Ұқсас ықпалдарды қалыптастырушы техникалық құралдар.
Оларды алты топқа бөлуге болады, төменгі жақта олар ЭЕМ
дабылынан шығу тәртібінде ұсынылған (3.6-сурет).
1.
Ұқсас сандық түрлендіргіштер (ҰСТ). Олардың қызметі – ЭЕМ-
нен түсетін және ұқсас атқарушы механизмдерді басқаруға қажетті
басқарушы ықпал жайлы ақпаратты ұқсас дабылдарға жеткізетін
(әдетте, электр кернеуінде) екілік сандарды түрлендіру. Әдетте бір
ҰСТ бірнеше механизмді басқаруға пайдаланылады және олар кезек-
кезек қызмет алады.
2.
Коммутаторлар. Бұл ҰСТ-дан басқа түрлі атқарушы
механизмдеріне дабыл беруді қамтамасыз ететін электронды және
электромеханикалық ауыстырып қосқыштар.
3.
Сақтау құрылғысы (СҚ). Бұл атқарушы механизмдердің барлық
жұмыс атқару кезеңінде ҰСТ-дан атқарушы механизмге түсетін
басқарушы дабылдар мәнін сақтайтын ұқсас құрылғылар.
Атқарушы механизм – баяу құрылғы (ЭЕМ-мен, ҰСТ-мен және
басқа да электронды құрылғылармен салыстырғанда). Бірақ басқарушы
дабылмен жазылған әрекеттерді орындау үшін
67
3.6-
сурет. АБЖ ұқсас әсерлерін қалыптастырушы техникалық
құралдарының құрылымы
бұл дабыл әрекетті орындау уақытының барлық кезінде АтМ-ға берілуі
тиіс. Егер ҰСТ немесе ЭЕМ атқарушы механизмнің аяқталуын күтетін
болса және бұдан кейін ғана келесі атқарушы механизмге қызмет
көрсетуге көшсе, онда бұл бүкіл жүйенің және технологиялық
процестің барысын баяулатады.
Сондықтан да ҰСТ аталған атқарушы механизмге дабылды
қалыптастырып, оны коммутатор арқылы қажетті сақтаушы құрылғыға
береді және ЭЕМ-ға түскен келесі екілік санды түрлендіруге көшеді,
яғни, басқарушы дабылды басқа атқарушы механизм үшін
қалыптастырады.
4.
Өтпелі құрылғы. Олардың қызметі – технологиялық жабдықта
немесе оған жақын орналасқан атқарушы механизмге дейін басқарушы
дабылды жеткізу.
Басқарушы дабылдар жеткілікті түрде мықты, сондықтан,
біріншіден, оларды бақылау жүйесіндегі кедергілерден жете сақтау
қажет емес, ал екініші жағынан, мықты дабылы бар экрандалған
кабельдер жақын маңда салынған бақылау жүйесіндегі ақпараттық
дабылдар тізбегіне олардың әсерін айтарлықтай төмендетеді.
5.
Атқарушы механизмдер (АтМ). Олар басқарушы дабылға сай
жұмыс мүшелеріне ықпал жасайды. Мысалы, электрқозғалтқышты
атқарушы механизм
68
3.7-
сурет. АБЖ дискретті әрекеттерін қалыптастырудың техникалық
құрылысының құрылымы
кескіш құралы бар күймешені басқарушы дабылдың қозғалтқышқа
әсері уақытына байланысты қашықтыққа жылжытады.
6.
Жұмыс органдары (ЖҰ), сонымен бірге, реттеуші органдар деп
аталады. Олар технологиялық процеске тікелей әсер етеді. Сондықтан,
күймешені 20 см.ға жылжыту 20 мм. ұзындықтағы бөлікте
дайындықтың жоғары қабаты құралымен өңдеуге алып келеді; 5%
жабыңқы жапқыш газ шығынын 5 % төмендетуге алып келеді.
Дискретті ықпалдарды қалыптастырудың техникалық құралы.
Оларды төрт топқа бөлуге болады ( 3.7-сурет).
1.
Шығыс регистрі (ШР). Олар екілік санды код түрінде ЭЕМ-мен
өңделетін дискретті басқару дабылын есте сақтау үшін және дискретті
атқарушы механизмдермен басқару үшін пайдаланылады.
2.
Өтпелі құрылғылар (ӨҚ). Олар туралы жоғары да да айтылған.
Мықты дискретті дабылдар қатты импульсті кедергілердің көзі болып
саналады, сондықтан олармен бірге болатын кабельдер өте ұқыпты
экрандалуы тиіс.
3.
Атқарушы механизмдер (АтМ). Бұл жұмыс күйі тұтас санмен
көрінетін дискретті элементтер (көп жағдайда 2): электронды, және
электромагнитті реле, қадамдық қозғалтқаштар, пневможетек және
сужетек.
4.
Дискретті әрекеттің жұмысшы (реттеуші) органдары. Олар
технологиялық процеске дискретті ықпал жасайды, бірақ параметр
процесінің қандай да бір мәнін реттумен емес, жабдық жұмысының
тәртібін орнату арқылы әсер етеді.
|