1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


  1991 жылғы «Тамыз бүлігі» және Кеңестер Одағының ыдырауы



Pdf көрінісі
бет29/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

4.  1991 жылғы «Тамыз бүлігі» және Кеңестер Одағының ыдырауы 
1991  ж.  19-21  тамыз  аралығындағы  «Тамыз  бүлігі»  бұл  жұмысты  үзіп 
жіберді.  КСРО  вице-президенті  Г.И.  Янаев,  КСРО  премьер-министрі  В.С. 
Павлов, КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, 
КСРО  Ішкі  істер  министрі  Б.К.  Пуго,  КСРО  Қорғаныс  министрі  Д.Т.  Язов, 
КСРО Жоғарғы Кеңесінің  төрағасы  А.Лукьянов, т.б. 19 тамыз күні  Төтенше 
жағдайлар  жөніндегі  Мемлекеттік  комитет  (ТЖМК)  құрып,  елдегі  барлық 
билік  осы  ұйымның  қолына  өтетіндігін  мәлімдеді.  Бұл  іс  жүзінде  Кеңес 
Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу 
мақсатында  Мәскеуде  ұйымдастырылған  төңкеріс  еді.  Осы  кезде  Қырымда 


(Фороста)  болған  КСРО  президенті  М.С.Горбачевтың  сыртқы  әлеммен 
байланысын  үзіп  тастаған  ТЖМК  мүшелері  оны  өз  қызметін  атқаруға 
денсаулығы  жарамайды  деп  хабарлады.  Бұл  төңкеріс  20  тамызда  қол 
қойылуға  тиіс  «Егеменді  мемлекеттер  одағы  туралы  шартқа»  қарсы 
бағытталды.  Ол  шарт  Кеңестер  Одағына  кіретін  республикаларға 
бұрынғыдан  әлдеқайда  көп  дербестік  беретін.  Тамыз  бүлігінде  елде 
қалыптасып  келе  жатқан  демократия  нышандарын  тұншықтыру  және 
нарықтық  қатынастардың  орнығуына  жол  бермеу  арқылы  елдегі  әкімшіл- 
әміршіл  жүйені  сақтап  қалу  көзделді.  Төтенше  жагдайлар  жөніндегі 
Мемлекеттік  комитеттің  №1  қаулысына  сай  саяси  партиялардың,  қоғамдық 
ұйымдар мен Бұқаралық қозғалыстардың қызметі тоқтатылатын болды және 
митингілер  мен  демонстрациялар  өткізуге,  көше  шерулеріне,  ереуілдерге 
шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н. 
Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г.Попов, Ленинград облысы 
мен қаласының басшысы А.Собчак, КОКП басшыларының бірі А.Яковлев, Э. 
Шеварднадзе  және  т.б.  қолдады.  Төңкерісшілерді  жоғары  шенді  әскерилер 
мен  партиялық  номенклатураның  шағын  бөлігі  ғана  қолдады.  Бұл  өз 
кезегінде  тамыз  бүлігінің  көп  ұзамай  басылуына  алып  келді.  Мәскеудегі 
жұртшылық  шеруге  шығып,  тамыз  бүлігін  айыптады.  21  тамыз  күні  Ресей 
үкіметі  жіберген  ұшақпен  Горбачев  Мәскеуге  жетті.  Ол  елдегі  басшылықты 
қайтадан  қолына  алды.  ТЖМК  мүшелері  тұтқынға  алынып,  үстерінен 
қылмыстық іс қозғалды. 
Тамыздағы  мемлекеттік  төңкерістің  болуымен  және  орталықтың 
ешқандай  ымыраға  келмеуімен  байланысты  одақтас  республикалардың 
жетекшілері  бұған  дейін  жүргізіп  келген  келіссөз  талаптарынан  бас  тартты. 
Ол  КСРО-ның  күйреуін  және  бұрынғы  одақтас  республикалардың,  оның 
ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі 
Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті. 
1991  ж.  8  желтоқсанда  Белорусь,  РСФСР  және  Украина  республи- 
каларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме 
қабылдады.  Онда  саяси  одақ  тұйыққа  тірелді,  сондықтан  республикалардың 
Одақтан  шығуы  объективтік  процесс  және  тәуелсіз  жеке  мемлекет  құру 
шынайы  факті  болып  отыр  деп  көрсетілді.  Себебі,  орталықтың  жүргізіп 
отырган  тоғышар  саясаты  елді  терең  экономикалық  және  саяси  дағдарысқа 
алып  келді,  халықтың  тұрмыс  деңгейі  төмендеп  кетті,  қоғамда  әлеуметтік 
шиеленіс,  ұлттар  мен  халықтар  арасындағы  қайшылықтар  мен  қақтығыстар 
күшейді  деп  атап  өтілді.  Мұның өзі  бұрынғы  Одаққа  кірген  мемлекеттердің 
жаңа одағын - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. 
Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық 
міндеттердің  орындалуына  кепілдеме  береді,  ядролық  қарудың  таралуына 
жол  бермейді  және  оған  бірыңғай  бақылау  орнатуды  қамтамасыз  етеді,-деп 
атап көрсетілді. 
Алайда,  бұл  шешім  әуелгі  кезде  басқа  республикалар  тарапынан  қарсы 
көзқарастар  туғызды.  Өйткені,  заң  бойынша  Одаққа  кірген  Қазақстан,  Орта 
Азия,  Закавказье  республикаларының  келісімінсіз  бұл  үш  республика 


егемендік  туралы  күрделі  мәселені  жеке  дара  шешуге  тиіс  емес  еді.  Міне, 
осыған  байланысты  1991  ж.  12  желтоқсанында  Ашхабад  қаласында  Орта 
Азия  республикалары  мен  Қазақстан  басшыларының  кездесуі  болып  өтті. 
Онда  ТМД-ға  тек  барлық  республикалардың  тең  құқықтық  негізінде 
құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше 
атап көрсетілді. 
1991  ж.  21  желтоқсанда  Алматыда  11  республика  өкілдері  қатынасқан 
кездесу  болды.  Олар  тең  құқықтық  жағдайдағы  Тәуелсіз  Мемлекеттер 
Достастығы  құрылғандығы  жөніндегі  шартқа  қол  қойды.  Алматыда 
қабылданған  декларацияда  Минскідегі  айтылған  жалпы  принциптік 
мәселелердің  барлығы  мақұлданды.  Жаңадан  құрылған  Достастық мемлекет 
басшылары  және  үкімет  басшыларының  Кеңесі  деген  жетекші  органдар 
құрды.  Онда  жалпы  бағыттағы  көкейтесті  саяси  және  әлеуметтік-
экономикалық  мәселелерді  шешу  көзделді.  Достық  Одаққа  кірген  мемлекет 
басшылары  Біріккен  Ұлттар  Ұйымы  алдында  бұл  тәуелсіз  мемлекеттердің 
барлығын  осы  халықаралық  ұйымға  толыққанды  мүше  етіп  алу  туралы 
өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды 
және  оған  әскери  басшылық  жасауды  бірігіп  іске  асырып  отыру  жөніндегі 
келісімге  қол  қойылды.  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  осы  кезге  дейін 
Кеңестер  Одағы  қол  қойып,  халықаралық  дәрежедегі  жасаған  келісімдердің 
орындалуын  өз  мойындарына  алады  деп  көрсетті.  Сөйтіп,  1991  жылғы 
желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының 
келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды. 
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және 
билік  жүргізуші  өкімет  басшысы  ретінде  Қазақ  КСР-ның  Президентіне 
жеткілікті  өкілеттік  беру  қажеттігі  пісіп  жетілді.  Мұндай  өкілеттіктер 
республика  парламенті  1991  ж.  20  қарашада  қабылдаған  Қазақ  КСР-ның 
«Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару қүрылымын жетілдіру 
және  Қазақ  КСР  Конституциясына  (Негізгі  заңына)  өзгерістер  мен 
қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. 
1991  ж.  1  желтоқсанда  Қазақстан  тарихында  тұңғыш  рет  республика 
Президентін  бүкілхалықтық  сайлау  болып  өтті.  Халықтың  демократиялық 
жолмен  өз  еркін  білдіруі  арқасында  Н.Ә.  Назарбаев  Президент  болып 
сайланды.  Республикада  көптеген  өзгерістер  жасалды:  прокуратура, 
мемлекеттік  қауіпсіздік,  ішкі  істер,  әділет,  сот  органдары  қайта  құрылды; 
Қазақстанның 
мемлекеттік 
қорғаныс 
комитеті 
ұйымдастырылды; 
Президенттің  одаққа  бағынатын  кәсіпорындар  мен  ұйымдарды  Қазақ  КСР-і 
үкіметінің  қарамағына  беру  туралы,  республиканың  сыртқы  экономикалық 
қызметінің  дербестігін  қамтамасыз  ету  туралы,  Қазақстанда  алтын  запасы 
мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2 қазанда қазақ 
жерінде  Байқоңыр  ғарыш  алаңы  40  жыл  өмір  сүргенде  тұңғыш  рет  одан 
ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты. 
1991  ж.  10  желтоқсанда  Қазақ  КСР-ы  атауы  Қазақстан  Республикасы 
болып өзгертілді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет