САНДЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ 5.4.1. Жалпы мәліметтер Автоматиканың сандық құрылғылары – бұл, ережеге сай,
дискреттік режимде жұмыс жасайтын электрондық құрылғылар, яғни,
олар тек белгілі бекітілген жағдайда ғана бола алады. Олар сандық деп,
олардың жағдайы сандармен белгіленгендіктен аталады: 1, 2, 3-е және
т.б. сандық құрылғылар сандық құрылғы болып табылатын ЭВМ-нен
қолданғандықтан, ЭВМ арифметикалық-логикалық құрылғысында
операцияларды орындау үшін ыңғайлы есептеудің екілік жүйесіндегі
сандардың жағдайын білдіру үшін қолданылады. Екілік жүйесінде екі
санын есептеу: 0 және 1, бірақ, ондық жүйеде сияқты разрядтар бар.
Сондықтан да, сандық құрылғылардың жағдайын, мысалы, келесідей
белгілеуге болады: біріншісі 0 санымен белгіленеді; екіншісі – 1
санымен; үшіншісі – екінші разрядты кіргізуді талап етеді және 10
білдіреді (он емес, ал бір – нөл), төртіншісі – 11 (бір – бір), бесіншісі –
100 (бір –нөл – нөл), алтыншысы - 101 (бір – нөл - бір) және т.б.
Автоматты жүйелердегі сандық құрылғылар қолданылады:
■
дискреттік параметрлер датчиктерінен ақпаратты алу және сақтау
үшін (объектілердің жағдайы және саны);
■
датчиктерді сұрату тәртібін таңдау;
■
дискреттік басқару әсерлерін қалыптастыру («қосу-сөндіру», «ашу-
жабу», «5 қалпына ауыстыру» және т.б.);
■
операцияны орындау кезектілігін басқару;
■
ЭВМ-мен ақпаратты алмастыру.
Мысалы, бағдарламалық-логикалық басқару режимінде сандық
құрылғылар осындай операциялар кезектілігін қамтамасыз етеді:
127
■
П1 қосқышты қосу;
■
К1 клапанды ашу;
■
Жүйедегі қысым Р1 мәніне жеткенде, В1 вентелі 30°-ға ашылады (3
қалып) және т.б.
Аталған функцияларды орындайтын барлық сандық құрылғылар
триггер негізінде жасалады.