90
және қысылады және оның бекітілмегін ұшының жылжуы әрі қарай
жылжыту датчиктері деп қарастырылатын электр сигналына айналуы
мүмкін. Стержень де созылады және жиырылады, бірақ оның
деформациясын, әдетте, өте аз болуына орай, оны әрі қарай жылжу
датчигіне емес, деформацияға түрлендіруге пайдалану ыңғайлырақ,
бұл өз кезегінде деформацияланған дененің жоғарғы бетінің өте аз
жылжуын қабылдайды және оларды дабылға айналдырады.
Дененің жылдам қозғалуы кезінде ол тірекке күш салады.
Сондықтан күшті түрлендіргіштердің үдеткішті өлшеу үшін
пайдаланылуы да мүмкін.
Сұйықтық қысымының немесе газ қысымының түрлендіргіштері
болып жарғақша қабында орналасқан толы ыдыс есептеледі, ол өзінің
барлық жоғарғы қабатында қысымды сезеді (4.3, а суреті).
Жарғақшаның майысуы ықпал жасау нәтижесі болады, яғни,
деформация немесе жылжу датчигі арқылы артынан электр сигналына
айналатын оның жоғарғы бетінің деформациясы.
Гофрленген
ыдыстың
қабырғасы
қысымға
байланысты
деформацияланған элементтер болып саналады (мұндай ыдыс сильфон
деп аталады) (4.3,
б-сурет). Бұл жағдайда қысым қабырғаның сильфон
қабына қарай сызықтық жылжумен созылуына алып келеді. Қысымның
түрлену сезгіштігін ұшы дәнекерленген сильфонды шиыршық түтікпен
алмастыру арқылы ұлғайтуға болады (4.3,
в суреті). Қысым күшімен
түтік шиыршық осьін айналып тарқайды. Түтік соңының сызықтық
және бұрыштық жылжуы шығыс шамасы бола алады.
Температураны аралық түрлендіргіштер. Температураны өлшеу
кезінде оны сызықтық және бұрыштық жылжуға өзгертетін құрылғыны
пайдаланады. Бұл үшін биметалдан жасалған жалпақ және шиыршық
пружиналарды қолданады (4.4-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: