Бакыт құсын басыңа қондыру құпиясы indd


Емделерден бұрын, ауруға деген көзқарасыңызды



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата14.01.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24024
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
сет риза лы м ашбеков ба ыт СЫ ды басы А ондыруды пиялар

Емделерден бұрын, ауруға деген көзқарасыңызды 
өзгертіңіз
Емделерден  бұрын,  ауруға  деген  көзқарасыңызды 
өзгертіңіз.  Ауруыңыз  қатерлі  болса  да,  ешуақытта  ау-
руға  жаман  бірдеңе  ретінде  қарамаңыз.  Бұл  ауруды  – 
өзіңіздің Ғазиз жаныңыз тудырғанын ұмытпаңыз. Ғазиз 
жан – үнемі, қай жерде болмасын сіздің қамқоршыңыз, 
қорғаушыңыз. Ауру тудырғанда – осының нақты себеп-
тері  болды.  Өзіңіздің  ағзаңызды,  ауруыңызды  сөгуге, 
ұрсуға асықпаңыз. Аурумен арпалысудан бас тартыңыз. 
Керісінше,  осы  ауруды  берген  Жаратушыға,  Ғазиз  жа-
ныңызға алғыс айтыңыз. Аурудың өзіне алғыс айтыңыз. 
Тіпті бұлай істеу ыңғайсыз болса да істеңіз.
Қазіргі  қалыпты  медицинаның  ауруларды  жаза  ал-
майтын себебі, олар аурумен арпалысады, күреседі. Бы-
лайша  айтқанда  оны  тұншықтырып,  салдарын  жоюға 
тырысады.  Аурудың  пайда  болу  себебі,  Ғазиз  жанның 
тұңғиығында болып, өзінің талқандайтын ісін әрі қарай 
жалғастыра береді.
Енді мынандай көрініс пайда болады. Ғазиз жан ауру-
ды жасап, өз тілінде бізге белгілі бір ақпарат, ескерту бер-
мекші болуға талпынады. Бірақ, біз дәрігерге барып, осы 
ақпаратты  дәрі-дәрмектермен  тұншықтырамыз.  Өзіміз-
бен-өзіміз  арпалысып,  осының  құралы  ретінде  қымбат 
дәрі-дәрмектерді сатып аламыз. Ақылға қона ма?!
Дәрігердің міндеті – ағзаға бөгет жасамай, оның әре-
кетін тұншықтырмай, керісінше «ішкі дәрігерге» жәрдем 


71
беру ғой. Ойланатын, басы істейтін дәрігер өзін-өзі емде-
уді жандандыра, жани түседі. Өзін-өзі емдеу жайын ой-
ланыңыз. Сіздің ағзаңыздың өзі тепе-теңдікке ұмтылады. 
Сондықтан,  неге  сізге  осыған  көмекші  болмасқа?  Өйт-
кені, біздің әрқайсымызда «ішкі дәдігеріміз» бар. Біздің 
мәдениетімізде, ауруды бізге байланысы жоқ қасірет де-
ген пікір қалыптасқан. Осының себебін өздері түсінбей-
тін айдаладан іздейді. Осы жағдай өте ыңғайлы бекініске 
отыруға  мүмкіндік  береді:  «Мен  өз  ауруыма  жауапты 
емеспін.  Бұған  дәрігерлердің  басы  ауырсын».  Адам 
өзінің ауруының жауапкершілігін өзіне жүктемесе, онда 
жазылмайтын  созылмалы  түрге  ауысып,  келесі  ауруды 
тудыра  береді.  Осы  кезде  адам:  жағдайды,  жаман  ауа 
райын, туған-туысқандарын, жұмысын, дәрігерлерді т.б. 
кінәлай бастайды. Ол өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуді, 
өзіне-өзі көмектесуді ұмытады.
Енді  қазіргі  медицинаның  ауруға  деген  көзқарасы-
ның  байыбына  барайық:  Дәрігерлер  алдымен  ауруды 
анықтап( диагноз), оған белгілі атын қояды. Сонан кейін 
дәрі–дәрмектермен ауруды тұншықтыра бастайды. Олар 
зардапты жеңілдетеді, бірақ ауру баяғы «таз қалпында» 
қалып, созылмалы түрге ауысады. Бір мүшеден, екінші 
мүшеге  көше  бастайды.    Дәрігерлер  дәрі-дәрмектердің 
көмегімен жүріп-тұратын «балдақ» береді. Ол осы «бал-
дақпен»  жүруге  үйренеді.  Қалай  ойласаңыз,  солай  ой-
лаңыз  қазіргі  қалыпты  медицинананың  істеп  отырғаны 
ақылға қонбайды! Бұған дәрігерлер кінәлі емес. Медици-
налық оқу орындарында 6...8 жыл бойы, оларды белгілі 
бір  тәртіп  оқу  жүйесімен  оқытады.  Өзіңіз  ойлаңызшы, 
өткен  ғасырларда  қазақ  даласында  аурухана  дегендер 


72
V БӨЛІМ
атымен  болған  жоқ  қой.  Адамдарды  бақсы-оташылар, 
балгерлер: Ғазиз жанның, сананың көмегімен, сырқатқа 
басқа тәртіп бағдарламасын беріп, өзін-өзі жазып алуына 
қол үшін берген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет