142
Оқу үрдісіне студенттердің барлығы белсенді жұмыс жасауын
қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек.
Мысалы:
рөлдік ойындар, үш қадамды сұхбат, постер, сұрақ қою,
т.б. Бұл әдістер аудиториядағы барлық студентерді әрекетке тартып,
ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға
септігін тигізеді. Осы тұста тізбектелген сабақ жоспарларымды
тәжірибеде жүзеге асыру барысында сабақта диалогтің маңызды рөл
атқаратынын көрсетті.
7 модульді меңгерген оқытушы ретінде менің табыстылығымның
белгісі – аудиториядағы студенттердің сапалы білім алғандығы болып
табылады, демек мен үшін өткізген сабақтарымның табысты да
сапалы болуы өте маңызды. Тізбектелген сабақтардың алғашқы
күнінен бастап мен студенттердің диалогтік қарым-қатынасқа
түсулеріне мән бере бастадым.
Диалогтік оқыту стратегияларын (әдістерін, тапсырмаларын)
өз сабағымда қолдану барысында көптеген әдістерді пайдаландым.
Жекелей айтар болсақ, олар: «Сұрақ қою әдісі», «Постер құрып, оны
қорғау», «Ашық және жабық сұрақтар», т.б. «Сұрақ қою» әдісінің
негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін
жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез
келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар
мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін
қаншалықты маңызды? т.б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай
мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады,
оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде
берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы
тілдік қарым-қатынас орнатады. Сондай-ақ осы жұмыс арқылы
оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен
септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Ал
Достарыңызбен бөлісу: