5.4.2. Триггерлер Триггер — бұл теңдіктің екі тұрақты жағдайы бар және
электрондық реле рөлін атқаратын құрылғы.
Триггердің жағдайы 0 және 1 сандарымен белгіленген.
Электрондық триггердің негізін негізгі деп атайтын екі транзисторлық
элементтер құрайды (5.15-сурет). Транзистор кілтінде екі жағдайдың
бірінде болуы мүмкін: немесе ол ашық, яғни, ол арқылы тоқ өтеді
немесе ол жабық, яғни, тоқ жоқ. Триггерде кілт, егер олардың бірі
ашық жағдайда болса, онда екіншісі – міндетті түрде жабық және
керісінше болатындай етіп қосылған. Ашық транзистор кезінде, оның
шығысындағы кернеу нөлге жақын, ал жабық кезінде – тоқ көзінің
кернеуіне жақын. Сондықтан да, ашық жағдайы 0-мен белгіленеді, ал
жабығы – 1.
Егер жабық транзистордың кірісінде кернеудің ашық импульсы
түссе, онда ол транзисторды ашық жағдайға ауыстырады және
транзистордың шығысында кернеу азаяды, яғни, белгі 0 қалыптасады.
Сонымен қатар, алдында ашық екінші транзистор,
(Инверсті шығыс) Триггер шығысы