Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»


  Автоматты жүйенің түрлері



Pdf көрінісі
бет40/142
Дата14.01.2022
өлшемі4,68 Mb.
#24019
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   142
3.1.7. 
Автоматты жүйенің түрлері 
Автоматты жүйелер үш негізгі түрге бөлінеді: 
■  автоматты бақылау жүйесі; 
■  автоматты басқару жүйесі; 
■  автоматты реттеу жүйесі. 
Автоматты  бақылау  жүйесі  (АБЖ)  автоматты  құрастыруды, 
өңдеуді,  сараптауды  және  технологиялық  процестің  парамертлері 
туралы  ақпаратты  операторға  оған  ыңғайлы  түрде  ұсынуды  жүзеге 
асырады. 
Бұл  жүйенің  ерекшелігі  оның  технологиялық  процеске  ешқандай 
ықпал жасамауында болып тұр. Оның міндеті – процестің өтуі жайлы 
операторға  объективті  картина  ұсыну  және  технологиялық 
параметрлер  рұқсат  етілген  шектен  шығып  кеткен  жағдайда  оның 
көңілін өзіне аудару.  
Процестің өзінің параметрлерін бақылаумен қатар, бақылау жүйесі 
технологиялық жабдықтардың параметрлеріне де жиі диагностикалық 
бақылау жүргізеді.  
Технологиялық  процестердің  және  жабдықтардың  параметрлерін 
бақылау  нәтижесі,  әдетте,  тіркеу  үшін  ЭЕМ-ге  түседі,  ал 
параметрлердің  белгіленген  шектен  шығып  кеткен  жағдайында  ЭЕМ-
ның  экранына  шығарылады,  ал  арнайы  жарықты  таблоға  дыбыстық 
сигнал түрінде жиі шығарылады.  
Мысалы, резрвуарларды толтыру алгоритмін жүзеге асыру кезінде 
(2.2.3  бөлімге  қара.)  автоматты  бақылау  жүйесі  резервуардағы 
сұйықтық  деңгейін  анықтып,  оның  температурасын,  сұйықтық 
шығынын ( егер ол резервуардан басқа мақсатқа алынса) және басқа да 
параметрлерді  операторға  хабарлай  алады  және  әр  резервуар  туралы 
мәліметті  жеке-жеке  хабарлайды.  Бақылау  жүйесі  бір  мезгілде 
жабдықтың бұзылмағандағын да тексере алады, мысалы, резервуарды 
толтыру  жүргізілетін  құбыр  желісіндегі  сұйықтықтық  бар  болуын, 
оның қысымын, температурасын қадағалай алады.    


52 
 
Егер  құбыр  желісіндегі  немесе  резервуардағы  сұйықтық  деңгейі 
рұқсат  етілген  шектен  асып  кетсе,  онда  апаттың  болуы  ықтимал, 
сондықтан  да  бақылау  жүйесі  операторға  параметрдің  қауіпті  шекке 
жақындағыны туралы ескертеді.  
 
Технологиялық 
параметрлер 
жайлы 
ақпарат 
негізіндегі 
автоматты  басқару  жүйесі  (АБЖ)    технологиялық  құрылғыларға 
технологиялық процестердің тәртібі мен барысын қолдау мақсанында 
технологиялық  жабдықтарға  автоматты  түрда  әсер  етуды  жүзеге 
асырады. 
Бұл  жүйе  технологиялық  процестердің  ағымын  қойылған 
мақсатына қол жеткізу қажеттілігіне қарай қамтамасыз етеді. Дәл осы 
технологиялық процесс АБЖ жұмысының алгоритмін анықтайды. Егер 
белгілі бір уақытта, қандай да бір себептермен қойылған мақсатқа қол 
жеткізу  үшін  алгоритмге  өзгеріс  енгізетін  болса,  онда  бұл  өзгеріс 
басқару жүйесімен жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан, жүйе жеткілікті 
иілгіш  болуы  керек  және  алгоритмнің  өзгеруі  үшін  қандай  да  бір 
себептердің  пайда  болмағандығын  қадағалауы  қажет.  Бұны 
резервуарлардың жағдайын қадағалаған бақылау жүйесін мысалға алу 
арқылы қарастырамыз. 
 
Резервуарларды  толтырудың  негізгі  алгоритмі  2.2.3  бөлімінде 
көрсетілген.  Барлық  резервуарларды  толтырғаннан  кейін  не  болады? 
Барлық резервуарлардағы сұйықтық деңгейі және басқа да параметрлер 
берілген мәнге сәйкес болады, яғни, алгоритмде қойылған мақсатқа қол 
жеткізіледі.  Егер  сұйықтық  резервуардан  бұрылып  кетсе,  онда  оның 
деңгейі өзгереді. Мұны бақылау жүйесі қадағалайды. 
Мысалы, бақылау жүйесі №3 резервуардағы сұйықтық мөлшерінің 
түсіп кеткендігі туралы операторға хабарлады делік.  Бұл дегеніміз, №3 
резервуардағы  сұйықтықты  өлшейтін  датчиктен  сұйықтық  деңгейінің 
төмендегені туралы ақпараттық сигнал түсті дегенді білдіреді.  Мұндай 
жағдайда  қандай  әрекеттер  қабылдануы  тиіс?  Егер  мақсат 
резервуардарды толық толтыру болса, онда № 3резервуарға шлангыны 
апару  керек,  қақпаған  ашып,  резервуарды  толтыру  туралы  сигналдың 
пайда болғанын күту керек, одан кейін қақпақты жабу керек. Мұндай 
әрекеттер  алгоритмде  бар  және  олар  №3  резервке  қолданылғандай 
орындалуы тиіс.  
Осылайша,  автоматты  басқару  жүйесі  автоматты  бақылау 
жүйесінен  түскен  сигналға  жауап  қайтаруы  керек  және  қалыптсқан 
жағдайда  мақсатқа  қол  жеткізуге  алып  келетін  алгоритм  бөлігін 
орындауы тиіс.  Бақылау жүйесі болмаса, басқару жүйесі жұмыс жасай 
алмайды,  яғни,  оның  батапқы  кезеңде  алгоритмді  тұтастай  орындап, 
мақсатқа  қол  жеткізуі  мүмкін,  бірақ  технологиялық  процестердің 
қажетті параметрлерін тұрақты қолдап отыруы үшін ол АБЖ-мен ылғи 
байланысты болуы керек. 


53 
 
Автоматты  реттеу  жүйесі  (АРЖ)  технологиялық  процестің 
бақыланатын  параметрлерінің  берілген  мәніне  автоматты  қолдау 
көрсетеді немесе берілген заң бойынша оның өзгеруін жүзеге асырады. 
Бұл  жүйені  тек  бір  параметрмен  жұмыс  жасайтын  басқару 
микрожүйелері  мен  бақылау  микрожүйелерінің  жиынтығы  ретінде 
қарауға  болады.  Мұндай  бірігулер  көбінесе  техникалық  жағынан  өте 
жеңіл орындалуы мүмкін, сондықтан да, АРЖ-ның кең таралуына алып 
келді.  
Температураны автоматты реттеу мысалы – электр үтігі. Матаның 
түріне  қарай  қажетті  температураны  қалыптастыратын  бұранданы 
бұрау арқылы, сіз барлық үтіктеу уақытында реттеу жүйесі автоматты 
түрде  сақтайтын  температураға  қоясыз.  Осыған  ұқсас  жүйе 
резервуардағы  және  құбыр  желісіндегі  сұйықтықтың  берілген 
температурасын  сақтау  үшін  пайдаланылуы  ықтимал,  бірақ  оның 
өндірістік  жағдайлардағы  тәжірибеде  жүзеге  асырылуы  шамалы 
өзгешелеу.  
Сұйықтық  деңгейін  автоматты  түрде  реттеу  жүйесінің  мысалы  – 
дәретханадағы шаю багының толтырылу құрлысы. Бактағы су деңгейі 
қалай  төмендейді,  солай қақпақша ашылып,  бакқа  су  толады;  қажетті 
деңгейге қол жеткізілген соң қақпақша жабылады.  Осыған ұқсас жүйе 
резервуардағы  және  құбыр  желісіндегі  сұйықтықтың  деңгейін  реттеу 
үшін пайдаланылуы ықтимал.  
АРЖ-ның 
ерекшелігі 
– 
оның 
толықтай 
автоматтығы: 
технологиялық  процесте  жүйемен  бақыланатын  жағдай  қалай  өрбісе 
де, параметрде берілген мәні болады немесе ол берілген заң бойынша 
өзгере алады (соңғы жағдайда жүйе айтардықтай күрделенеді). 
Іс  жүзінде  технологиялық  процестерді  автоматтандыру  кезінде 
құрамалы автоматты жүйелер пайдаланылады, олар қарастырылған үш 
жүйе түрін де қамтиды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет