1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


  1920-1940  жылдардағы  Қазақстандағы  кеңестік  үлгідегі  «Мәдени



Pdf көрінісі
бет11/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

3.  1920-1940  жылдардағы  Қазақстандағы  кеңестік  үлгідегі  «Мәдени 
революция». 
Өлкенің 
қоғамдық-саяси 
өміріне 
бағыт-бағдар 
берген 
бірінші 
бүкілқазақтық  партия  конференциясы  1921  ж.  маусымда  болды.  Ол  елдегі 
экономикалық  жағдаймен  қатар  қоғамдық-саяси  өмірдің  мәселелерін 
қарастырып, ауылда социалистік  құрлысты жүзеге асыруды міндеттеді. Осы 
міндетті  жүзеге  асыру  үшін  ең  алдымен  кеңестерді  құру  мәселесін  қолға 
алды.  1921  жылы  Қазақстан  Орталық  Атқару  Комитеті  кеңестерге  сайлау 
ережесін бекітті. Осы ереже бойынша селолық, ауылдық және қалалық кеңес 
депутаттарының  мерзімі  6  ай  болды.  Губерниялық,  уездік  және  болыстық 
атқару  комитеттері  6  айға,  ал  ҚОАК-ті  -  1  жылға  сайланды.  Кеңестердегі 
халық  өкілдерінің  нормаларын  көбейтті.  150  тұрғындары  бар  ауылдарда 
кеңестер  құрылды,  яғни  50  тұрғынға  бір  депутат  сәйкес  келді.  Бұрын 
кеңестер 300 тұрғындары бар ауылдарда құрылуға тиіс еді. 
Республикадағы  Кеңес  үкіметін  құру  үрдісі  өте  қиын  жағдайда  жүрді. 
Большевиктер  үшін  капиталистік  елдер  қоршауында  тұрып  социализмді 
экономикасы  артта  қалған  елде  жүзеге  асыру  өте  күрделі  болды.  Сонымен 
қатар  социализм  идеясы  қазақ  қоғамына  жат  еді.  Соған  қарамай  Кеңес 
үкіметі  тұтас  Ресей  аумағындағы  халықтарды  біріктіруге  күш  салды. 
Ресейдегі  халықтарды  біріктіру  мәселесі  партияның  Орталық  комитетінде 
талқыланды. Бұл мәселе бойынша екі пікір болды. Сталин  «автономизация» 
идеясын  ұсынды,  яғни  барлық  ұлттарды,  барлық  кеңестік  республикаларды 
РКФСР  құрамына  автономия  құқында  ендіру.  Ленин  кеңестік  респу- 
бликалар  одағын  құруды  ұсынды.  1922  жылы  Орталық  комитеттің  қазан 
пленумында  Украина,  Белоруссия,  Закавказ  республикалары  және  РКФСР 
арасында  КСРО  құру  жөнінде  келісім  жасау  қажет  деп  қаулы  қабылдады. 
1922  жылы  30  желтоқсанда  Мәскеуде  КСРО  Кеңестерінің  бірінші  съезі 
болды.  Съезд  КСРО  құрылғандығы  туралы  декларацияны  және  одақтық 


келісімді  қабылдады.  Съезд  ең  жоғарғы  заң  шығарушы  орган  КСРО  ОАК 
сайлады.  Қазақстан  КСРО  құрамына  РКФСР  құрамындағы  автономиялық 
республика болып енді. 
Алайда,  республиканың  қоғамдық-саяси  өміріндегі  толғағы  жеткен 
мәселелерді  шеше  алатын,  жергілікті  халыққа  түсінікті  және  де  жақын 
кеңестік мемлекеттік аппарат құру өте қиын болды. Жаңа кеңестік әкімшілік 
аппаратына жұмысқа тартуға жарайтын, жергілікті халық арасынан шыққан, 
даярлығы  бар  адамдар  өте  аз  болды.  Әкімшілік  орындарындағы  еуропалық 
ұлт  өкілдерінің  көбісі  шовинистік  пиғылдағы  қызметкерлер  болды.  Олар 
жаңа  биліктің  жергілікті  халықтың  талап-тілегіне,  мұң-мұқтажына  сай 
жұмыс істеуін қамтамасыз етпеді. 
Кеңес  үкіметі  әкімшілік  басқару  орындарын  жергіліктендіру  - 
қазақтандыру  саясатын  жүзеге  асыруды  қолға  алды.  Алғашқы  кезде  Кеңес 
үкіметі  амалсыздан  Алаш  зиялыларын  өлкедегі  кеңестік  қызметтерге 
пайдалануға  мәжбүр  болды.  Себебі,  қазақ  зиялы  қауымының  басым  бөлігі 
алашордалықтар  болды.  Сондықтан  да  большевиктердің  бұрынғы 
партиялылығы  мен  саяси  белсенділігін  есепке  ала  отырып,  көптеген 
зиялыларды жұмысқа тартуына тура келді. 
Кеңес  үкіметінің  алғашқы  жылдарында  жергіліктендіру  шаралары  кеңес 
және  партия  аппараттарында  қазақтардың  үлесін  көбейту  түрінде  көрініс 
берді.  Алайда,  Қазақстанға  Ф.Голощекиннің  басшы  болып  келуіне 
байланысты оның сипаты өзгерді. Ол жергіліктендіруді бұрын едәуір ауқым 
алып  келген  қазақ  ұлтының  өкілділігі  туралы  мәселенің  орнына  қазақ 
бұқарасының өзін кеңестендіру мәселесіне айналдырды. Яғни, Қазақстанның 
жаңа  басшысы  қазақтандыру  саясатын  ұлттық  мәнінен  біржолата  айырып, 
оны таптық арнадағы кеңестендіру шараларына қосып жіберді. 
Қазақ  АКСР-нің  ОАК-ті  қазақ  және  орыс  тілдерін  пайдалану  тәртібі 
туралы  декрет  қабылдады.  Декретте  кеңес  үкіметінің  заң  құжаттарын  екі 
тілде жариялау, жоғарыдан төменге дейін екі тілде қатынас жасау міндеттері 
белгіленді.  Осыған  орай  Қазақстан  өкіметі  барлық халық комиссарлары  мен 
ҚОАК-нің мүшелеріне қазақ тілін жедел игеруге кірісуді ұсынды. 1923 жылы 
22  қарашада  «Іс  қағаздарын  қазақ  тілінде  жүргізу  туралы»  жаңа  декрет 
қабылданып,  барлық  облыстар  мен  кейбір  уездерде  1924  жылдың  1 
қаңтарынан  іс-қағаздарын  қазақ  тілінде  жүргізуді  ұсынды.  Бұл  науқан 
көптеген  жерлерде  қазақтардың  орыс  тілінен  мүлде  хабарсыздығынан,  ал 
партия  және  кеңес  қызметіндегі  еуропалық  ұлт  өкілдерінің  қазақтардан 
мүлде  оқшауланып  қалғандығынан,  Кеңес  үкіметінің  амалсыздан  жүргізген 
шарасы  еді.  ҚОАК-ті  мен  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  қаулысымен  іс 
қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге көшірудің соңғы мерзімі 1927 жылдың 1 
қазаны болып белгіленді. 
Кеңес  үкіметі  өлкеде  сауатсыздықты  жою,  яғни  өлке  тұрғындарының 
сауатын  ашу  мәселесін  көтерді.  Әсіресе,  ол  үкіметтің  1929  жылы 
«Сауатсыздықты  жою  жөніндегі  жұмыс  туралы»  қаулысынан  кейін  кең 
өрістеді.  Алайда,  сауатсыздықты  жою  шаралары  қаржы  тапшылығы, 


мүғалімдердің,  оқулықтар  мен  оқу  құралдарының  жетіспеуі  сияқты  үлкен 
қиыншылықтарға тап болды. 
Жастарға  білім  беруді  жақсарту  үшін  мектептер  ашу  ісі  қолға  алынды. 
1928/29 оқу  жылында  4397  бастауыш,  142  жетіжылдық,  29  екінші  сатыдағы 
мектептер  жұмыс  істеді.  Білім  беру  саласында  ұлттық  мектептер  жүйесі 
қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда 
осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. VI партия 
конференциясында  мектептердің  көбі  тек  қағаз  жүзінде  екені,  ауылдағы 
мектептердің  үйі  жоқ,  үйі  болса  орындықтары  жоқ,  орындықтары  болса 
оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы 
балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы 
балалардың  91%  оқуға  тартылды.  1935/36  оқу  жылында  алғаш  рет  11  қазақ 
баласы орта мектепті бітірді. 
Кеңес  үкіметі  Қазақстанда  ғылымды  қалыптастыру  мәселесімен  де 
айналысты.  Алғашқы  ғылыми-зерттеу  мекемелері:  1922  жылы  -  Денсаулық 
халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 
жылы  -  өлкелік  өсімдікті  қорғау  станциясы,  1925  жылы  -  санитарлық-
бактериологиялық  институты  ашылды.  1932  жылы  Қазақстанда  12  ғылыми-
зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. 
ғылыми  орталықтар  жұмыс  істеді.  Осы  кезде  КСРО  ҒА-ның  қазақстандық 
базасы  құрылып,  1938  жылы  КСРО  ҒА-ның  филиалына  айналды.  Геология 
және  биология  ғылымдарының  нәтижелері  бүкілодақтық  көлемде  танымал 
болды. 
1920-30 
жылдары 
Ж.Аймауытов, 
А.Байтұрсынов, 
М.Жұмабаев, 
Ш.Құдайбердиев  шығармалары  кең  көлемде  пайдаланылды.  Ақын 
М.Жұмабаевты  замандастары  өте  жоғары  бағалаған.  Оның  поэзиясы  өзінің 
нәзіктігімен,  жаңашылдығымен,  адам  жанының  тазалығы  мен  сұлулығын 
терең  меңгергендігімен  ерекшеленді.  М.Жұмабаев  өзінің  шығармаларында 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықтарды, 
өзінің 
жеріне, 
еліне 
деген 
сүйіспеншілікті жырлады. 
Кеңес  үкіметі  ұлттық  әдебиеттің  орнына  кеңестік  әдебиет  пен  өнердің 
қалыптасуына  жағдай  жасады.  Осы  кезде  социалистік  әдебиеттің  негізі 
қаланды.  С.Сейфуллин,  С.Торайғыров,  Б.Майлин,  И.Жансүгіров,  М.Әуезов, 
С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов,  Т.Жароков,  Ғ.Орманов  және  т.б.  кеңестік  қазақ 
прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты. 
1926 жылы кәсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры 
ашылды.  Оны  Ә.Қашаубаев,  Қ.Қуанышбаев,  С.Қожамқүлов,  Е.Өмірзақов, 
Қ.Жандарбеков сияқты, кейін қазақ театр өнерінің майталмандары болғандар 
ұйымдастырды.  Әнші  Ә.Қашаубаев  Париж,  Франкфурт-на-Майне  сияқты 
Еуропаның  ірі  қалаларының  концерт  залдарында  өз  өнерін  көрсетті.  Соғыс 
қарсаңында  республикада  қазақ  мемлекеттік  академиялық  драма  театры, 
республикалық  орыс  драма  театры,  қазақ  мемлекеттік  опера  және  балет 
театры,  ұлт  аспаптар  оркестрі,  симфониялық  оркестр,  республикалық 
қуыршақ театры жұмыс істеді. 


Алайда,  Кеңес  үкіметі  таптық  мүддені  ұлттық  мүддеден  жоғары  қойды. 
Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондықтан 
да  қазақ  халқының  қалыптасқан  дәстүрлі  мәдени  мұралары,  ескі  феодалдық 
құрылыстың  қалдықтары  деп,  ұлттық  санадан  аластатылды.  Сонымен  бірге 
халықтың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 1920-жылдардың 
аяғында  ғасырлар  бойы  пайдаланып  келген  араб  алфавитін  латынға  ауы- 
стыру,  сосын  оны  1940  жылы  кириллицаға  ауыстыру  болды.  Соның 
нәтижесінде  бір  ұрпақтың  ғана  ғұмырында  қазақтар  өзінің  төл  жазуымен 
дүниеге  келген  ұлттық  рухани  мәдениеттің  жетістіктерінен  айырылды.  Бұл 
жүргізілген шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-
әміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді. 
Большевиктер партиясы демократиялық мемлекет құрамыз, ұлт мәселесін 
ұлттардың өзін-өзі билеу принциптерімен шешеміз деп көлгірсігенімен, шын 
мәнінде, олар партияның ықпалын арттыра отырып, бір орталыққа бағынған 
мемлекет  құрды.  Болыневиктер  құрған  қазақ  автономиясы  дербес 
автономиялық  республика  атанғанымен,  Ресейдің  бөлінбес  бөлшегі  болды. 
Өлкені  басқару  мәселесі  жергілікті  ұлт  өкілдерінің  қолына  толық берілмеді. 
Шын мәнінде, бұл Қазақстанды кеңестік саяси отарлау еді. 
Большевиктердің  ұлттық  аймақтарда  жүргізіп  отырған  саясатын  ашық 
айыптап,  оның  бет  пердесін  айқындаған  Мұстафа  Шоқай  болды.  Ол  XX 
ғасырдағы  қазақ  саяси  эмиграциясының  тарихын  бастаушы  болды. 
Эмиграция  сөзінің  мағынасы  экономикалық,  саяси  және  діни  себептерге 
байланысты  өз  еркімен  немесе  еріксіз  басқа  мемлекетке  қоныс  аударуды 
көрсетеді.  Түркістан  саяси  эмиграциясы  тарихи  көрініс  ретінде  1917  жылғы 
Ресейдегі революциялық сілкіністер нәтижесінде пайда болды. Большевиктер 
жыртқыштық  әрекетпен  Қоқан  автономиясын  жойған  соң  Мұстафа  Шоқай 
Францияға қоныс аударады. Онда ол Париждің  «Дни»  «Последние новости» 
газеттерінде Түркістандағы ішкі саяси жағдайға талдау жасаған мақалаларын 
жариялайды.  1929-39  жылдары  ол  «Яш  Туркестан»  журналын  (117  нөмірі 
жарық  көрді)  шығарып,  оның  беттерінде  кеңестік  Түркістан  мен  дүние 
жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет