1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет47/68
Дата18.01.2022
өлшемі4,71 Mb.
#24093
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
Тарих лекциялар

Қосымша әдебиет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


11 – ЛЕКЦИЯ 
 
 РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ДАМУДЫҢ 
КЕЛЕШЕГІ 
 
1. Қазақстандағы  саяси  ұйымдар  мен  қоғамдық  қозғалыстардың  дамуының 
негізгі кезеңдері.  
2. «Нұр Отан» партиясының халық жағдайын жақсарту, «Қазақстан-2050» 
стратегиясының мақсаттарына қол жеткізудегі рөлі. 
3. Қазақстан  Республикасының  ақпараттық  саясаты.  Бұқаралық-ақпарат 
құралдарының дамуы. 
4.  Қазақстан Республикасының жастар саясаты және рухани жаңғыру 
жолдары  
5.  Қазақстандағы жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы және 
Қазақстандағы конфессияаралық келісім. 
 
1. Қазақстандағы  саяси  ұйымдар  мен  қоғамдық  қозғалыстардың 
дамуының негізгі кезеңдері.  
 
Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Тәуілсіздік  алуы  нәтижесінде 
демократиялық  принциптер  негізінде  қызмет  жасайтын  көптеген  саяси 
партиялардың,  қозғалыстардың,  бірлестіктердің  құрылуына  және  олардың 
дамуына  жол  ашты.  Жаңадан  құрылған  бірлестіктер  және  саяси  партиялар 
халықтық  әр  түрлі  әлеуметтік  топтарының  мүдделері  мен  құқықтарын  қорғап, 
сонымен қатар экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында қызмет жасады.  
Көппартиялық  жүйеге  өтумен  республика  халықтарының  мақсат-
мүдделерін,  талап-тілектерін  жүзеге  асыру  жолында  қызмет  жасаған  саяси 
партиялар қалыптасты.  
1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет 
істеп тұрды. 
1991  жылы  тамыз  айында  Мәскеуде  мемлекеттік  төңкеріс  жасау  әрекеті 
болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мұның 
өзі  партияның,  оның  басшы  органдарының  беделін  түсірді.  Бұл  жағдай 
Қазақстан  Компартиясының  жұмысына  теріс  әсерін  тигізді.  Сөйтіп,  1991 
жылғы қыркүйек айында өткен республика Компартиясының төтенше съезінде 
оның  қызметі  тоқтатылды.  Өзін  Компартияның  ісін  жалғастырушымыз  деп 
санайтын  Қазақстан  социалистік  партиясы  құрылды.  Оның  құрамында  сол 
кезде  50-60  мың  мүшесі  болды.  1992  жылы  наурызда  Қазақстан  социалистік 
партиясының кезекті съезі өтті.  
1991  жылы  қазанда  жетекшілері  О.  Сүлейменов  пен  М.  Шаханов  болған 
Қазақстан  Халық  Конгресі  партиясы  құрылды.  Сондай-ақ,  бірқатар 
коммунистер бұрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан 
қалпына келтіруге әрекет жасады. 
 Барлық  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  қозғалыстардың  алдында  тек 
демократиялық  жолмен,  Конституция  талабына  сай  қызмет  ету  мақсаты 


қойылды.  Олар  парламенттік  партияларға  айналу,  сайлаушылардың  көп 
дауысына  ие  болу  үшін  күрес  жүргізді.  Бұл  саяси  партиялар  мен  қоғамдық 
қозғалыстар  тек  құқықтық  жағдайда  өзара  түсінісу,  келісу  арқылы  байланыс 
жасап отыруға тырысты.  
Қайта  құру  жағдайында  Қазақстанның  қоғамдық ұйымдарында  да  сапалық 
жаңа  өзгерістер  іске  асты.  1991  жылы  қазан  айында  Қазақстан  комсомолының 
кезектен  тыс  ХҮІІІ  съезі  болып  өтті.  Съезд  делегаттары  республика 
комсомолын  Қазақстанның  жастар  одағына  ауыстыру  жөнінде  шешім 
қабылдады. Оның алдында республика жастарының құқықтары мен мүдделерін 
қорғау міндеті қойылды.  
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш ұйымдарының рөлін 
көтеруге  ерекше  мән  берілді.  Олар  өздерінің  мұшелерінен  жиналған 
қаржыларды  ұйым  қажетіне  жұмсауға  толық  ерік  алды.  Қазақстан  Орталық 
кәсіподақ  комитеті  және  облыстық  кәсіподақ  комитеттері  салалы  кәсіподақ 
Кеңестері  болып  қайтадан  құрылды.  Соңғы  жылдардағы  кәсіподақ 
ұйымдарының негізгі қол жеткен табысы – ол әр түрлі саяси және мемлекеттік 
ұйымдардан  тәуелсіздік  алды.  Бұқара  халықтың  мүддесін  қорғауда  олар 
көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік және шаруашылық 
органдарымен  тең  дәрежеде  келісе  отырып  шеше  алатын  жағдайға  қолдарын 
жеткізді.  
Сондай-ақ  бұл  жылдары  әйелдер  кеңесіне  балама  ұйымдар  әдеттен  тыс 
төменнен  пайда  болды.  Солдат  аналарының  комитеті,  Қазақстан  мұсылман 
әйелдерінің  лигасы,  көп  балалы  аналар,  жанұялар  одағы,  “Айша”,  “Ақ  отау” 
және Іскер әйелдер қауымдастығы  құрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы 
барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жұмыс істеді.  
1990  жылдары  қоғамдық-саяси  қозғалыстардың  ішінен  «Азат»  (1990  ж.  1 
шілде),  «Поколение»  (1992  ж.  24  қараша),  «Лад»  (1993  ж.  мамыр),  «Азамат» 
азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерекшеленді.  
Қазақстанда  қоғамдық  бірлестіктердің  қалыптасуының  келесі  кезеңінде 
Қазақстанның  либералдық  қозғалысы  (1997  ж.  мамыр),  «Қазақстанның 
болашағы  үшін»  (1998  ж.  ақпан)  жастар  қозғалысы,  «Қазақстан  –  2030  үшін» 
(1998  ж.  6  қазан)  қоғамдық  қозғалысы,  «Өрлеу»  (1998),  «Ақ  жол»  қоғамдық 
қозғалыстары  (1998),  Қазақстанның  демократиялық  таңдауы  қоғамдық 
бірлестігі (2002), т.б. құрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық 
қоғамдық  бірлестік  ҚР  Әділет  министрлігінде  тіркелді.  1998  ж.  олардың  саны 
1500-ден  асты,  ал  2001  жылдың  аяғына  қарай  елде  1700-ден  астам  ресми 
тіркеуден  өткен  қоғамдық  бірлестік  қызмет  жасады.  Қазақстан  Республикасы 
тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның 
социал-демократиялық  партиясы  (1990  ж.  26  мамыр),  Қазақстанның 
социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы 
(1991  ж.  5  қазан),  Қазақстанның  республикалық  («Азат»)  партиясы  (1991  ж.  4 
қыркүйек,  1999  ж.  29  мамырда  «Алаш»  ұлттық  партиясы  болып  өзгерді), 
Қазақстан  коммунистік  партиясы  (1991  ж.  қазан),  Қазақстан  халық  бірлігі 
партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 
ж.  15  желтоқсан),  Қазақстан  дәуірлеу  партиясы  (1995  ж.  27  қаңтар), 


Қазақстанның  демократиялық  партиясы  (1995  ж.  1  шілде),  Республикалық 
еңбек  саяси  партиясы  (1995  ж.  18  қыркүйек),  т.б.  құрылды.  Көппартиялықты 
құқықтық  жағынан  реттеу  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  5 
бабында,  сондай-ақ,  Қазақстан  Республикасының  «Қоғамдық  бірлестіктер 
туралы»  (31.5.1996)  және  «Саяси  партиялар  туралы»  (2.7.1996)  Заңдарында 
қамтамасыз  етілді.  Қазақстанның  көппартиялық  жүйе  дамуының  келесі 
кезеңінде  Қазақстанның  азаматтық  партиясы  (1998  ж.  17  қараша),  Қазақстан 
республикалық  халықтық  партиясы  (1998  ж.  17  желтоқсан),  Қазақстанның 
аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық  «Отан» партиясы (1999 
ж.  19  қаңтар),  «Азамат»  демократиялық  партиясы  (1999  ж.  27  наурыз), 
Қазақстан  әйелдерінің  демократиялық  паартиясы  (1999  ж.  21  маусым), 
Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды.  
«Саяси  партиялар  туралы»  Заңға  2002  ж.  өзгертулер  енгізілуіне 
байланысты,  2003  ж.  Қазақстанның  азаматтық  партиясы,  Қазақстанның 
аграрлық  партиясы,  Қазақстанның  «Ақ  жол»  демократиялық  партиясы, 
Қазақстан  коммунистік  партиясы,  Республикалық  «Отан»  саяси  партиясы, 
Қазақстан  патриоттарының  партиясы,  Қазақстан  социал-демократиялық 
«Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті. 
Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігінің  мәлімдемесіне  сәйкес, 
бүгінгі  таңда  Қазақстанда  7  саяси  партиялар  тіркелген,  олардың  қатарында- 
«Нұр  Отан»,  «Ақжол»  демократиялық  партиясы,  Қазақстан  коммунистік 
партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Ауыл» халықтық демократилық партиясы, 
«Қазақстанның социал- демократиялық партиясы» және «Азат» демократиялық 
партиясы.  
Қазақстан  Республикасы  1991  жылы  өз  тәуелсіздігін  алғаннан  бастап  осы 
күнге  дейін  демократияландыру  үдерісін    жүргізіп  келеді:  демократиялық 
дамыған  мемлекеттерге  сай,  Конституция  қабылданып,  биліктің  үш  тармағы 
орнатылды,  сөз  бостандығы  жарияланды,  цензураға  тиым  салынды,  жалпыға 
бірдей сайлау құқығы енгізілді.  
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет