болғандықтан, ол өз заманында 

танымал болған. 

 

Гроцкий және Гоббс тәріздес Босное мемлекеттік ерікті шартжасасудың нәтижесінде пайда 



болды деп есептейді. Алайда, адамның қоғамдық табиғатын мойындай отырып,Босное көп 

құбылысты құдайдың жасағаны дептүсіндіреді.Өзінің осы қарама-қарсылығын шешпек 

болған Босное тарихи оқиғалардың себебін алғашқы және екінші деп бөлді........ 

 



Неміс ғалымдары C.Пуфендорф (1632-1694) және Хр.Вольф (1679-1754) Боснео тәріздес 

Гоббс пен Гроцийдің ойының ерекшелігі мен жаңашылдығы жағынан кем түсіп жатты. Олар 

эклек тизмге бой ұрып жаңа ғылыми идеяларды ескі теологиялық теориямен 

ымыраластырмақ болды. С.Пуфендорф құлдықтың өзін құдайдың жазғаны деп 

түсіндірмекші болды. 

 

Тарихи ой тарихында ХҮІІІ ғ. І ширегінде ерекше орын алған итальян оқымыстысы 



Джамбаттисто Вико (1688-1744) болды. Оның 1725 жылы шыққан «Ұлттық бірыңғай 

табиғаты туралы жаңа ғылымның негізін салу» еңбегінде шындығында да жаңа әрі дарынды 

пікір көп болды. 

 

Ерте модернизация кезеңіндегі еуропалық қоғамның рухани дамуы: Қайта өрлеуден 



Реформацияға. Қайта өрлеу мәдениеті натурфилософия дәстүрлеріне қайта оралу. 

Антропоорталық әлем келбеті. Италиан гуманистерінің тарихи деректер тұрғысындағы 

тұжырымдары. Франциядағы Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси тарихнаманың ерекшеліктері. 

Франциядағы (Ж.Боден), Англиядағы (Ф.Бекон), Германиядағы (С.Франк) Қайта өрлеу. ХҮІІ 

ғасырдағы ғылыми ревалюцияның тарихи танымға әсері. Университеттік жүйенің дамуы. 

ХҮІІ ғасырдағы эрудиттік дәстүр. Ерте буржуазиялық ревалюциялар кезеңіндегі мемлекеттің 

қалыптасуы мәселесінің даярлығы голландтық және ағылшындық қоғамдық пікірде. 

(Г.Гроций, Б.Спиноза, Д.Мильтон, Т.Гоббс, Д.Гаррингтон): тарихи процесстердің 

талдауындағы теологиялық тәсілдің қайта жандануы. 

 

А. Жалпы ғылыми әдістер 



 

Б. Арнаулы-тарихи әдістер. 

 

  Тарихты ғылыми тану әдістерін анықтау – тарих методологиясының маңызды қызметі мен 



міндетінің негізгісі. Тарихты танудың әдістерінің методологиядын дербестігінің 

салыстырмалылығы. Әдістер – тарихи талдаудың құралы ретінде. Болмысты танудың жалпы 

методологиялық принциптері, ғылыми танымның жалпы логикалық әдістері, эмпирикалық 

әдістер, теориялық әдістер. Тарихи таным әдістерін пайдаланудың табыстылығының 

ғылымның даму деңгейі, зерттеушінің білімділігі, оның әлеуметтік позициясы, салт-

дәстүрлер факторларына тәуелді болуы.  Салыстырмалы тарихи әдіс оның тарихи танымды 

дамытудыағы маңызы: генетикалық бір түбірлес фактілерді салыстыру үшін, әртүрлі 

кезеңдегі фактілер мен оқиғаларды салыстыру үшін қажетттілігі. Нақты талдау. Оқиғаларды 

толық нақтылаудың мүмкін еместігі. Логикалық талдау. Логикалық абстракциялаудың 

тарихи фактінің өзіндік ерекшелігін, оның құрылымын, басқа тарихи оқиғалармен өзара 

байланысы мен қарым-қатынасын анықтауға жасайтын мүмкіншіліктері. Логикалық талдау 

әдісін пайдаланудың бірнеше деңгейлік мүмкіндіктері. Логикалық талдау әдісімен жекелеген 

оқиғалар мен фактілерді талдау кезінде формальды логика әдісін пайдалану. Белгілі-бір 

кезең немесе дәуір ішіндегі оқиғалар мен тарихи үдерістерді лоникалық талдау кезінде 

адамзат қоғамының дамуының жалпы, саналуан және ерекше белгілерінің анықталуы. 

Логикалық талдаудың синтездік танымға өтуі және диалектикалық синтез. Хронологиялық 

әдіс және оның тарихи фактілерді өзара іштей байланысты тарихи үдеріс тұрғысынан 

талдауға мүмкіндік беруі. Проблемалық-хронологиялық әдіс. Тарихи мерзімді кезеңдерге 

бөлу әдісі. Тарихтағы кезең, дәуір, заман  түсініктері. Кезеңдерге бөлудің критерийлерін 

таңдаудың субъективтілігі мәселесі. Ретроспективалық (қайта жаңғырту) әдіс. Пәнаралық 

әдістер. Ағартушылық идеологиясы бүтін дүниетанымдық кешен ретінде. Рационализм 

философиясы. Жаңа эстетикалық және мәдени құндылықтың қалыптасуы. әлемдік бірлік 

болмысының қалыптасуы. 

 



Француз Ағартуы ағылшын Ағартушылық ой-пікірі мен ағылшын ғылымының үлкен 

ықпалымен қалыптасты. Алайда, ХҮІІ ғ. ІІ жартысында буржуазиялық революция жүзеге 

асқан Англияға қарағанда Франциядағы Ағартушылық қозғалыс «ескі тәртіптің» 

дағдарысының ұлғаюы жағдайында жүзеге асып отырды. Сонымен, ағылшын Ағартуы – 

революциядан кейінгі, ал француз ағартуы ғасыр соңынд жүзеге асқан Ұлы буржуазиялық 

революцияны рухани жағынан даярлаған «ақыл-ойдағы» революцияны теңдесі жоқ қуатпен 

жүзеге асырған Ағарту болып табылады. 

 

Француз Ағартуының авторлары бірнеше онжылдықтар бойына сол кездегі Францияның 



қоғамдық өмірі туындатқан атақты философтар, жазушылар, публицистер, ғылым адамдары. 

«Екінші кезектегі» көптеген авторлар ағартудың алыптарының айтқан ой-пікірлерін 

көпшілікке түсінікті тілде таратумен айналысты. Ағартушылардың идеялары, олардың 

жасаған құндылықтарының жаңа жүйесі сол кездегі Францияның қоғамдық жүйесіне қарама-

қайшы болды. Ағартушылар қоғам адамның табиғаты, одан бөліп алынбас құқығына сәйкес 

қайта құрылуы керек дегенді дәлелдеді. Олар осы өзгерістердің жақын арада жүзеге 

асатынына кәміл сенді. Қоғамдық құрылыстың кемшілігіен іздестіре отырып, француз 

ағартушылары адам тұрмысының негіздерін философиялық тұрғыдан түсініп және сол 

кездегі қоғамдық тәртіпті сыни талдаумен шұғылданып қана қоймай, өткеннің оқиғаларын да 

сын тұрғысынан қайта талдауға ұмтылды. Сондықтан, француз ағартушылары тарихқа үлкен 

көңіл бөліп, ол туралы көп пікірлер айтты. Сол кездегі атақты Дидро мен Д'Аламбердің  

«Энциклопедиясының» 60 мыңнан аса мақаласының 6 мыңнан астамы әртүрлі тарихи 

сюжетке құрылды және бұл сол кездегі қоғамға тән сипат болатын. Осы еңбекте тарихи 

білімнің негізгі түрлері мен тарихи деректі анықтаудағы жаңа тәсілдер даярланды. 

 

Ағартушылар қызметі өрістеп келе жатқан кезде француз қоғамында тарихқа деген 



қызығушылық үстем болатын. Тарихты зерттеудегі басым роль эрудиттердің қолында ХҮІІІ 

ғ. өн бойында болды. Эрудиттердің бенедиктішілер, сондай-ақ, иезуиттер бағыты тарихи 

құжаттарды жинап, баспадан шығару ісін одан ары қарай жалғастырды. Нақ осы ХҮІІІ ғ.-да 

ХІХ және ХХ ғ. жалғасын тапқан іргелі көптомдық жинақтарды баспадан шығару ісі пайда 

болды. Эрудиттер ХҮІІ соңында Ж. Мабильон негізін қалаған дипломатика, палеография, 

тарихи хронология тәріздес қосалқы пәндердің әдістерін жетілдірді. Тарихқа деген 

көзқарасына талдау жасайтын болсақ, эрудитер Ағарту дәуірінде де провиденциалистік 

бағытты ұстанды. 

 

Эрудиттер баспадан өте көп еңбектер шығарып отырды. 1723-1789 жылдары 40 мың кітап 



баспадан шықса, оның 3370-і тарихи еңбек болды. Сондай-ақ, тарихи сөздіктер үлкен 

сұранысқа ие болып отырды. Мысалы, 8 томнан тұратын Л. Мореридің «Үлкен тарихи 

сөздігі» ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ. 18 мәрте баспадан шықты. 

 

Тарихшылардың назар аударатын дәстүрлі өрісі антикалық тарих болатын. Алайда, ХҮІІІғ., 



әсіресе, оның ІІж. Франция тарихына қызығушылық артады. Бұл сол кездегі қоғамдық-саяси 

дағдарысқа және француз халқының ұлттық санасының өсуіне байланысты болатын. Ғасыр 

бойына Франция тарихына арналған 60 еңбек жарық көрді және олардың көпшілігі баспадан 

бірнеше рет шығып отырды. 

 

Көптеген тарихи шығармалар компилятивті сипатта болатын. Оларда басты назар саяси, 



әскери оқиғаларды, мемлекет басшыларының, әскербасыларының, шіркеу иелерінің 

қызметін сипаттауға аударылатын. Деректер мен бұрынғы адамдардың шығармаларына сыни 

емес қатынас жасау көптеген қателіктерге ұрындырып отырды. Көптеген аңыздар мен адам 

сенгісіз оқиғаларға сенім басым болып отырды. Тарихнама әлі де болса әдебиеттің арнайы 

саласы емес, көркемсөздің ерекше жанры болып қала берді. Тарихты оқытуды сол кезеңде 

филология мамандарына тапсыруына осыған дәлел. 




 

Тек ХҮІІІ ғ. ортасында ғана, онда да өте сирек университеттерде тарихтың  арнайы 

кафедралары құрыла бастады. Осы кезеңнің әдебиетінде «тарих ғылымы» деген түсінік 

пайда бола бастайды. 

 

Француз ағартушылары адамзат тарихына теологиялық қатынас жасауға алғаш рет қарсы 



шығушылар еді. 

 

Тарихнамаға рационализмнің аналитикалық әдістерін енгізе отырып, олар тарих әлемін 



«ұтымдыландырды». Д.Аламбердің «энциклопедияға» үлкен кіріспесінде тарих адам туралы 

кең ғылымның бір бөлігі ретінде қарастырылады. «Адам тарихы,- деп жазды Д.Аламбер, - не 

оның іс-әрекетін, не оның білімін зерттейді, яғни ол адамзаттық немесе ғылыми болып 

табылады». 

 

Француз ағартушының қайраткерлері тарихтың танымдық міндеттерін жаңа тұрғыдан 



бағалай бастады. Олар оны өте кең бағытта қолдануға ұмтылды. 

 

Тарихтың танымдық мүмкіндіктерін бағалауда ағартушылар ХҮІІғ. ойшылдарының 



скептецизммен қолданады. Әрине, тарихқа математика мен тәжірбиелік ғылымдардың 

дәлдігін беру. 

 

Алайда, өте мұқият, жауапкершілікпен орындалған жұмыс, деректерді қатал сынмен талдау 



жолы арқылы тарихшы өзінің тапқан білімдерінің шынайылығының жоғарғы 

ықтималдығына қол жеткізе алады деп есептелді. Соңғы қортындығы негізінен Вольтер 

мойынсұнды. 

 

Француз ағартушылары тарихи дерек мәселесіне де кең мағына берді. А.Д. Люблинская атап 



көрсеткендей Дидро үшін: «барлық нәрсе тарихи дерек еді: әңгімелеу, жазбалар, актілер, заң 

кодекстері, кәсіп сипаттамалары және еңбек құралдарының өздері, король кітапханасының 

каталогтары, теңгелер, рим жолдары, мифология, дәстүрлер, киімдер, мысалдар, сенім-

нанымдар, және т.б. т.с.с.» 

 

Француз ағартушыларының тарихи көзқарасының сипатты белгісі – тарихи деректерді сынау 



мәселесін басты назарда ұстауы. Олар інжіл аңыздарының керемет ғажайыптарының 

барлығына сенетін ортағасырлық тарихнамаға батыл қарсы шықты. 

 

Ағартушылар эрудиттерінің басылымдарының деректанулық еңбектерімен кең таныс болды 



және олардың осы саладағы жетістіктерін үнемі ескеріп отырды. 

 

Адамзат тарихында,- деп есептеді ағартушылар, ақыл-оймен түсінуге болатын, заттардың 



табиғатынан пайда болатын заңдылықтар қызмет етеді. Бұл заңдылықтарды анықтауда 

ағартушылар адамның өзгермейтін және әмбебаптық табиғаты туралы ілімді басшылыққа 

алды. Әмбебаптық принципіне сүйене отырып, тарихтың жекелеген адам, ел, халық емес, 

барлық тайпалар мен халықтарды қамтитын жалпы тарих екендігі туралы түсінікті анықтауға 

ағартушылар әсіресе, Вольтер; қол жеткізді. Алайда тарихшылардың әмбебаптық принципі 

олардың қол жеткізген табысының шегі болып қала берді. Олар тарихтан тек универсализмге 

мысал бола алатын жалпы құбылыстарды ғана іздестірді. 

 

Француз ағартушыларында барлық дәуіріне тән болған процесс идеясы да жарқын көрінеді. 



Адамзат білімінің дамуы ғана даусыз болып көрінеді. Ал, қоғам өмірінің дамуына келетін 

болсақ, оның тұрақтылығы күмән келтіреді себебі қоғам дамуында өркениет күйреуі, 

құлдырауы, тирандық кезеңдерінің болатыны әлдеқашан дәлелденген болатын. Алайда, 



қоғамның болашағына француз ағартушылары үлкен үмітпен қарап, ақыл-ойдың 

жеңетіндігіне мүлдем күмән келтірген жоқ. Осыдан кеп француз ағартушыларының 

тарихтың биік мақсатына сенімділігінің неліктен артатынын түсінуге болады. Философиямен 

қатар тарих та заңгерлер мен саясаткелердің болашақтың жолын көрсетіп беретін өткен 

ұрпақтың тәжірибесінің көзі, ақыл-ойды жаңа идеямен ағдататын маңызды құрал ретінде 

қарастырылды. Оның өзінде олар өздерінің мақсаты әлем тарихының барлық өткенін қайта 

қарастырып, жаңа тұрғыдан түсініктер құрастыру және тарих ғылымын мазмұны мен 

міндеттерін анықтау деп білді. Нақ осы аймақта олардың үлестері қомақты болып келеді. 

 

Тарихты мәселелердің қатарында ағартушылардың назарын аударған мәселе – антика 



тарихы. Өйткені, нақ  осы тарихтан өздерінің бостандық идеяларына дәлел тауып отырған 

болатын. 

 

Француз және бүкіл Еуропа Ағартуының жарқын бейнесі, философ, жазушы, ақын, 



драматург, сеньор Мари Франсуа Аруэ Вольтер (1694-1778) – сондай-ақ аса ірі тарихшы – 

ағартушы болды. тарихпен ол кәсіби тұрғыдан айналысқан болатын. 

 

Ағартушылардың ішінде нақ Вольтер ғана тарих ғылымының жаңғыруы үшін сөз жүзінде де, 



іс жүзінде де күресіп отырды. Оның басты идеясы – тарихты ағарту философиясымен 

біріктіру. Тарихтың міндеті тек факторларды жинақтап, оқиғаларды мазмұндап айту ғана 

емес, сондай-ақ, барлық материалды ақыл-ой тұрғысынан сыни талдау, «философиялық 

тарихты» жасау болып табылады. А.С.Пушкин Вольтерді «тарихтың қараңғы архивтеріне 

философияның шырағын алғаш енгізді»,- деп есептеді. 

 

Қазіргі тарихшы маңызды және ұлы құбылыстарды зерттеп сипаттауы тиіс; ол дәстүрлерге, 



заңдарға, салт-дәстүрге, саудаға, қаржыға, жер өңдеуге, халыққа назар аударуы қажет; 

әдебиет пен өнерді білу маңызды. 

 

Вольтер тарихтың географиялық шеңберін кеңейтті. Вольтердің әлемдік тарихы – бүкіл 



адамзат тарихы. Сондықтан да, ол өзінің «Опыт о нравах...» деген еңбегін Қытай мен 

Үндістанды зерттеуден бастайды. 

 

Вольтер сондай-ақ, айтылып отырған оқиғаның деректердің шынайылығы мәселесіне үлкен 



мән берді. Басқа ағартушыларға қарағанда Вольтер архивтерге үлкен мән берді. Тарих 

жаратылыстану заңдарына қарама-қайшы келетін ойдан шығарылған құбылыстарға сенбеуі 

керек. Көне аңыздар пікірлер тарихына ғана айнала алады. 

 

Вольтер тарихи процесс идеясын негіздеушілердің алғашқысы болды. ол алғашқы қоғамды 



да, рота ғасырларды да варварлық кезең деп есептеді. 

 

Ескі тәртіпті қатты сынай отырып, Вольтер оны күшпен алмастыруға болмайды деп есептеді. 



Шаруалар көтерілісінің өте ауыр қиыншылықтан туындағанын білгенімен, ауыр мәселені 

шешу жолы – көтеріліс емес, білімді монархтың билік басына келуі деп есептеген Вольтер, 

билік басына философ келуі тиіс деп есептеді. 

 

Жалпы алғанда Вольтердің тарих ғылымның міндеті мен маңызын жаңаша түсінуі, оның 



тарихнамада көрінуі тарих ғылымының дамуына үлкен ықпал етіп, тарихнаманың дамуында 

терең із қалдырды. 

 

Француз Ағартуының қайраткері Анн Робер Жак Тюрго айтқан пікірлер Вольтердің 



көзқарасымен үндес болып келеді. Ол негізінен тарихпен арнайы ешқашан айналысқан жоқ. 

Ол негізінен физиократтардың теориялық ілімін аяқтаушы еді. 




 

Алайда, Тюрго тарихи-әлеуметтік пікір тарихына қоғамдық процесстің алғашқы тұтас 

теориясын жасаушы ретінде кірді. Бұл концепциясы Тюргоның «Адамзат санасының өскелең 

дамуы» еңбегінде былай деп көрсетіледі. «... жер бетіне пайда болғаннан бастап 

қарастырылған адамзат философтың назарына кез-келген индивидум тәріздес өзінің 

нәрестелік шағын және даму барысын басынан өткізетін аяқталмайтын тұтас ретінде 

көрінеді». Тюргоның процесс концепциясы тоқталмайтые шексіз процесс, оны кей-кезде 

линиялық процесс деп те атайды. 

 

Процесс жолымен дамуды Тюрго жалпы тарихи заң деп есептеді, сондықтан ол барлық 



кезеңдер бір-бірімен тығыз байланыста болады,- деді ол. 

 

Басқа ағартушылар тәріздес Тюрго да ортағасырларды терең құлдырау дәуірі деп есептеді. 



Алайда, басқаларға қарағанда Тюрго ортағасырдағы процессті даму элементтерін көре білді. 

Әсіресе, «механикалық өнер», материалдық өркениет бағытындағы даму айта қаларлықтай. 

 

Негізінен Тюрго Франция ревалюциясы жылдарында дамыған процесс идеясы, яғни тарихи - 



әлеуметтік ой-пікірдің дамуына үлкен ықпал етті. 

 

Ж.Ж.Руссо (1712-1778) орташа тап өкілі. Ол өз дәуірінің ең терең және қарама-қайшылығы 



мол ойшыл болып табылады. Руссо тарихпен арнайы айналысқан жоқ; алайда оның 

көзқарастары тек әлеуметтік-саяси идеяларды ғана емес, тарихи-әлеуметтанулық идеялардың 

дамуында маңызды дәуір болып саналады. Өз кезеңінің қоғамдық ой-пікірінде Руссо 

демократиялық, әлеуметтік теңгермешілік бағыттың негізін қалады. 

 

Руссоның тарихи-әлеуметтік қағидаларының басы адамзаттың табиғи жағдайы туралы 



гипотезадан басталды. Нақ осы кезең ең ұзақ, әрі ең бақытты кезең болып табылады. Ал, 

жеке меншіктің пайда болуы осы кезеңді аяқтайды. Осындай жағдайда пайда болған қоғам 

кедей мен байдың арасындағы қарама-қайшылық қоғамы болып қала берді. 

 

Тарихи процесс Руссоның жүйесінде біртұтас, заңды жүйе болып табылады, ол қоғамдық 



деңгейлердің пайда болуы мен алмасуы материалдық өмірдің дамуына байланысты болып 

отырды. 


 

Алайда, Вольтерге қарағанда Руссоның процессті сөзсіз пайдалы құбылыс деп қарастырған 

жоқ. Адамзат қоғамы алға дамыған сайын ол ар-ожданын жоғалта береді деп есептеді. 

Себебі, адам сияқты қоғам да кәрілікке жетеді деп есептеді. Сондықтан, Руссоның тарихи-

әлеуметтанушылық көзқарасына пессимизм тән болады деп қарастыра аламыз. ХҮІІІғ. өң 

бойында Англияда капитализм шапшаң қарқынмен дамиды. 

 

Ал осы кезеңдегі қоғамдық ой-пікірдің негізгі бағыты Ағарту идеялары болды. бұл идеялар 



барлық жердегідей шіркеу үстемдігі мен феодолизмге қарсы бағытталған болатын. Алайда, 

Англиядағы ағарту бәсең сипатта болды. 

 

Ағылшын ағартушыларды әлемді идеялардың басқарып тұрғндығына кәміл сенімді болды. 



тарихшылар өткеннен болашаққа моральдық ақыл-ой пікірлерін іздеді. Мысалы ағылшын 

ойшылы Болингброк тарих мысалдар келтіре отырып үйрететін философия деп есептеді. Ал, 

белгілі философ, әрі тарихшы Д.Юм тарихнама әлеуметтік ғылымдардың заңдарына көрнекі 

мысал бола алатын фактілардың қоймасы деп есептеді. 

 

ХҮІІІғ. ағылшын тарихнамасында бірқатар ілгері басушылықтар болды. Атап айтқанда, 



тарихи жұмыстардың тақырыбы кеңейді. 


 

ХҮІІІғ. Германия әртүрлі феодалдық және жартылай феодалдық әлеуметтік-экономикалық 

қатынастары бар және әртүрлі саяси құрылымдарға негізделген 300-ден аса дербес 

мемлекеттер мен еркін империалық қалалардан құралды. Аумақтық – мемлекеттік 

бытыраңқылық пен біртұтас нарықтық болмауы қоғамның алға дамуына басты бөгет болған 

еді. Сондай-ақ, Германия буржуазиясы өте әлсіз болатын, елді біріктіруге мүлдем шамасы 

жоқ. Тек өз елінің артта қалып бара жатқанына алаңдаған кейбір билеушілер ғана 

реформалар жасап, алға ұмтылыс жасады. 

 

Пруссияда мануфактуралық өндіріс шапшаң қарқынмен дамыды, өйткені оның өкілі армия 



қажетіне керек болған еді. Пруссия буржуазиясының өзі де мемлекет бақылауының қол 

астында армияға товар сатушы ретінде қалыптасты. Пруссия, Саксония, Гамбургте 

жүгізілген меркантильдік саясат кәсіпкерлерге қаржы бөлу, салық жеңілдіктерін беру, 

цехтарға тіркелу міндеттерінен босату түрінде бірқатар көмек берді. Бұл жерлерде алғшқы 

мемлекеттік айна, тау-кен, кілем, фосфор, оқ-дәрі мануфактуралары пайда болды. 

 

Осы кезеңде орталықтары Вестфалия, Вюртемберг, Пруссия, Саксония, Силезия, Тюрингия 



болған шашыраңқы мануфактуралар пайда болды. алайда, феодалдық-абсалютастик тәртіп, 

крепостниктік жүйе өндірістік жұмыс күшінің қалыптасуына бөгет болып келді. Отыз 

жылдық соғыстан күйзеліп шыққан бюргерлердің капитал қаражаты аз көлемде болып, 

сондай-ақ, ішкі кеден, ақша типінің әртектілігі, билеушілердің езгісі – капитализмді 

дамытуға үлкен бөгет болды. 

 

Неміс тарихи ой-пікірінің дамуына рефориация ықпал етті. Теологиялық элементтің үстем 



болуы тарихи ой-пікірдің ең кері жағын көрсетті. Осымен бір мерзімде филологияныбілуге 

әуестенушілік, көне мәтіндерді жаттау – деректерді сынауға алып келді, сөйтіп жемісті 

ғылыми дәстүрдің бастамасы болды. 

 

Германияның бытыраңқылығы оның ойшылдарының ұлттық тұтастық және біртұтас 



мемлекеттік құқық мәселесіне баса назар аударуына себеп болды. бұл бағыттағы ғылымның 

атасы Иоган Якоб Мозер болды. ол 400-ден астам еңбек жазып қалдырды. Ол кезеңде тарих 

қоғам туралы барлық ғылымдар тәріздес біртұтас «мемлекеттік ғылымның» бөлігі ретінде 

қарастырылып, құқық әсіресе теологияның қоластында дамыды.білімнің жеке саласы ретінде 

тарихты неміс университеттерінде ХҮІІІғ. бастап қана оқыта бастады, оның өзінде неміс 

мемлекеттік ғылымының кіріспесі ретінде қарастырылды. 

 

Германияның тарихи ой-пікірлерінің дамуындағы жаңа кезең Ағарту дәуірімен байланысты 



болды. ағарту идеялары Германияға Франция мен Англиядан енді және жекелеген неміс 

мемлекеттерінде қарама-қайшылықты күрделі сипат алды. Оның басты ерекшелігі неміс 

буржуазиясының әлсіздігі нәтижесінде дербес жаңалық ойлап таба алмай, көбіне 

философиялық, эстетикалық және этикалық бағыттарға назар аударуында еді. 

 

Неміс Ағартуының философтары тарихи процессті идеалистік тұрғыдан түсінді, себебі, оның 



негізі әлемдегі руханият болып табылады. Алайда, неміс қоғамының шынайы өмірінің артта 

қалушылығы теория аймағындағы терең ізденістер мен диалектикалық ойлау элементтеріне 

алып келді. Сол кезеңде дамып келе жатқан механикалық материализм жекелеген 

құбылыстардың өзара байланыстарын қарастырып үлгере алмады. Ал, немістің идеалистік 

философиясы болса, «әлем туралы түсінікке, оның дамуы мен адамзаттық дамуына және осы 

даму процесстерінің адам миындағы көріністеріне» бірқатар өзіндік үлес қоса алды. 

Ағартушылық бағыттар университеттерде, мектептегі білім беру өрісінде, оқырман қауым 

арасында басым болды. мемлекеттік бытыраңқылық Германиядағы ағартушылық 

идеялардың бір емес, бірнеше орталықтарының пайда болуына алып келді. 



 

Тұтас алғанда неміс ағартушылары мемлекеттік саясатқа әсер ете алған жоқ. Алайда, олар 

батысевропалық Ағартудың мемлекеттік және экономикалық теорияларын Германия өміріне 

сәйкестендіріп насихаттауға ұмтылды. Сол кезеңде феодалдық-абсалютастик тәртіп пен 

билеушілер тирандығына қарсы күрестің неғұрлым ыңғайлы формасы буржуазиялық 

интеллегенция мен либералдық дворяндықты біріктірген және Бавариядағы антифеодалдық 

төңкерісті даярлаған масон ложасы және иллюминаттар ордені тәріздес құпия ұйымдарды 

құру болып есептелді. Франция ревалюциясының алдында бұл орденді билік орындары 

талқандады. Масондардың құрамында неміс Ағартуының ірі қайраткерлері Г.Э.Лессинг, 

И.Г.Гердер, И.В.Гете болды. 

 

Г.Э.Лессинг Лейбциг университетінің медицина факультеті студенті кезеңінде қолына қалам 



ұстаған еді, сөйтіп Германияның алғашқы сыншысы мен драматургы даңқын жеңіп алды. 

 

Лессинг ірі тарихи еңбек жазып қалдырған жоқ, алайда оның барлық шығармалары 



адамзаттың прогрессивті даму идеясына толы болды. 

 

Ағартушылар адамзаттық өркениеттің дамуы жөнінде. В.Р. Мирабоның өркениеттерді 



анықтауы. Европа және француз Ағартуының жарқын тұлғаларының бірі, философ, жазушы, 

ақын, драматург және атақты тарихшы-ағартушы Мари Франсуа Аруэ Вольтердің (1694-

1778) – өркениеттің тарихы ретінде әлемдік тарихты қарастыруы. Оның негізгі еңбектері 

«Карл ХІІ-нің тарихы» (1731), «Людовик ХІҮ-нің ғасыры» (1751), «Ұлы Петр дәуіріндегі 

Ресей» (1759-1763) т.б. 

 

Ағартушылардың ішінде нақ Вольтер тарих ғылымын жандандыру бағытын ұстанды және 



мұны өз тәжірибесінде жүзеге асырды. Оның негізгі идеясы – тарихты Ағартушылардың 

идеясымен ұштастыру. Тарихшының мақсаты – фактіні жинап, оқиғаларды мазмұндау ғана 

емес, бүкіл деректерді пайымдау тұрғысынан ұғыну, «философиялық тарихты» 

қалыптастыру. Вольтер «тарих филососфиясы» ұғымын қолданысқа енгізді. «Тарихта,– дейді 

Вольтер,- математика мен физика саласындағыдай кеңістік біршама кең. Бұдан шығатыны 

Вольтердің ойынша тарихнаманың заттық саласын, оның жаңаруы мен кең өріс алуына жаңа 

түсінік қажет. Вольтер тарихты географиялық тұрғыдан қарастырды. 

 

Теологиялық ұстанымдардың таралымы және тарихи өрлеу идеяларының рационалды 



негіздемесі. 

 

Ағылшын ағартушылығындағы Д.Локк идеяларының дамуы. Д.Роландтың, А.Коллинзаның, 



Д.Гартлидің материалистік философиялық ұстанымдарындағы қоғамдық даму мәселелері. 

Э.Шефтебери, Б.Мандевильдің, Ф.Хатчесон, А.Смит морализмдері. Ағартушылық дәуірдегі 

бүтін дүниетанымдық кешеннің еуропалық қоғам ментальділігін тасымалдауды даярлаған 

француз ағартушылардың аға буыны (М.Ф. Вольтер, Жан-Жак Руссо, Ш. Монтескье). 

француз философ-материалистері Д. Дидро, Ж. Ламетри, К. Гельвеций, Ж.Д` Аламберлер 

тарихи даму мен тарихи таным табиғатының сипаты жайлы. Американдық Ағартушылық 

қоғамдық құрылым қалыптасуының азаматтық сипаты туралы (Д. Отис, Д. Дикинсон, Б. 

Франклин, Т. Пейн, Т. Джефферсон). Неміс ағартушылық ойының ерекшеліктері. И. Кант 

және И. Фихте әлеуметтік философиясындағы тарихилық. Ұлттық тарихилық специфика 

мәселесі құқық тарих мектебінің тұжырымында (Г. Гуго, Г. Пухта), Ф. Листтің, М. 

Кондерсенің «адамзаттық өркендеудің тарихи келбетін жобалауы». Тарих адамзаттық ақыл 

ойдың прогрессті даму нысанасы ретінде. Кондорсе өркениет жайында. Кондорсе 

тұжырымдарындағы өркениеттілік тарих деңгейлігінің түсінігі, олардың кезектелуінің 

желістік сипаты. А. Фергюсонның «Азаматтық тарих қоғамының очеркіндегі» желістік 

прогресс тұжырымы. А. Фергюсон «жабайылық-варварлық өркениет» триадасы жайлы. 



 

Дж. Вико (1668-1744) 1725ж. өзінің алғашқы «Ұлттың жалпы табиғаты туралы жаңа 

ғылымды негіздеу» деген алғашқы еңбегін баспадан шығарды. Ол өзінің осы шығармасында 

тарихи үдеріс және тарихты тану әдістері туралы біртұтас ерекше ілім ұсынды. 

 

Вико сол кезде кең тараған тек қана математикалық және жаратылыстану білімдерінің көмегі 



арқылы ғана ақиқатты ашуға болады, ал ақиқатты ашуда тарих қосалқы қызмет қана атқара 

алады деген пікірге қарсы шықты. Виконың ойынша, табиғатты зерттеу өткенді зерттеуден 

оңай емес. Табиғатты құдай жаратқан, сондықтан, табиғаттың барлық сырын тек сол ғана 

біледі. Ал, тарих болса, адамзаттың іс-әрекеттерінің жемісі, сондықтан оны зерттеу 

оңайырақ. Адамдар өзара қай жағынан ұқсас болғанын және зерттеу кезінде қандай 

ұқсастықтары бар екенін білу маңызды және бұл жаңа ғылымды жасауға негіз 

болады.Виконың жаңа ғылымы антикартезандық негізде құрылды. Табиғи құыққ және  

қоғамдық келісім теориясына қарама-қарсы Виконың «жаңа ғылымы» адамдардың ой-пікірі 

өзгеріске ұшырап отырады деп есептеді. Виконың тұсындағы адамдардың әлем туралы 

түсінігі мен оны талдауы, ұжымдық ой-пікірі өзгерген. Бұл өзгерістерді мәдени тарихтың 

оқиғасы ретінде қарастырып зерттеу маңызды. 

 

Вико бойынша өткен заманда және Вико өмір сүріп отырған заманда бірін-бірі «құдай 



жаратқан» (мемлекеттердің пайда болуына дейінгі отбасы, жазу, дін, құқық ненгіздері пайда 

болған кезде), «ерліктік» (ақсүйктердің билік құрып, олардың плебейлермен күрес жүргізуі( 

және «адамзаттық» (ақыл-ой, демократия және қалалардың гүлденуі) кезеңдері алмастырды. 

Вико осы үш кезең де адамзат тарихы үшін маңызды деп есептеді. Өйткені «адамзаттық» 

кезеңнің соңында қайтадан жабайылық басталады. Ол бірте-бірте даму арқылы өркениеттер 

қайтадан «адамзаттық» кезеңге қарай дамиды. 

 

Даму мен циклдылықта, дәуірлердің өзара ерекшелігі мен құндылығын мойындайтын, өтпелі 



дәуір оқиғаларын сол дәуір логикасы тұрғысынан түсінуге шақыратын Виконың тарихи-

филососфиялық концепциясы өз дәуірінде ешқандай ойшылдың қолдауына ие бола алмады. 

Авторды тану,  оның идеясын тсіну ке»нгі ғасырларда ғана жүзеге асты. 

 

Ол Дж. Виконың ізін қуушылардың бірі, неміс ойшылы И. Гердердің «Адамзат тарихы 



философиясының идеялары» еңбегі тарихи прогресстің желісті тұжырымына сын. Гердер 

әлем халықтарының біртұтас бейнесін жасауға ұмтылды. Гердер концепциясына сәйкес әр 

халықтың өзінің дербес мәдениеті, құндылықтар жүйесі бар. гердер шығармаларында Ағарту 

дәуірінің жазылмаған заңы – европоцентризм қайта жаңғыртылды. Гердер бойынша 

европоцентризм өркөкіректік, европалық халықтардың дамуының ненгізгі жолы емес, тек 

мүмкін бір жолы ғана. 

 

Гердер қоғамның өткенін, бүгінгі күнін, болашағын «мәдениеттердің органикалық 



қозғалысының» теориясын жетекшілікке ала отырып түсіндіруге ұмтылды. 

 

Тарихи зерттеулердің методологиясы, әдістері және әдістемесінің арақатынасы. Тарихи 



әдістің мазмұны мен мәні. Жүйелілік тұрғысынан қарау. Құрылымдық-функциональдық әдіс. 

Сандық әдістер. Статистиканың «үлкен сандар» заңының атқаратын қызметі. Сандық 

әдістердің тарихи құбылыстарды салыстыру, тарихи заңдылықтарды кездейсоқтықтан жіктеп 

алу, мәдени мұра ескерткіштерінің маңызы мен ұлылығын көрсете алу және эмоциялық 

міндеттерді атқара алу мүмкіндігі және оларды пайдаланудағы тарихшының білгірлігінің 

атқаратын ролі. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет