1. әлем кубогының жеңімпазы.
2. жерлестерінің жанашыр жанкүйері.
3. қазақтың мақтан тұтар жас балуаны.
4. Лондон олимпиадасының жүлдегері.
«Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ
АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»
9-мәтін
Күз. Күн көкжиекке таянған кез. Жайық өзенінің жағасында бір топ бала асық ойнап
жүреді. Оларға ұшыраса кеткен салт атты жолаушылар жол сұрайды. Сонда топ ішіндегі
кішкене бала:
− Ағайлар, ендігі ауыл алыс, осында қонғандарыңыз жөн болар, – дейді.
− Сенен ақыл сұрамаймыз, шырағым, тек алдымыздағы ауылды айт, – дейді жолаушы.
− Ендігі ауыл қашық, көнбесеңіз жол ашық! Алдыңызда ауыл көп. «Көрінеменің»
ауылы бар. Одан әрмен «Ойпыр-ай», «Әттеген-ай» дегендер де бар. Қайсысын сұрайсыз?
«Баламен бала болып тұрамыз ба?» – деп жолаушылар аттарына қамшы басып, жорта
жөнеледі. Олар күн батып, қас қарая қырқадан ойға түседі. Сонда кәрі жолаушы:
− «Көрінеменің» аулы көріне ме? – деп сұрайды.
Қария әрі-бері жүрген соң тағы да «Ойпыр-ай, тым болмаса ошақ оты көрінуі керек еді ғой!»
– дейді.
Күздің кей түні суық болмай ма? Сондай түнге кезіккен жолаушылар тоңып, әбден
шаршайды, әрі бағытынан айырылады. Сонда: «
..., баланың қон деген ақылы дұрыс екен», –
депті.
«Айгөйлек» журналы
Достарыңызбен бөлісу: