№3 – лекция тақырыбы: Жан, ақыл, парасат, рух.
3 - сабақ тақырыбы: Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.
Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі.
Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен
жанның теологиялық түсінігі. Сананың гносеологиялық моделдері. Жаңа заман
философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito статусы. Неміс классикалық
философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім
рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық.
Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың
қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні:
негізгі концепциялар. Ойлау және тіл.
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі,
себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана
адамның жануарлар дүниесінен ерекшелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам
мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан
да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі
пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда. Сапаны түсінудегі әр түрлі
көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады: материалистік – сананы
материяның дамуында пайда болатын табиғи қасиеті деп түсіну; 2) идеалистік – сананы
материяға жат, одан алғашқы, жаратылыстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп
ұғыну. Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері сананың мәні, генезисі
туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми
көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет.
Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі
бұзылатынын айтсақ жеткілікті. Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция
нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ.
Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында
адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті
нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек
құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған
адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы
ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту,
көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға
құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді. Сана, сонымен
қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті
өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі
бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін»,
бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары: 1) қарапайым бейнелеу – бейнелеудің бұл
түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе
айнаның бетінде бейнеленуі). 2) информациялық бейнелеу – бейнеленуші бейнелеушінің
бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да
кездеседі. Мысалы, лекция оқушы ұстаздың студенттің санасында жаңа ойлар оятуы,
қарапайым бір клеткалы жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі. 3) әлеуметтік бейнелеу –
қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір, көзқарас, идея, теорияларда
бейнеленуі. Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана материяның
төменгі формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар: 1) тітіркену – өсімдіктердің
ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге реакциясы. 2) сезімталдық –
жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда қажетті емес,
сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла «отырып,
информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады. Мұндай
бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын күрделендіріп,
нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде организмінің барлық
мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой
қорытуға қабілетсіз. 3) психикалық бейнелеу – нерв жүйесімен тығыз байланысты. Субъект
пен объектінің бір-біріне әсері негізінде психикалық образ (бейне) қалыптасады. ол нерв
клеткаларында сақталып, керек уақытында қажетке асады. 4) адам санасы – бейнелеудің ең
жоғарғы түрі. Өзіндік сана – адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білуі, өзіне
деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана рефлексия феноменімен
тығыз байланысты. Рефлексия - тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің
тылсым қатпарларына үңілуі. Адам рефлексиясыз өзінің жанында не болып жатқанын түсіне
алмайды. Рефлексия деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Рефлексиясы жоғары, өзін танып-білуге,
өзіне сыни көзқарас қалыптастыра білген адам міндетті түрде өзгереді. Сана және өзіндік
сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық –
адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі.
Саналылық тұлғаның іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып
табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді
және ол жаны сау тұлғаның қасиеті
Бейсаналылық (бессознательное) – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың
жиынтығы. Оларға биологиялық түрде тұқым қуалау арқылы берілетін инстинктілер,
автоматты түрде жасалатын іс-қимылдар стереотиптері, сезімдік және интеллектуальдік
интуиция, түс көрулер, гипнотикалық күйлер және т.б жатады. Қоғамдық сана. Қоғамдық
сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің
(осознание) нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың,
идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ
салыстырмалы түрде белсенді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі
де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады. Қоғамдық сана және жеке
сана. Жеке сана мен қоғамдық сананың арақатынасын жеке мен тұтастың арақатынасы
ретінде қарастыруға болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдық
сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан
өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен
мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды. Сондықтан да жеке адам қоғамдық сананың
принциптерімен және шектеулерімен санасуға мәжбүр. 1) Осы тұрғыдан қарастырғанда
қоғамдық сана біршама өзінділікке ие, жеке санадан тәуелсіз, одан жоғары тұрды. 2)
Сонымен қатар, қоғамдық сана белгісіз бірдеңе емес. Әрбір нақты дәуірдің, әрбір халықтың
қоғамдық санасының біршама «тұлғалық», жекелік сипаты бар. Мысалы, әлемдік философия
ғылымының дамуына Сократтың, Аристотельдің, Канттың, Гегельдің, Абайдың қосқан
үлестері зор. Яғни, қоғамдық сана мен жеке сана өзара диалектикалық байланыста. Жеке
сана қоғамдық сананы байытады, ал жеке сана қоғамдық сананың жетістіктері арқылы
жетіліп, дамып отырады. 3) Мұндай байланыстың диалектикалық болатын себебі – ол
қайшылықты. Жеке сана идеялар өндірісінің маңызды құрылымы бола отырып, кейде оған
қарсы да тұрады, дәстүрлерге, үстемдік етіп отырған қоғамдық сананың ережелері мен
қағидаларына қарсы әрекет жасайды және дамиды. Осылай болмаса, қоғамдық сананың
прогрессивті болуы мүмкін емес, ол тоқырауға ұшырайды. 4) Қоғамдық сана мен жеке
сананың бірлігі екеуінің де бір объектіні - қоғамдық болмысты бейнелейтіндігінен де
көрінеді. Бірақ, мұндай бейнелеу мазмұны жағынан әр түрлі. Әрбір индивид қоғамдық
сананы жалпының жекелік, өзіндік ерекшеліктер призмасы арқылы бейнелейді. 5) Жеке сана
қоғамдық санаға толығымен кірмейді. 6) Қоғамдық сана мен жеке сананың арасындағы
сәйкестік, үйлесімділік қоғам дамуының анықтаушы факторы болып табылады. Қоғамдық
сананың құрылымы. Зерттеушілер қоғамдық сананың құрылымында қарапайым және
теориялық, қоғамдық психология және қоғамдық идеология деңгейлерін, сонымен қатар,
мынадай түрлерін: саяси сана, құқықтық сана, мораль, дін, өнер, ғылым және философияны
атап көрсетеді. Қарапайым немесе әдеттегі сана – адамның қоршаған ортаны бейнелеуінің
тарихи жағынан алғанда алғашқы тәсілі, қоғамның рухани өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір
ойшылдар қарапайым сананы тоғышарлық сана, жаңаға қабілетсіз деп, төмен бағалайды.
Мысалы, осындай менсінбеушілік Гегельде кездеседі, бірақ ол қарапайым сана жалпы
адамзаттық мәдениеттің байлығын игеруге талпынса, ғылыми деңгейге дейін көтеріле алады
деп сенеді. Ал Кант қарапайым санаға құрметпен қарады. Шынында да, қарапайым сана
нақты өмір сүріп отырған адамдардың, қоғамның құрамдас элементтерінің санасы, бір
тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын көрсететін және оларды бір қоғамдық
тұтастыққа біріктіретін рухани микрокосм, адамдардың күнделікті өмірлерінің қарапайым
уайым-қуаныштарының, үміттерімен түңілулерінің жиынтығы. Қарапайым сананы зерттеу
арқылы қоғамның жалпы көңіл-күйі, тыныс-тіршілігі туралы мол мәлімет алуға болады.
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге
қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін
емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі,
сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны
күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының
төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда.
Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:
материалистік — сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну;
2) идеалистік — сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын
рухани субстанция деп ұғыну.
Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі
туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми
көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға — адам миына ғана тән қасиет.
Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі
бұзылатынын айтсақ жеткілікті.
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты
және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының
алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір
сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат
заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте
жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты,
олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды.
Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін
күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек
пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.
Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет.
Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір-біріне үнемі әсер етіп отырады
және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе
өзінің «ізін», бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары:
1) қарапайым бейнелеу — бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін
туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).
2) информациялық бейнелеу — бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет,
өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. Мысалы,
лекция оқушы ұстаздың студентгің сана-сында жаңа ойлар оятуы, қарапайым бір клеткалы
жануарлар мен өсімдіктердің тітіркенуі.
3) әлеуметтік бейнелеу — қоғамдық болмыстың жеке және қоғамдық санада, ой-пікір,
көзқарас, идея, теорияларда бейнеленуі.
Бейнелеудің ең жоғарғы формасы деңгейіне көтерілгенге дейін сана ма-терияның төменгі
формаларының эволюциясының сатыларынан өтті. Олар:
1) тітіркену — өсімдіктердің ыстық-суыққа, тәулік уақытына, басқа сыртқы әсерлерге
реакциясы.
2) сезімталдық — жануарлар дүниесіне тән. Организм өзіне биологиялық жағынан алғанда
қажетті емес, сонымен бірге биологиялық тұрғыдан бейтарап, бірақ онымен қосыла
«отырып, информациялық маңызы бар нәрсеге реакция бере алады, яғни түйсік туғызады.
Мұндай бейнелеу тірі организмнің ішкі жұмысын, информацияны қорыту жұмысын
күрделендіріп, нерв жүйесінің негізін қалайды. Мысалы, андар өз жауларын көргенде
организмінің барлық мүмкіндіктерін жинақтап, шабуылға немесе
қорғануға дайындалады. Бірақ жануарлар ой қорытуға қабілетсіз Психоанализ деп
бейсаналықтың қоғам мен адам өміріндегі өзге де психикалық процестердің себептерін,
маңызын түсіндіретін қазіргі заман философиясының бағытын атайды.
Психоананализ теориясын австриялық ғалым-психиатр Зигмунд Фрейд (1856 - 1939) салды.
Психоанализдің бастамасы ретінде З.Фрейд екі жаңалық ашты:
■ бейсаналық - ерекше психикалық шындық, сананың бақылауына келмейтін, адам
санасынан тыс жататын психикалық құбылыстар, жағдайлар және әрекеттер жиынтығы;
■ ығыстырып шығару реакциясы- психологиялық қорғаныс әдісі ретіндегі психиканың
тендігі мен салауаттылығын бұзатын теріс эмоцияны, теріс тәжірибені санадан бейсаналыққа
ығыстырып шығару реакциясы.
Өмірдегі теріс эмоциялар, жүзеге аспаған үміт, арманның бәрі ерте ме, кеш пе санадан
бейсаналыққа ығыстырылып шығарылады, сөйтіп ол «кездейсоқтық», оғаштық мінез-
құлықтарда, жаңылу, бейадекватты іс-әректтерде көрініс табады.
З.Фрейд ілімінің негізінде философиялық неофрейдизм ағымы пайда болды. Оның өкілдері:
А.Адлер, К.Г.Юнг, Э.Фромм.
Карл Густав Юнг (1875 - 1961) – архетиптер теориясын қарастырды. Архетиптер - әмбебап
бейнелер, жалпы адамзаттылық ығыстырылған өмірлік энергияның «коды». Архетиптер -
барлық адамдарда туа біте пайда болатын «ұжымдық бейсаналық» құрылымы, адамзаттың
«шифрленген» құпия тарихы, ізгі ақиқаттар. Олар адамның ұжымдық өміріне, шығу тегіне
байланысты. Архетиптер адам психикасында тұқым қуалау арқылы тарихи сақталады.
Архетиптер адамға түс көру, бейне, әпсана, парапсихологиялық эффект, қиял, галлюцинация
арқылы көрінеді. Оларды санамен, парасат, ақылмен байқауға болмайды, архетиптер -
тылсым, құпия дүние. К.Юнгтың пікірінше философия мақсаты - адамға архетиптерді «ашып
беруге» көмектесу, оның мағынасын, мәнін ұғыну, сол арқылы өзін жәнс қоршаған
шындықты тану.. Абай сананы, «өз рухын» адам надандыққа қарсы күресте, қажырлы еңбек
арқылы үнемі нығайтып отыруы керек деп есептейді. Бір жағынан «сана ерікпен бірігуі
қажет», екінші жағынан - сана мен еңбек әрқашанда бір жерден көрінуі керек. Ары таза,
еңбекқор, білімді адамдар үшін табиғат құпияларын танудың шегі жоқ. Ақын білімді адам
құбылыстар мен заттардың өзінен бұрынғы беймәлім жаңа қырлары мен қасиеттерін тануға
кең мүмкіндік алатынын атап көрсетеді. Ол ғылымды: «Адамның білімі қақиқатқа, растыққа
құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықтықпен болады», - деп қарады.
Әлемді тануға құштарлық адамның бойына біткен табиғи қасиеті деп есептеді ойшыл. Бірақ,
оның бұл мүмкіншілігі үнемі жетілдіріп отыруды тапап етеді. Бала рухани қасиеттерін
жетілдіру үшін оның өзін қоршаған ортамен, оның қасиеттерімен, адамдардың қызметімен
танысуы керек. Адам табиғат құбылыстарының құпияларын ұғу немесе соған байланысты
белгілі бір дәрежеде жорамал жасау арқылы өзінің қызметін нығайта түседі: «Дүниенің
көрінген Һәм сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды.
Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады». Дегенмен ол қоршаған
ортаны тануға болатындығын мойындай отырып, сонымен қатар таным қызметінің
мүмкіндіктері шектеулі екенін, барша танымның толық аяқталмайтындығын да ескертеді. Ол
мұның себебі материалдық әлемнің шексіздігі мен таусылмайтындығында, бітпейтіндігінде
деп біледі: «Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне және қандай
лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтынын көресің.
Бұлардың бәріне ғажайып қаласың және ақылың жетпейді». Абай әлемнің шексіздігін
мойындау арқылы танымды «үнемі өзгеріп отыратын тур» ретіңде түсініп, «танымның
үздіксіз сипаты»туралы жорамал жасайды. Егер Абайдың гносеол. көзқарастары туралы
тұтас айтатын болсақ, онда оның мұрасында сенсуализм мен рационализмнің жағымды
тұстарының қоспасы барын аңғарамыз. Абай танымның жолдары мен құралдарын түсінуде
материалистік сенсуализм негіздерін басшылыққа алды; ол сезімдік танымға, сезімдік
ақиқатқа баса көңіл бөлді. Оның пікірінше танымның қандай түрі болса да сезім мүшелері
арқылы анықталады (қ. Психологиялық көзқарасы). Сонымен қатар ол объектінің (заттың)
мәнін түсіну үшін бір ғана сезімдік танымның жеткіліксіз екенін, «саналы», рационалды
танымның қажет екенін жақсы түсінді. Абай осы тұрғыда адамның өзін қоршаған әлемді
алдымен сезім мүшелерінің көмегімен түйсіну арқылы танып, содан соң сол мағлұматтар
арқылы түсінігі қалыптасатынын анықтады. Рационалды танымды «біртекті заттың
тартылыс күші»деп атап, оған: «... бір нәрсені естіп, көріп білдің, хош келді, қазір соған
ұқсағандарды тексересің. Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма?» деген
анықтама береді. Ол саналылыққа шақырып, рационалды таным мен сезімнің біртұтастығы
туралы тұжырымды қолдай отырып, адам танымын оның санасы мен қуатын аяқасты ететін
ислам өктемдігінен азат етуге күш салды. Абай рационализмінің мәні мынада: рационалдық -
сезімге (тәжірибеге) қарсы қойылатын ойлау емес, өмірдегі иррационалдық бастауға қарсы
қойылатын саналылық. Дәйексіз логик. ойлау жолымен өңделген, қорытындыланған, яғни,
«... естіп білу, керіп білу секілді нәрселерді...
әкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап
сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып – түсіну мағынасында
алып қарайды.
Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктің мәні мен
сыры, жан мен тән секілді мәселелерді ғылыми ұғым түсініктермен ұштастыра толғайтын
философиялық өлеңдері өз алдына бір тақырыптық арна болып қалыптасты.
Ақынның діншілдігі, жаратушы Аллаға сенімі, оның ойшылдығымен жалғасып, дүниеге
көзқарасындағы бірлік – біртұтастықты танытады. Шәкәрім дүниедегі «сансыз кереметті кім
жаратса – тәуірі сол» дейді. Тәңіріні іздеу, жаратқан Аллаға сену – ақиқатты іздеу, сол
арқылы «ең түпкі жаратушы – мінсіз ие» деп түйіндеуінен айқын аңғара аламыз.
«Тау бойындағы ой» деген өлеңінде дөңгеленген жердің күнді айналып жүретінін көзбен
көру арқылы емес, ойлау, топшылау арқылы анықталған дегенді айтады.
«Ей, жастар, қалай десек, бұл дүние» деген және басқа да өлеңінде Шәкәрім дүниеде
таңқаларлық және өте көп, алайда бәрінде де заңдылық, қисын бар деген пікір айта келіп,
«себебі тойымдының ісі толық» дейді. Яғни, бұдан дүниенің кереметтігі шексіз болса,
жаратушының құдіреті те шексіз деген мағына туады. Шәкәрімнің философиялық өлеңдері
ой тереңдігі, пікір сынылығымен, танымдық және моральдық адамгершілік мәселелерін
ұштастыра, білуімен оқымысты ақынның өнерпаздық тұлғасына сай интелектуалдық сипат
алған.
Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып
білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді.
Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» трактатынан көруге болады, ол
зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи
тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші
дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне
көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмайды.
Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына
итермеледі.
Өмірдің мәні не? – деген сұрақпен ол көне ойшылдарға сонымен қоса жаңа дәуірдің діни
және философиялық әдебиеттерінен ізденіп, өзінің философиялық ойының тереңдігін
көрсетеді.
Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл –
ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік
өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның
нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан, совесть орысша
айтқанда совесть бар» дейді.
Шәкәрім ар – ұждағы адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық
категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған.
Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі
өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық
тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен
өмір сүреді.
Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек.
Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.
Шәкәрімнің дүниетанымдық ой жүйесінде философиялық терең бағыт – бағдар байқалады.
Оған «Тіршілік, жан туралы» деген философиялық өнеріндегі жаратылыс тарихи тіршіліктің
шығуы өз түсінігін баяндайтын мынадай жолдар куә:
Өсімдік күннен алады ас,
Күн суық болса түпке қаш,
Дым тиіп, нұр кеп жылатса,
Өс тағы жайнап көңіл аш,
Дейтұғын жанда мән болар –
Жұмыртқада ұрық жатпай ма?
Олар да тамақ жатпай ма?
Жылынса, яки егілсе
Оның да тағы таңы атпай ма?
Яғни, Шәкәрім органикалық тіршіліктің біртіндеп себеп – салдар принципі бойынша
дамитындығын, жәндіктін өсімдіктің, адамның жәндіктен таралу идеясын құптап отыр.
Жоғарыда айқанымыздай қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Алайда Шәкәрім бұндай
жақсылыққа ғылыми жолмен емес, стихиялы түрде келеді. Құран сөзі бойынша, әлемнің
пайда болуы – құдайдың ықылас, еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан
кез келген уақытта өзгеруі немесе жойылуы мүмкін.
Шәкәрімше, жер мен аспан, табиғат құбылыстарын бәрін бірдей көзбен көріп, қолмен ұстау
мүмкін емес:
Радийді бұрын біліп пе ең?
Электр ұстап көріп пе ең?
Бәрін де жатқан таза ақыл
Аспанда ұшып жүріппе ең?
Көрінбес зат бірталай.
Оларды танып білетін бір – ақ нәрсе таза ақыл. Таза ақылдың арқасында адам абстрактіні
меңгерді, жақсыны жаманнан, сұлулықты ұқыпсыздықтан, пайдаланып зияннан ажыратады.
Өйткені Шәкәрімнің түсінігіне адамның дануардан айырмашылығы таза ақылы мен
жанында. Адамның жаны ол туылғанда егілген дән жүрегінде болады да қолайлы жағдай
жасалғанда ғана шайқалып өсіп, көркейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |