Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
20 4
КБ жүргізушісінің сұрауы немесе жүйе диспетчерінің
бастамасы бойынша деректерді көрсету;
Жүргізуші мен жолаушыларға жасалған дауыс
хабарламаларын қалыптастыру.
Радионавигациялық жүйелерді енгізу кезінде пайда болатын
мәселелердің бірі - АРНЖБ үшін радиожиілік жолағын босату жөнінде
федералдық деңгейде шешім қабылдау қажеттілігі.
Ресей аумағы бойынша тасымалдаумен айналысатын халықаралық
шетелдік тасымалдау автомобильдерінің барлығы дерлік спутниктік
навигация құралдарымен жабдықталған. Байланыс құралы ретінде олар
спутниктік
байланыс
жүйесін (Inmarsat, Globstar), не GSM
стандартындағы ұялы байланыс жүйесін қолданады. Осыған ұқсас
технологиялық
шешімдерді
ресейлік
автотасымалдағыштар
да
қолданады, бұл үшін байланыстың ұялы желісі үшін SMS-
хабарламалардан GPRS пакеттік режіміне мақсатты түрде ауысу қажет.
Сонымен бірге (техникалық тұрғыдан қарағанда) бортқа
компьютер орнату мүмкіндіктері мен ресурстарын қолдануға қалай қол
жетімді болса, солайша КБ бортына GPS-қабылдағышы немесе
коммуникаторлары бар ҚДК қолдануға болады.
Ресейдегі ҚЖК навигациялық жүйелерді дамытуға басты
кедергі қалалар мен көліктік кәсіпорындардың бюджеттерінде қаржы
ресурстарының жоқтығы болып табылады, алайда АРНЖБ қолдану
саласында жүйелі әсерге қалай себепші болса, жүйеден тыс әсерге де
солай, оң өзгерістер болары анық. (6.2-кесте).
Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі
департаменті, АРНЖБ енгізу және пайдаланудың жинақталған оң
тәжірибесін пайдалана отырып, келесі функционалдық құрылымды
қарастыратын автомобиль көліктерінің қауіпсіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін бірыңғай жалпы ресейлік автоматтандырылған
радионавигациялық
жүйені
басқаруды
кезең-кезеңмен
қалыптастыруды көздейді:
■ көлік түрлері бойынша жергілікті диспетчерлік жүйелер (қала,
қала маңы);
■ аймақтық корпоративтік жүйелер (жергілікті диспетчерлік
жүйелер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету);
■
аймақаралық жүйелер (қалааралық және халықаралық
тасымалдаудың аймақтық жүйелері арасында ақпарат алмасуды
қамтамасыз ету).