2. Жаһандану жайлы саясаткер Ә. Қосановтың пікірімен танысыңыз. Өз басым жаһандану апат не апокалипсис емес, ол – заман өзі беріп отырған орасан
зор, бұрын-соңды болмаған мүмкіндік деп санаймын. Тек ол мүмкіндіктерді оңтайлы
пайдалануымыз керек.
Әрине, «заманың түлкі болса, тазы боп шал», нарық заңдары мен жаңа кезең талаптары
қазақ әдебиетіне мүлдем әсер еткен жоқ деп айта алмаймыз. Өкінішке қарай, коммерциялану
кезеңінен біздің әдебиет пен мәдениет орасан зор, орны толмас шығындарға ұшырап, хал
үстіндегі жағдайда шығып отыр. Оның өзі кітаптардың, қала берді оқырманның, қоғамның
тұрпайылануына алып келді.
Жаһанданудың бір шарты – цифрландыру екені мәлім. Бүгінде ұлы қарама-қайшылықты
көріп отырмыз: интеллектіні, миды, рационалды ойды цифрландыруға болатын шығар. Ал
мың құбылған көңіл-күйді, алабұртқан сезімді қалай цифрлық жүйеге түсіресің?
bairaq.kz