Байланысты: АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІНІҢ АВТОМАТТАЛҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
21 2 кедендік саясатқа және т.б.) тәуелді басқару аппаратына да ақпарат
береді.
Жүйенің кіріс ақпаратының шығыс ақпаратына әсерін арттыратын
кері байланыс – оң кері байланыс, ал сыртқы ықпалдан бұзылған
жүйедегі тепе-теңдікті қалпына келтіруге көмектесетін азайтатын әсер
– теріс деп аталады. Оң кері байланыс кері байланыс болмағандағы
сыртқы әсерге қарағанда үлкен ауытқуды тудырады.
Кері байланысқа ие басқару жүйелерінде басқарылатын нысанның
қажетті күйін анықтайтын басқару әрекеті таңдалады. Басқарылатын
нысанның нақты жағдайы туралы ақпарат кері байланыс арнасы
арқылы жүзеге асырылады. Арнайы орган осы жағдайларды
салыстырып, басқарылатын нысанның қажетті және нақты жағдайлары
сәйкес келмеген жағдайда, мақсаты нысанның қылығын түзету болып
табылатын басқару ықпалын қалыптастырады.
Әрбір басқарушы сұлбаның басқару әрекеттері басқарылатын
нысанның өзге басқару сұлбасындағы басқару әрекеттеріне
реакциясына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайларда олар көбінесе көп
байланысты басқару жүйесі деп аталады. Ұйымдастырушылық және
әкімшілік жүйелердегі көп байланысты басқару әдістерінің негізгі
артықшылықтарының бірі – сыртқы ортадағы елеулі өзгерістер
жағдайында, яғни, әр түрлі кездейсоқ әсерлердің үлкен саны
жағдайында, басқару жүйелерінің элементтерінің жұмысын үйлестіру
болып табылады.