ДАТЧИКТЕР Біз қоршаған ортаны сезім мүшелерінің көмегімен қабылдаймыз.
Көру, есту, иіскеу мүшелері қоршаған ортаның параметрлерін орталық
нерв жүйесінен миға, яғни, біздің басқарушы құрылғымызғы, берілетін
белгілерге айналдырады.
Көз, құлақ, мұрын – біздің датчиктеріміз. Олардығы физикалық
құбылыстар мен процестер әрдайым түсінікті бола бермейді, бірақ, ең
дұрысы, олар сырттан қабылдаған ақпарттарын электр белгілеріне
айналдырады.
Автоматты жүйенің датчиктері де технологиялық параметрлер мен
электр дабылдарын түрлендіреді. Олардың мұны қалай жасайтынын
түсіну үшін, электр кернеуін қалай алатынын қарастырамыз.
Потенциалдар
айырмасының
(электр
кернеуі)
төменде
көрсетілгендер арқылы туындайтыны белгілі:
■ Магнитті алаңдағы қозғалыс кезіндегі өткізгіштер ұшының
арасында;
■ Кварц кристалының қырында оған күшпен әсер еткенде;
■ Түрлі металдардан жасалған екі байланыстырушы өткізгіштердің
босаң ұштарының арасында нүктелердің жылынуы кезінде;
■ Әртекті екі жартылый өткізгіштер арасында олардың түйіспелері
аймағын жарықтандырған кезде (р —л-өтуінде) және т.б.
Осы және оларға ұқсас құбылыстар технологиялық процестердің
әртүрлі параметріндегі датчиктердің жұмысы негізінде жатыр:
жалдамдық, күш, температура, жарықтандыру және басқа да
процестер.