Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАҢА



Pdf көрінісі
бет57/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86
ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРГЕ ЖАҢА 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТҮСІНДІРУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Тұрғаналиева Г.Г. 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 
университеті, магистр-аға оқытушы 
 
Диалогтік  оқыту  –  мұғалімнің  жан-жақты  жұмысын  талап  етеді. 
Білім  беру  барысында  диалогтік  оқытуды  дамыту  үшін  мұғалімнің 
тәжірибесінде  не  қажет?  Әрине,  оқытудың  әдіс-тәсілдерінің 
аудитория жағдайында дұрыс  таңдалуы нәтижеге жетудің бастамасы 
болып  табылады.  Бұл  мұғалімнен  біліктілік  пен  шеберлікті  қажет 
етеді.  Диалогтік  оқыту  модулі  бір  жағынан  қызықты  болса,  екінші 
жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. 


142 
 
Оқу  үрдісіне  студенттердің  барлығы  белсенді  жұмыс  жасауын 
қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. 
Мысалы: рөлдік  ойындар,  үш  қадамды  сұхбат,  постер,  сұрақ  қою, 
т.б. Бұл әдістер аудиториядағы барлық студентерді әрекетке тартып, 
ұжымда  жұмыс  жасауға  үйретіп,  тілдік  қарым-қатынас  орнатуға 
септігін  тигізеді.  Осы  тұста  тізбектелген  сабақ  жоспарларымды 
тәжірибеде жүзеге асыру барысында сабақта диалогтің маңызды рөл 
атқаратынын көрсетті. 
7 модульді меңгерген оқытушы ретінде менің табыстылығымның 
белгісі – аудиториядағы студенттердің сапалы білім алғандығы болып 
табылады,  демек  мен  үшін  өткізген  сабақтарымның  табысты  да 
сапалы  болуы   өте  маңызды.  Тізбектелген  сабақтардың  алғашқы 
күнінен  бастап  мен  студенттердің  диалогтік  қарым-қатынасқа 
түсулеріне мән бере бастадым. 
 Диалогтік  оқыту  стратегияларын  (әдістерін,  тапсырмаларын) 
өз сабағымда қолдану барысында көптеген  әдістерді пайдаландым. 
Жекелей айтар болсақ, олар: «Сұрақ қою әдісі», «Постер құрып, оны 
қорғау», «Ашық және жабық сұрақтар», т.б.   «Сұрақ қою» әдісінің 
негізгі  мақсаты  –  бір-бірімен  ой  бөлісу  арқылы  өз  білімдерін 
жетілдіру  жұмысымен  айналысу.  Жаттығу  барысында  оқушылар  кез 
келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар 
мен  ұстанымдар  бар?  Бұл  жұмыс  мен  және  менің  құрбыларым  үшін 
қаншалықты  маңызды?  т.б.   сұрақтарға  жауап  бере  отыра  қандай 
мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, 
оларды  қалай  мен  шешу  керекпін?  деген  сұрақтар  төңірегінде 
берілген  уақыт  ішінде  жекелей  ой  қозғап  өзара  ой  бөлісу  арқылы 
тілдік  қарым-қатынас  орнатады.  Сондай-ақ  осы  жұмыс  арқылы 
оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен 
септігін  тигізіп,  жұмысқа  белсенді  қатысуына  мүмкіндік  береді.  Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет