№6. - сабақ тақырыбы: Білім, ғылым, техника және технологиялар
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.
Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі
әдістері. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі. Ғылыми және
ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім,
қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау. Ғылымдардың классификациясы:
Аристотель, Аль-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым
философиясы.
Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және
антисциентизм. Ғылым және техника. Ыбырай Алтынсариннің білім философиясы. «Білімді
адам» моделі. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы
мәселелері. Қазіргі ғылым және этика. Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық
ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа
оқулық» жобасының үлесі.
Білім деген не?
Білім — адамның санасында берілген, өзінің қызметінде шынайы дүниенің заңды
байланыстарын идеалды бейнелейтін объективті шындық. Материалды дүниені бейнелеудің
нәтижесі, түйсіктің, білімнің, зауықтың, қобалжудың бірлігі болып табылатын және
материямен ұштасатын санадан өзгешелігі — таным білім алу үдерісі болып табылады және
ол тәжірибемен жанасады. Таным — адамның санасындағы ақиқаттылық және нағыздықтың
оны одан өрі өзгерту мүмкіндігін мақсат ететін, мақсатты бағытталған белсенді бейнелену
үдерісі. Таным барысында болмыстың түрлі қырлары ашылады, қоршаған дүниедегі
заттардың, құбылыстардың сыртқы жақтары мен мәні ашылады, сонымен қоса таным
қызметінің субъектісі — адам адамды, демек, өзін-өзі зерттейді. Таным — адам қызметінің
қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша
әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады: — қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың
танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық
және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады); — қоршаған дүниені тікелей
таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады). Таным — білім алу және дамыту
үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын
таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Білім әрқашан тәжірибелік ақпараттық
сипатта болады. Егер белгілі бір идеяға практикалық қажеттілік туа қалса, онда олар
университет зертханалары мен кафедраларға қарағанда өндірісте, практикада тез жүзеге
асырылады. "Білім" терминінің үш аспектіде қолданылатынын естен шығармау керек: —
бірдеңені істеу, жүзеге асыру үшін хабардар болуға негізделген білім мен машық қабілеттері;
—
кез келген танымдық мән бар ақпарат; — практикамен өзара байланыста болатын
ерекше танымдық бірлік. Соңғы екі аспекті ерекше философиялық пән — таным
теориясының (гносеологияның) зерттеу объектісін құрайды.
Техника (грек., "технэ"-өнер, шеберлік, ептілік) - тар мағынада-инженерлік қызмет
әдістерімен жасалынатын және қолданылатын артефактар (жасанды) жиынтығы.
Техника - кең мағынады - адам қызметінің кез келген саласындағы ерекше техникалық үрдіс
түрі. Техниканы кейде әйтеуір бір механизмдердің жиынтығы ретіндегі инструменталдық
(құрал ретінде) түсінуде кездеседі.
Платон мен Аристотель жасанды еңбек құралдарын (артефакт) талдай келе техника ұғымын
қолданған.
Маркстік философияда техника қоғами адамның жасанды органдарының жүйесі, заттық
элемент тұрғысындағы қоғамның өндіргіш күштерінің құрамдас бөлігі ретінде анықталады.
М.Хайдеггердің экзистенциялық философиясында техника деп жай бір әдіс, тәсілді емес,
адамзаттың өзіндік көрініс құбылысы ретіндегі жасырын, тылсым дүниесінің ашылу түрін
ұғынады. Хайдеггер техника адамға "қойылған" (постав-"берілген бітімдік") түрде қарсы
тұрады,-дейді. Адам техника арқылы (техникамен қатынаста) өзінің нағыз тіршілігінен,
болмысынан айырылады, бас тартады, жатсынады.
Технинаның негізгі функциясы - зат дүниесін конструкциялау және реконструкциялау.
Егер адам объектке немен әсер етсе - ол техника, ал оған қалай әсер етсе-ол технология.
"Техника философиясы" терминінің шығуы Э.Капптың "Техника философиясының
негіздері" (1877., Алмания) деген еңбегіне байланысты. Оның алдында И.Бекманның
"Технология туралы басшылық жасау, немесе фабрика мен мануфактура істерін тану" (1777)
деген кітабы шыққан. 1912-1913 ж.ж. П.К.Энгельмейер де "Техника философиясы" деген
кітап жазды. XX ғасырдың орта шенінде техника философиясы мәселесімен көрнекті
философтар М.Хайдеггер, О.Тофлер, Хосе Ортега-и--Гассет айналысты, шұғылданды.
Техника философиясы - техника, жасанды объектер, артефакттармен байланысты
мәселелерді зерттейтін, қарастыратын философия саласы.
Техника философиясының негізгі мәселелері:
техника табиғаты мен мәні;
техниканың тарихи дамуы;
техникалық мағыналықтардың ерекшелігі;
техника және қоғам;
техника өсуінің салдары;
техноэтика;
технократия.
Техника дамуының екіұдайлық, екімағыналық салдары бар:
адамзат дамуының жемісі;
әлеуметтік жағымсыз мәселелерді тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |