ГЛОССАРИЙ
Айдау – сұйықтықтардың өзара еритін қоспасын фракцияға, бір-бірінен
жəне бастапқы қоспадан да қайнау температурасымен айырмашылығы болатын,
бөлу процесі.
Балқу – қатты кристалдық заттың сұйық күйге ауысуы.
Бинодальды қисық – екі тепе-теңдіктегі фазаның құрамын көрсететін
сызық.
Байланыстырғыш сызықтар – диаграммадағы құрамы белгілі
нүктелерді байланыстыратын көмекші тұзу сызық.
Бейтараптану реакциясы – қышқыл мен негіздің бір-бірімен
стехиометриялық эквиваленттік мөлшерде əрекеттесетін реакция. Бейтараптану
реакциясының өнімдері су жəне тұз болып табылады.
Беттік керілу – молекула аралық тартылыс күшінің (когезия) əсерінен
сұйықтың қасиеті минималдық беттік пішінге ие болады.
Бинарлы жүйе – екі компоненттен тұратын жүйе.