Екінші қадам: «Иа, Алла менің басыма бақ құсым-
ды қондыра гөрші», – деді. Сол кезде оның басына қа-
лықтап кеп, аппақ болып, бақ құсы қонады. Әр кімге
әртүрлі құс бейнесінде көрінеді. Сосын тағы да: «Иа,
Алла осы бергеніңе шексіз тәубе, шексіз шүкіршілік», –
деп жаратушыға алғысын білдіреді.
Осыдан кейін Алладан қорған сұрайды. «Иа, Алла
менің бойыма (бүкіл отбасы мүшесінің аты-жөнін
атап шығуына болады) және болашақ жеті ұрпағыма
дейін, қара дұғадан, тіл көзден, жын-шайтан перілер-
ден, төменгі әлемнің жан иелерінен, қаралықтардан
қорғайтын, қоршайтын қорған салып бере гөрші»,
– деп сұрайды. Осы кезде Алланың құдіретімен, аты
аталған адамның бәріне жоғарыдан қорғау түседі. Қорған
әр түрлі бейнеде түседі. Атап айтсақ: киіз үй, темір қақпа,
қорған, пирамида т.б. Көп адамды көрсе, ол оның жеті
ұрпағы. Бұл да Құдайдың бір құдіреті. Сол сияқты үйіне,
автокөлігіне де қорған қоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |