Адамның санасын тазалау
«Ілімнің қасиеті адамды тура жолға бастау болса,
діннің қасиеті адамды арамнан сақтандырады».
Пайғамбарымыз Мұхаммед (ғ.а.с.)
Сеанс жасайтын адам сеансқа түсетін адамның бой-
ында дәреті толық па соны тексереді. Сонан кейін қабыл-
дауындағы адамның бойында қара дұға, тіл көз, ата-баба-
сынан келе жатқан қарғыс бар ма соны өзнің ғазиз жанының
көмегімен анықтайды және бойындағы жын-шайтан,
перілердің бар-жоғын анықтайды. Адамға қарғыс өзінің
бесінші бабасынан және үшінші нағашы атасынан келеді.
Сеансқа түсу үшін адам өзіне ыңғайлы, жұмсақ жер-
ге отырсын. Көзін жұмып, екі санының үстіне екі қолын
қойып, алақанын ашып отыруы тиіс. Адам сеанс кезінде
ақылға, ойға салуға, «бұл не?» деген сұрақ қоюына бол-
майды. Құдайдан тілек тілеп отыруы керек. Осы кезде
құдай сенің тілегіңді қабыл етеді.
Иа, Алла мына пенденің бесінші бабасының алған
қарғысын кешіре гөрші.
Иа, Алла мына пенденің үшінші нағашы атасы алған
59
қарғысты кешіре гөрші. Осы сұрақтың жауабы сеанс
жүргізіп отырған адамға белгілі болады. Сосын адамның
басында отырған жындарды, бойына ұялап алған үйір-
лі шайтандарды қуалайды. Ескерту: Бойна шайтан ұялап
алған қыздар ыржыңдап, тоқтай алмай күле береді. Егер
сеанста отырған адам санасы арқылы көре алмай қалса,
дәретінің бұзылғаны. Бұл жерде ол сенбей отыр немесе
ақылға салып жіберді. Ол енді қайталап дәрет алып ке-
леді. Сосын «Иа, Алла менің біліп және білмей ақылға
салғанымды кешіре гөрші», – деп Жаратушыдан кешірім
сұрайды. Осыдан кейін адамның санасын тазалауға кө-
шеміз.
Иа, Алла мына пенденің ... санасына ұялап алған иман-
сыздығын, иттігін, шошқа қылықтарын, кітап оқымай-
тынын, рухани надандығын, арамдығын, сайқалдығын,
екіжүзділігін, нәпсіқұмарлығын, қызғаншақтығын, қу-
лығын, жалқаулығын, маубастығын, даңғойлығын есер-
соқтығын, жынды сүрейлігін, менмендігін, ақымақтығын,
сумилығын, тәкаппарлығын, алкеуделігін, өзімшілдігін,
біреуді сыртынан сынайтындығын, өсек, өтірік айтатын-
дығын, уәдеде тұрмайтындығын, дүниеқоңыздығын, жа-
уыздығын, іштарлығын, біреуді көре алмайтындығын,
жалғызбастылығын (балаларының есімін атау қажет),
кедейшілігін, қайыршылығын, жоқшылығын, мейірім-
сіздігін, тасбауырлығын, үлкенді сыйламайтындығын,
мәдениетсіздігін және санасына ұялап алған жын-шай-
тан перілерді, төменгі әлемнің жан иелерін, қаралықтар-
ды мына пенденің санасынан толық қуалай көрші, мына
пенденің санасын толық тазалай гөрші. Осы кезде се-
анста отырған адамның санасынан қара бұлттар т.б. ке-
60
ІV БӨЛІМ
леңсіздіктер көше бастайды. Санасы толық тазаланғанда
сеанста отырған адам санасы ағарып, жарқыраған күнді
көреді. Төбеңе күн жарқырап шыққанда «Иә, Алла осы
бергеніңе шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік» деп айтасың.
Достарыңызбен бөлісу: |