Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



Pdf көрінісі
бет48/142
Дата14.01.2022
өлшемі4,68 Mb.
#24019
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142
3.3.
 
АВТОМАТТЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ 
3.3.1. 
Автоматты басқару жүйесінің алгоритмі 
Кез  келген  технологиялық  процесс  алға  қойылған  мақсатқа  қол 
жеткізуге  жетелейтін  алгоритмге  сәйкес  жасалады,  мысалы,  қажетті 
азыққа, бұйымға немесе басқа да жоспарланған нәтижеге қол жеткізу. 
Нанды  пісіру  де,  ұшақты  басқару  да,  қарандаштарды  дайындау  да, 
автомобиль қозғалтқыштарын өндіру де – бұл процестердің барлығы да 
түрлі  механизмдермен  орындалатын  операциялар  ретін  білдіреді, 
соның ішінде алгоритмге сәйкес, автоматты операция. 
Сондықтан  кез  келген  технологиялық  процесте  операциялардың 
реті  алдын  ала  белгілі  болғандықтан,  алгоритмге  нақты  сай  келетін 
атқарушы  механизмге  басқарушылық  ықпалды  қалыптастыратын 
басқару  құрылғысын  әрдайым  жасауға  болады.  Технологиялық 
процестерді  басқарудың  мұндай  тәсілдері  пайдаланылады,  бірақ  оны 
тек ең қарапайым процестерге қолдануға болады.  
Шынайы  жағдайларды  түрлі  себептерге  байланысты  құрылғылар 
мен процестердің параметрінің алгоритмде қарастырылған мінсіздіктен 
басқа  да  ауытқуы  болады.  Бұл  ауытқулар  технологиялық  процесс 
барысының жол берілмейтін қателігіне алып келеді және нәтижесінде 
жарамсыз  бұйымдарды  шығару  мен  негативті  салдарға  жеткізеді. 
Сондықтан  да  параметрлерді  қадағалап  отыру  керек,  ол  үшін,  әдетте, 
АБЖ қолданылады.  
Автоматты  бақылау  жүйесі  технологиялық  процестер  мен 
құрылғылардың  барлық  параметрлерінің  толық  ақпаратын  жүргізеді, 
соның  ішінде,  параметр  мәнінің  номиналдықтан  ауытқы  жайлы  да 
ақпарат  бар.    Бірақ  та  ауытқу  орын  алды  және  бақылау  жүйесімен 
тіркелді,  онда  әрі  қарай  не  істеуге  болады?  Автоматтандырылған 
басқару  жүйесінде  бұл  туралы  шешімді  оператор  шығарады,  ал 
автоматты  жүйеде  шешімді  басқарушы  құрылғы  қабылдауы  тиіс.  Ол 
параметрлер  жайлы  ақпарат  сараптамасы  нәтижесінде  параметрді 
номиналды  мәнге  қайтаратын  атқарушы  механизм  туралы  түзетуші 
басқару дабылын қалыптастырады.   


64 
 
Атқарушы  механизм  жұмысының  нәтижесі  бола  алатындар,  мысалы, 
өңдеуші  құралды  жылжыту,  жылытқышты  белгілі  бір  уақытқа  қосу, 
қосымша күш қалыптастыру және т.б.  
Егер бақылау жүйесі параметрдің шектік мәннен асқандығы туралы 
және  апаттық  жағдайдың  туындағындығы  жайлы  хабарлама  берсе, 
онда  басқарушы  құрылғы  апатты  деп  аталатын  тапсырманы  шешеді. 
Мұндай  жағдайлар  үшін  арнайы  алгоритмдер  құрастырылған,  оларды 
бақылау  жүйесі  орны  толмас  салдардан  қашу  үшін  максималды 
жылдамдықта  орындауы  тиіс.  Апаттық  алгоритм  тек  қана  ауытқыған 
параметрге  тікелей  әсер  ететін  атқарушы  механизмге  ықпал  жасауды 
қарастырмайды,  сонымен  бірге  әрі  қарайғы  процестің  апатты  дамуын 
болғызбайтын  және  алдын  алатын  басқа  да  ықпалдарды 
қалыптастырады.  
Біз  бақылау  жүйесінен  келген  ақпаратқа  басқару  жүйесінің  әсерін 
қарастырамыз.  Дегенмен,  басқару  жүйесінің  негізгі  міндеті 
технологиялық  процесті  жүргізу  және  ол  қалыптастырған  атқарушы 
процестің  ықпалы,  бірінші  кезекте,  осы  процестің  алгоритмімен 
анықталады,  ал  паралель  түрде  басқа  да  параметрлерді  бақылау 
жүргізіледі.   
Бұл  тапсырмаларды  параллель  орындау  мүмкін  болады,  өйткені 
технологиялық  процестің  кез  келген  операциясы  әрдайым  белгілі  бір 
уақытқа  жалғасады,  яғни,  бір  датчик  сауалнамасынан  әлдеқайда 
көбірек  уақытқа.    Бір  операцияны  орындау  уақыты  кезінде  көптеген 
параметрлер  жайлы  ақпаратты  жинауға  болады  және  олардың 
қайсыбірінің  нормадан  ауытқуы  кезінде  сәйкес  атқарушы 
механизмдерге басқарушы дабыл беру керек. Технологиялық процестің 
ағымдағы  операциясы  аяқталған  кезде,  басқарушы  құрылғының 
алгоритмінің  процесіне  сәйкес  келесі  операцияның  басталуы  жайлы 
дабыл  қалыптастырылады,  ол  кезде  датчиктердің  келесі  тобына 
сауалнама жүргізіледі. 
Бақылау  жүйесі  автоматты  басқару  жүйесінің  маңызды  бір  бөлігі 
болғандықтан,  АБЖ  алгоритмі  жоғарыда  қарастырылған  АБЖ 
базасында  жасалады.  АБЖ  алгоритмінің  блок-сызбасы  3.5.  суретте 
көрсетілген.  Ол  жерде  тікелей  басқаруды  технологиялық  процестің 
барысы  ретінде  қамтамасыз  ететін  элементтер  ерекшеленген.  Басқару 
жүйесі  технологиялық  процесті  жүргізетін  болғандықтан,  АБЖ 
жұмысы  уақыты  да  осы  процесс  ұзақтығына  тең.  Датчиктерге  сұрау  
жүргізу  технологиялық  операциялардың  орындалуынан  жылдам 
болады,  және ТП алгоритмін орындау барысында барлық датчиктерді 
сұрау көп рет жүргізілуі мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет