1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


-ші тақырып. Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.)



Pdf көрінісі
бет26/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

 


7-ші тақырып. Қазақстандағы «Қайта құру» саясаты (1985-1991 жж.) 
 
1. 1985  жылғы  «Сәуір  пленумы»  және  Қоғамдық-экономикалық  өмірді 
қайта құруға бағыт алу. 
2. 1986 
ж.  Қазақстандағы  Желтоқсан  көтерілісі:  себептері  мен 
салдарлары. 
3. 1985-1991 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. 
4. 1991 жылғы «Тамыз бүлігі» және Кеңестер Одағының ыдырауы 
 
1.  1985  жылғы  «Сәуір  пленумы»  және  Қоғамдық-экономикалық 
өмірді қайта құруға бағыт алу. 
 
XX  ғасырдың  80-жылдарының  орта  шенінде  кеңестік  қоғамда  түбегейлі 
өзгеріс  қажеттігі  айқын  сезіле  бастады.  1985  жылы  наурыз  айында  КОКП 
Орталық  Комитетінің  пленумында  Бас  хатшы  болып  М.С.  Горбачев 
сайланды.  Ол  сол  жылдың  сәуір  айында  өзінің  «қайта  құру»  бағытын 
айқындайды.  Кеңестер  Одағының  жаңа  басшылығының  жариялаған 
әлеуметтік-экономикалық  қайта  құруға  бағытталған  бағыт,  кейін  уақыт 
көрсеткендей,  оның  алдындағы  өкімет  басшылары  сияқты  өзін 
демократиялық реформатор  етіп  көрсетуге  бағытталған  талпыныс  еді.  Оның 
алғашқы төрт жылында (1985-1989 жж.) жеделдету тұжырымдамасын жүзеге 
асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Жеделдетудің 
басты  қадамы  ретінде  өндірістік  құрылымды,  құрал-жабдықтарды, 
техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды. Бұл идеяны ұсынушылар - 
академик-экономист  А.Г.  Аганбегян  және  т.б.  тұтыну  жабдықтарын  сатып 
алуға  бөлінетін  валютаны  азайтып,  үнемделген  қаржыны  сырттан  машина 
жасау өнімін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Жоба авторлары бұл шара 1990 
ж.  қарай  құрал-жабдық  және  машина  жасаудың  азаматтық  салаларының 
құрал-саймандарының  90%  әлемдік  стандарт  деңгейіне  жеткізуге  мүмкіндік 
әперіп,  еңбек  өнімділігін  күрт  өсіріп,  жеделдетуге  алып  барады  деп  сенді. 
Аграрлық салада да ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін ендіру 
ауылшаруашылық өндірісін жеделдетеді деп есептеді. 
Бірақ  та,  іс  жүзінде,  жеке  меншіктің,  нарықтық  қатынастың  толыққанды 
ендірілмеуі  жеделдету  тұжырымдамасын  қиялға  айналдырып  жіберді. 
Өндіріс  өнімінің  тапшылығы  зауыттар  мен  фабрикаларды  өндіріс  құрал-
жабдықтарын жаңартуға ынталандырмады. Өйткені тауардың жетіспеушілігі 
оның  сапасына  деген  сұранысты  жоққа  шығарды.  Сондықтан  да  зауыттар 
мен  фабрикалар  шетелдік  құрал-жабдықты  сатып  алу  арқылы  жеделдетуге 
бағытталған  партиялық  бағытты  барынша  орындамауға  тырысты.  Шет 
елдерден  валютаға  сатып  алынған  құрал-жабдықтар  іске  асырылмай, 
зауыттар мен фабрикалар алаңында, темір жол станциялары мен қоймаларда 
қар мен жаңбыр астында жатты. 
Жеделдету  тұжырымдамасы  өзінің  жарамсыздығын  ауыл  ша- 
руашылығында  да  көрсетті.  Бұл  салада  оның жүзеге  асырылмауының  басты 
себебі  -  меншікке  байланысты  болды.  Мемлекеттік  колхоздық-совхоздық 


жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен егіншіліктің 
ғылыми  жүйесінің  жетістіктерін  қабылдауға  дәрменсіз  болды.  Жалға  беру 
әдістерін  енгізу  еңбеккерлердің  қаржы  мен  еңбек  нәтижелерін  иемдену, 
табылған  табысты  бөлу  принципін  өзгертпеді.  Өндіріс  құрал-жабдықтары 
мен  еңбек  нәтижесінен  шеттетілген  колхоздар  мен  совхоз  еңбеккерлерінің 
еңбек өнімділігін арттыруға құлқы болмады. 
Маскүнемдікпен  және  тәртіпсіздікпен  күрес  қайта  құрудың  алғашқы 
жылында  еңбек  өнімділігін  шамалы  ғана  арттыруға  қол  жеткізді.  Оның 
есесіне  маскүнемдікпен  күрес  мемлекеттік  бюджетті  азайтып,  тұтыну 
саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді. 
Халықаралық  аренада  кеңестік  басшылық  өз  беделін  өсіру  мақсатында 
1985 жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты. Келесі бір оң қадам 1979 ж. 
желтоқсанда  басталған  ауған  жанжалын  тоқтату  болып  табылады.  Кеңестер 
Одағы  1988  жылы  өз  әскерін  Ауғанстаннан  шығара  бастап,  оны  1989  жылы 
ақпанда  аяқтады.  Ауғанстандағы  соғыс  елге  жыл  сайын 5  млрд.  сом  шығын 
әкеліп  отырған  болатын.  Бұл  соғыс  Қазақстанға  соқпай  өткен  жоқ.  Ре- 
спубликадан  оған  21979  адам  қатысып,  оның  780-дейі  қаза  тауып,  393-і 
мүгедек  болып,  22-сі  хабарсыз  кетті.  Бұл  шаралар  Кеңестер  Одағының 
әлемде  беделін  біршама  өсірді.  Кеңес-Қытай  қатынасы  жақсарды.  Бірақта, 
КСРО әлі де болса бұрынғысынша саны өте көп армия мен әскери-өнеркәсіп 
кешенін  ұстап  отырды.  1987  жылдан  бастап  ядролық  сынақты  қайтадан 
бастады. 
«Қайта  құру»  тұжырымдамасы  ұлт  мәселесін  де  одан  әрі  шиеленістіре 
түсті.  Қазақстанда  Одақтың  барлық  жерлеріндегі  сияқты  басқару  ісінде 
жағымпаздық, парақорлық, рушылдық, жершілдік және т.б. көптеген келеңсіз 
құбылыстар  кеңінен  орын  алды.  Бұл  жылдары  ұлт  саясатында,  әлеуметтік-
экономикалық  және  кадр  мәселелерінде  көптеген  ауытқушылыққа  жол 
берілді.  Жалпы  барлық  кеңес  қоғамы  үшін  бұл  кезде  қоғамдық  ойдың  мәні 
өзгеріп,  сөз  бен  істің  арасында  алшақтық,  қайшылық  кең  өріс  алды.  Кадр 
мәселелерін  шешу  партия  комитеттерінің  тек  бірінші  басшыларының 
айтуымен,  солардың  таңдауымен  жүретін  болды.  Оларды  іріктеуде  тек 
туыстық,  жерлестік,  бастыққа  берілгендік  жағдайлар  маңызды  рөл  атқарды. 
Бұл  Коммунистік  партияның,  соның  ішінде  Қазақстан  Компартиясының  да 
барлық деңгейінде көрініс тапты. Көптеген басшы партия қызметкерлері мен 
партия  комитеттері  ескіше  қызмет  етті.  Осыдан  келіп,  аса  маңызды 
мәселелерді  шешуде  принципсіздік,  тұрақсыздық,  қоғамдағы  жағымсыз 
жағдайларды  жасыруға,  аздаған  жақсы  істерді  ерекше  мадақтап,  жоғары 
көтеруге,  болып  жатқан  істердің  барлығын  тек  жақсы  жағынан  көрсетуге 
тырысты.  Мәселен,  Д.А.  Қонаев  Мәскеуде,  Саяси  бюроның  жұмысына 
қатысқанда,  ол  өзін  кеңес  басшысына  лайықты  ұстады.  Ал  өз 
республикасында  ынтымақ  пен  беделдің  өзге  түрі  орын  алған  мүдделес 
топтың басшысына айналды.  
XX  ғ.  80  жылдары  Қазақстанда  ұлттық  табыс  кісі  басына  шаққанда 
Одақтық деңгейден 12% кейін қалды. Сондай-ақ республикада үй құрылысы, 
мектеп,  балалар  бақшасы  және  басқа  да  мәдени-әлеуметтік  құрылыстар 


салуда  да  ілгерілеу  болған  жоқ.  Мысалы,  1980-жылдары  Одақ  бойынша  10 
мың адамға жыл сайын 75 пәтер салынса, Қазақстанда тек - 69, Одақта әрбір 
10  мың  адамға  404  дәрігерден  келсе,  мұнда  тек  352  дәрігерден  келді.  1987 
жылы мектеп жасына дейінгі баланы балалар мекемелерімен қамту 53% ғана 
болды.  Экологиялық  жағдай  төтенше  түрде  күйзеліске  түсті.  Табиғи 
ресурстарды  пайдаланудағы  ведомстволық  мүдде  қоршаған  ортаны  қорғау 
шараларының  жүзеге  асуына  кедергі  жасады.  Соның  нәтижесінде  көптеген 
аумақ,  су  мен  ауа  бассейндері  ластанды.  Қазақстанның  бірқатар  аймақтары 
экологиялық  зардап  шегуші  аудандарға  айналды.  Табиғи  ортаны  қорғау 
жұмысының  жеткіліксіздігінен  көптеген  қалаларда  ауаның  ластануы  өте 
жоғары  деңгейге  жетті.  Әсіресе,  Қызылорда,  Ақтөбе,  Семей  облыстарында 
экологиялық өте ауыр жағдай қалыптасты. Арал аймағында көптеген аурулар 
тарап, балалар өлімі өсті. 
Міне,  осымен  байланысты  1986  жылғы  ақпан  айында  болып  өткен 
Қазақстан  Компартиясы  XVI  съезінде  жасаған  баяндамасында,  ол  кезде 
республика  Министрлер  Кеңесінің  төрағасы  болып  істеген  Н.Ә.  Назарбаев 
және  съезде  шығып  сөйлеген  басқа  да  делегаттар  мұндай  келеңсіз 
жағдайларды  өткір  сынға  алды.  Олар  көптеген  күрделі  және  маңызды 
мәселелерді  партия  комитеттерінің  уақтылы  шешпейтінін,  олардың  қызметі 
ауқымынан  тыс  қалатынын,  өзекті  мәселелерді  шешуге  ескіше  қараудың 
кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып берді. 
Алғашқыда  Орталық  басшылығын  Қазақстанның  шикізаттық  даму 
бағыты мен оның Д.А. Қонаев бастаған басшылығы қанағаттандырды. Бірақ 
та  «қайта  құруға»  сай  жүзеге  асырыла  бастаған  косметикалық  реформалар 
республика  басшылығын  ауыстыруды  қажет  етті.  Қазақстанның  жоғарғы 
билік органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу жалғаса түсті. Оларды 
қызметке  жібергенде  жергілікті  жердің  пікірі,  республиканың  тарихи 
жағдайы,  оның  салт-дәстүрі  есепке  алынбады.  Мұндай  жағдай  1986  жылғы 
16  желтоқсан  күні  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші 
хатшысы  Д.А.Қонаевты  орнынан  алған  кезде  айрықша  көзге  түсті.  Пленум 
мәжілісі  небәрі  18  минутқа  созылды.  Осы  уақыт  ішінде  Қазақстан 
Компартиясының  1-ші  хатшысы  Д.А.Қонаев  қызметінен  алынып,  оның 
орнына Мәскеу жіберген Г.В. Колбин сайланды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет