3 тарау БАҚЫЛАУДЫҢ, БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ РЕТТЕУДІҢ АВТОМАТТЫ ЖҮЙЕСІ Жоғарғы жақта түрлі жағдайлардағы (тұрмыстық, өндірістік) түрлі
орындаушылардың
әрекеттерін
сипаттайтын
алгоритмдер
қарастырылды. Бірақ бұл алгоритмдердің кез келгенін біз адамдармен
берілген бұйрықтар мен нұсқаулардың бірізділігі ретінде қабылдадық,
ал алгоритмді орындаушы ретінде көрсетілген абстрактылық машина
еститін, түсінетін және нұсқауларды өз қолымен орындайтын
адамтектес робат түрінде таныстырылды.
Әрине, алгоритмдердің шынайы бұйрықтары зор дауыспен
айтылмайды және оларды орындау үшін машиналарға құлақтың қажеті
жоқ. Алгоритмді орындайтын техникалық құрылғылар ақпаратты
қабылдау мен орындаудың басқа тәсілдерін пайдаланады және қолмен
жұмыс істемейді. Олар өндірісті автоматтандырудың маңызды
міндеттері - бақылау, басқару және реттеуді, көптеген алгоритмдерді
орындау жолымен шешуге қабілетті жүйеге бірігеді.