Тиндаль эффектісі – коллоидты ерітінділер арасынан өтіп кететін жарық
шоғырын көруге мүмкіндік беретін коллоидты ерітінділер бөлшегімен
жарықтың шашырауы.
Түзілу жылуы – берілген жағдайларда жай заттардан моль химиялық
қосылыс түзілгендегі бөлінген не сіңірілген жылу.
Тұтқырлық – реал сұйықтардың бөлшектерінің салыстырмалы орын
ауыстыруына немесе жылжуына кедергі көрсететін сұйықтың қасиеті.
Термодинамикалық тепе-теңдік – əжептəуір үлкен уакыт аралығынан
соң өздігінен түзілетін тұйык жүйе күйі.
Торр – қысымның өлшем бірлігі (1 торр = 1 сын.бағ.мм.).
Триангуляция – жеке жүйелерді тағы да жүйелерге жіктеуді айтады.
Тұтқырлық – сұйық ағынының кедергілік өлшемі.
Тұрақсыз диагональ – тұрақсыз тұз жұбы бойынша төрт компонентті су-
тұз жүйесінің диагональді кесігі.
Достарыңызбен бөлісу: |