1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның демографиялық жағдайы



Pdf көрінісі
бет45/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

6. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның демографиялық жағдайы. 
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мемлекетіндегі ең басты әлеуметтік 
құндылықтардың  бірі  –  тарихи  тағдыр  бастарын  біріктірген  түрлі  ұлт 
өкілдерінің  татулығы  мен  ымыраластығы  өзінің  құнын  жоя  қойған  жоқ. 
Дегенмен  1999  жылғы  халық  санағының  деректері  бойынша  Қазақстан 
мемлекетінің  тұрғындары  саны  14  млн.  953  мың  100  адамға  азайды.  Бұл 
кезеңдегі  басты  ерекшелік  жергілікті  ұлт  өкілі  қазақтың  саны  осы  он  жыл 
аралығында  122,9%-ға  артқан.  Жекелеген  ұлттарға  талдау  жасасақ  мынадай 
мәліметтерді  келтіре  аламыз.  Атап  айтқанда,  осы  он  жылдықта  орыс  ұлтының 
саны  37,4%-дан  30%-ға,  украин  ұлты  5,4%-дан  3,7%-ға,  немістер  5,8%-дан 
2,4%-ға,  татарлар  2%-дан  1,7%-ға  азайған.  Бұл  әлеуметтік  құбылыстың  басты 
себептері  КСРО  империясының  күйреуіне  байланысты  азаматтардың 
санасындағы  психологиялық  және  әлеуметтік  сілкіністер,  тәуелсіздік 
жылдарының алғашқы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың етек 
жаюы және осыған байланысты миграциялық үдерістердің артуы деп санаймыз. 
Қазақстандағы  халық  саны  2009  жылғы  халық  санағының  қорытындысын 
есептегенде 1 қазанда 16 372, 4 мың адамды құрады. 2010 жылдың 1 қазанында 
2009  жылғы  халық  санағының  қорытындыларын  біржолата  аяқтағанда  халық 
саны  16372,4  мың  адамға  жетті.  Ресми  органның  мәліметіне  сүйенсек,  2009 
жылғы  санақтың  қорытындысы  бойынша  қазақтардың  үлесі  63,1  пайызды 
құраған. Аталған санақ қорытындысы бойынша еліміздегі қала тұрғындарының 
үлесі - 54,1 пайызды, ауыл халқы - 45,9 пайызды құрап отыр. Кейінгі жылдары 
Қазақстандағы  ауыл  тұрғындарының  саны  артып  отыр,  ал  қалалық 
жұртшылықтың үлесінің өсу деңгейі елеулі деңгейде емес. Атап айтқанда, қала 
халқының  саны  8  662  400  адамды,  ауылдық жердің  халқы  -  7  347  200  адамды 
құрады.  «Ауылды  елді  мекеннің  халқы  821,7  мың  адамға  (12,6  пайызға),  ал 
қалалықтар 206,6 мың адамға (2,4 пайызға) өсті». 
Бүгінгі  күнде  Қазақстан  халық  саны  бойынша  72-ші  орында.  1  км²  жерге 
орташа  септеу  бойынша  7  келеді.  (184-е  место  в  списке  стран  по  плотности 
населения). 
2018  жылғы  мәліметтер  бойынша  қазақтар  67,5  пайызды,  орыстар  19,76 
пайызды,  өзбектер  3,18  пайызы,  украиндар  1,53  пайызды,  ұйғырлар  1,46 
пайызды, татарлар 1,11 пайызды құрайды. 
Тәуелсіздік  жылдарында  1  миллион  қандасымыз  қайта  оралды.  Оның  өзі  – 
үлкен  жақсылық.  Себебі,  қазіргі  жаһандық  жағдайда  ұлтының  ұлт  болып 
сақталуы үшін көп мәселені ескеу қажет. Соның ішінде халық саны өсуі керек. 
Ал,  халық  негізі  екі  түрлі  жолмен  көбейеді.  Біріншіден,  жергілікті  жұрттың 
табиғи  өсіміне  жағдай  жасап,  мемлекет  тарапынан  қамқорлықты  әлде  болса 
жақсартып,  күшейте  түсу  қажет.  Екіншіден,  шет  мемлекеттерде  шашырап 


жүрген  қазақтардың  елімізге  келуіне,  тұрақтанып  тұрып  кетулері  үшін 
көрсетілетін  көмектерді  нақтылау  және  қадағалау  қажет.  Сондай-ақ,  оларды 
ортаға  бейімдеу,  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мәселелері  мемлекеттік  деңгейде 
жете  бақылануы  тиіс.   Қазақстан  Республикасының  Конституциясында 
көрсетілгендей  еліміздің  басты  байлығы  –  халық  екені  баршаға  мәлім. 
Сондықтан,  еліміз  болашақта  әлемдік  қауымдастықтағы  өркениетті  елдердің 
қатарынан қалмай нық және мығым тұруы үшін халқымыздың саны өсуі керек. 
Қазіргі  сәтте  елімізде  130-дан  астам  ұлт  өкілдері  бір  атаның  баласындай 
ашық  аспан  аясында  ынтымақ  пен  бірлікте  өмір  сүріп  жатқандығы  даналық 
сөзімізге  айғақ  болып  тұрғандай-ақ.  Еліміздің  тыныштығына  сызат  түсірмеуді 
мақсат  еткен  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  осыдан  25  жыл  бұрын 
Қазақстан халқы Ассамблеясын құрды. Жұдырықтай жұмылған ел ғана жарқын 
болашаққа  батыл  қадам  басады  демекші,  сол  күннен  бастап,  халықтар 
арасындағы  келісім  мен  толеранттылықты  нығайтуға  барша  ұлт  өкілдері 
жұдырықтай  жұмылып,  бір  кісідей  елімізді  дамыту  мақсатында  орасан  зор 
қызмет атқара бастады. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  Н.Ә. Назарбаев 
1992  жылы  Тәуелсіздіктің  бірінші  жылдығына  арналған  Қазақстан 
халықтарының  форумында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құрылуын 
жариялаған  болатын.  1995  жылғы  1  наурызда  мемлекет  басшысы  жанындағы 
консультативтік-кеңесші  орган  ретінде  Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру 
туралы  жарлығы  шықты.  Өз  тарихында  ассамблея  аталған  мәртебеден 
қоғамдық-саяси мәртебеге ие конституциялық органға дейін өсті. 
2007  жылы  21  мамыр  айында  Қазақстан  Республикасы  Конституциясына 
айтарлықтай  өзгерістер  енгізілді,  бұдан  кейінгі  жылдардан  бастап  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясына  конституциялық  мәртебе  берілді,  соның  нәтижесінде 
Ассамблея  Қазақстан  Республикасының  Парламенті  Мәжілісіне  тоғыз  депутат 
сайлау  құқығына  ие  болды.  Осы  арқылы  Ассамблеяның  қоғамдық-саяси  рөлі 
айтарлықтай  артты.  2008  жылғы  20  қаңтарда  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев 
«Қазақстан  халқы  Ассамблеясы»  туралы  заңға  қол  қойды.  Сөйтіп,  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  еліміздің  саяси  жүйесінің  толыққанды  бөлігіне  айналды. 
Қазақ  даласына  тоталитарлық  тәртіп  жылдары  әр  қилы  саясатпен  жер 
аударылып  келген  диаспоралардың  ұрпақтары  Қазақстан  Республикасының 
азаматтары  ретінде  Қазақстандық  бірегейлікті  сақтауға,  мемлекеттік  ұлттық 
саясаты  әзірлеуге  және  жүзеге  асыруға,  елдегі  қоғамдық-саяси  тұрақтылықты 
қамтамасыз етуге күш салды. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылығына байланысты бір ерекшелік 
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi – Елбасы бұл органды өмiр 
бойы  басқару  құқығына  ие.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  –  Қазақстан 
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жеке бастамасымен 
құрылған,  ең  негізгі  міндеті  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру,  мемлекет  және 
азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара 
іс-қимылының тиімділігін арттыру бағытында жасақталған мекеме. 
Ассамблеяның  басты  мақсаты  Қазақстандағы  барлық  этностардың  рухани 
тұрғыда  қайта  жанғыруы  мен  дамуын  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай, 


өркениеттік  және  демократиялық  ұстанымдарға,  мемлекеттік  ұлттық  саясатта 
барлық  этностардың  мүддесіне  деген  құрметке  негізделген  ұлтаралық  қарым-
қатынас  мәдениетін  қалыптастыру  болып  табылады.  Себебі,  сол  кездегі 
посткеңестік  елдердің  барлығында  дерлік  ұлтаралық  ынтымақ,  бірлік, 
татулықты  сақтау  мәселесі  басым  болды.  Бүгінгі  күні  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  еліміздегі  әрбір  ұлт  өкілдерінің  мүддесін  қорғайтын  қоғамдық 
бірлестік  болып  табылады,  сондай-ақ  полиэтносты  Қазақстан  халқын 
топтастырушы  институт  ретінде  де  қалыптасты.  Ассамблея  Қазақстан 
азаматтарын  отансүйгіштікке,  бауырмашылдыққа  тәрбиелеуге,  халықтар 
арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз зор үлес-еңбегін қосып 
келеді.  Және  жастардың  патриоттық  сезімін  оятып,  Қазақстан  халқының 
азаматтық  және  рухани-мәдени  саласын  одан  әрі  дамытуға,  бәсекеге  қабілетті 
ұлтты  қалыптастыру  процесінде  республикадағы  этносаралық  келісімді 
қамтамасыз ету – бұл мекеменің басты саясаты болып саналады. 
Ассамблеяның  негізгі  міндеті  –  диаспорааралық  келісімді  және  әр  ұлтқа 
толеранттылықты  одан  әрі  нығайту  үшін  қолайлы  жағдай  жасау,  ел  бірлігін 
нығайту,  қазақ  ұлтының  дәстүрі  мен  тілін  дәріптей  отырып  диаспоралардың 
мәдениетінің  сақталуына  жағдай  жасау,  қоғамдық  келісімді  қолдау  және 
дамыту. Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға 
экстремизм  мен  радикализм  көріністеріне  қарсы  әрекет  етуге,  азаматтардың 
демократия 
нормаларына 
негізделген 
саяси-құқықтық 
мәдениетін 
қалыптастыруға көмек көрсетеді.  
Ассамблея  сессиясы  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  – 
Елбасының  белгілеуі  бойынша,  қажеттілікке  қарай,  жылына  кемінде  бір  рет 
шақырылады.  Ассамблеяның  және  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар 
қалалардың  және  астана  ассамблеяларының  құрамы  Қазақстан  Республикасы 
азаматтарын,  этномәдени  және  өзге  де  қоғамдық  бірлестік  өкілдерін, 
мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар 
тұлғаларды  қамтиды. Қазіргі  уақытта  Ассамблея  жалпы  құрамында  394  мүше 
бар.  Ассамблеяның  басты  ерекшеліктерінің  бірі  оның  еліміздің  жоғары  заң 
шығару  органында  –  Парламентте  этникалық  топтардан  депутаттар 
тағайындалатынын жоғарыда айтылды. Біздің елімізде өзге ұлт өкілдерінің діні 
мен  салт-дәстүрін  жаңғыртуға  барынша  жағдай  жасалған.  Ассамблея  қызметі 
арқасында  Қазақстанның этносаралық  қатынастар  мәселелерін  тиімді  шешетін 
ел  ретіндегі  халықаралық  беделін  арттыруға  ықпал  етті.  Сонымен  қатар 
Ассамблея  этносаралық  қатынастар  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  жүзеге 
асырушы құралға айналды. 
2019  жылы  29  сәуірде  Нұр-Сұлтанда  Елбасы  Н.Ә  Назарбаевтың 
төрағалығымен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  XXVII  сессиясы  өтілді. 
Маңызды  оқиғаға  республиканың  түкпір-түкпірлерінен  1300  делегат  жиналды. 
Ал  жалпы  сессия  жұмысына  1500  адам  қатысты.  Олардың  ішінде  Ассамблея 
мүшелері  мен  ардагерлері,  этномәдени  бірлестіктердің  төрағалары,  парламент 
депутаттары,  саяси  партиялар,  діне  бірлестіктер,  орталық  атқарушы  органдар, 
ҮЕҰ  басшылары  қатысты.  «Бейбітшілік  пен  Келісім  формуласы:  бірлік  және 


жаңғыру»  тақырыбы  арқау  етті.  Сессияның  соңы  әртүрлі  ұлттармен 
этностардың өнер көрсетуімен ұласты. 
Қазіргі  уақытта,  бұл  бастаманы  Елбасы  өзінің  көрегендігі  және 
сабырлығымен халқының болашағына жасаған қамқорлығы деп айтуға болады. 
Сонымен  қатар,  бұл  екінші  жағынан  Қазақстан  халқы  Елбасымен  бірге 
сеніммен  жасалған  тарихи  шешім  болып  табылады.  Тәуелсіздік  алысымен 
мемлекеттің  саяси  бағытын-ұлтаралық  келісім  мен  татулықты  сақтауға 
негізделген  Елбасының  сындарлы  саясатына  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының 
қолдау  білдіруінің  арқасында  әлем  жұртшылығына  кең  танымал  тұғырлы 
мемлекетке  айналдық.  Қоғамдық  бірлікті  ту  етіп  ұстау  арқылы  ғана  біз 
алдымызға  болашағы  күшті,  өркендеп,  дамыған  Қазақстан  елі  туралы  ұлы 
мақсаттар қоя аламыз және сол мақсаттарға жетуге кәміл сенеміз.  
Ассамблея  -  татулықтың  тұтқасы.  Қоғамның  бірлігі  мен  ұлтаралық 
келісімнің діңгегіне айналды. Мәселен қазіргі таңда этномәдени бірлестіктердің 
өзінің  саны  өсуде,  олардың  саны  800-ден  асады,  оның  ішінде  28-і 
республикалық. 
Сонымен 
қатар 
15 
тілде 
газет-журнал, 

тілде 
радиобағдарламалар,  7  тілде  телебағдарлмалар  шығады.  Білім  беру  толықтай 
өзбек,  тәжік,  ұйғыр,  және  украин  тілдерінде  жүргізілетін  88  мектеп  жұмыс 
істеуде. Жыл сайынғы мерекелер: Наурыз, Сабантой, Масленица ортақ дәстүрге 
айналды.  Қоғамның  бекем  бірлігінің  арқасында  халықаралық  саясаткерлердің 
30 жыл бұрынғы болжамдары жоққа шығарылды. Елбасы XXVII сессиясында: 
«Ең бастысы - бірлік пен тұрақтылық – саясаттың негізгі ұстанымы»деп айтқан 
болатын.  Халқын  ұлтқа,  ұлысқа  бөлмейтін  мемлекет  бар.  Ол  –  Қазақстан. 
Бәріне  мүмкіндік  теңдей.  Нәтижесінде,  қазақстандықтар  татулықтың  тал 
бесігінде тербеліп жатыр.  
Ассамблея – татулыққа бастар төте жол. Ассамблеяның жәрдемімен ұлттық 
диаспоралар  өздерінің  тарихи  отандарымен  байланыстарын  қалпына  келтіре 
бастады.  Мысалы,  қазір  «Қазақстан-Украина»  достық  қоғамы  белсенді  жұмыс 
істеп 
келеді. 
Қырғызстан 
халықтарының 
ассамблеясымен 
іскерлік 
байланыстары  да  жолға  қойылды.  Одан  басқа  «Қазақстан-Ресей»  қоғамы 
құрылу  үстінде.  Аталмыш  қоғамдар  көрші  мемлекеттер  мен  халықтар 
арасындағы  достық  ынтымақтығымыздың  ұйтқысы  болып  отыр.  Қазақстан 
халықы  Ассамблеясының  мүшелері  әртүрлі  ұлт  өкілдерінің  мүдделерін  көтеру 
мақсатында қоғамдық, әлеуметтік-мәдени өмірге белсенді араласуда.  
Біздің елдегі бірлік пен қоғамдық келісімнің бастауы - Қазақстан халқының 
ортақ  тарихы.  Ғасырлар  бойы  тағдыр  тауқыметіне  ұшыраған  халықтарды 
құшағына сыйдыра білген қасиетті Ұлы Дала көптеген ұлыс пен ұлттың құтты 
қонысына айнала білді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет