102
V
БӨ
ЛІМ
11. Оқыңыз.
ПРАГМАТИК ТҰЛҒА ҚАНДАЙ БОЛУЫ КЕРЕК?
Сананы өзгертудің бір жолы – прагматикалық ойлау.
Яғни, кез келген істе белгілі бір мақсатқа жетуді көздеу
және мақсатқа жету жолында барлық мүмкіндіктерді
пайдала отырып, қандай да бір пайдалы нәтиже
шығару. Шынайы прагматик адам асып таспайды.
Қолда барын оңды-солды құр шашып, күн көрмейді.
Керсінше, қолында бар қаржысы мен мүмкіндігін
пайдалы істерге жұмсайды.
Мәселен, жастардың арасында шектен тыс мақтанқұмарлықты, кердең мінез, келіссіз
істерді байқаймыз. Қарапайым ғана, қазақтың тойының өзінде ысырапшылдыққа көп
жол береміз. Өзін прагматик санайтын тұлға ондай шектен тыс әуесқойлыққа бармайды.
Дәстүрдің де, сананың да тозығы осы емес пе?! Бұдан арылатын сәт келді. Бұл мәселе жай-
лы Елбасы Н. Назарбаев: «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-сал-
танат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік
пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді», - дейді.
Прагматик тұлға үйренуден жалықпайды, зейін-түйсігін тәрбиелеумен болады.
Кез келген істі ақылға салып, ұтымды жолын ойластырады. Қолда бар ресурсты жұмсау-
да минимализм мен табыс тауып жетістікке жетуде максимализм қатар көрініс табатын
тұлға шынайы прагматик десек болады. Экономика мен нарық көрсеткіші тәрбиелеген
келешек тұлғаның барлығы прагматик боларына сенімдіміз.
М. Ақан
Massaget.kz
Достарыңызбен бөлісу: